Телефон қолдану мәдениеті: АҚШ және Қазақстан

Телефон қолдану мәдениеті: АҚШ және Қазақстан

 Кеше бір танысым жиырма шақты күнге Америкаға бара жатқанын айтты. "Роумингке қосылған дұрыс па?" деп жатыр. Айналамдағылар өзім тәрізді "үнемшілдер". Сондықтан "роумингке жолама!" дедім.

Шетелге ұзақ уақытқа тұруға барған адамда әдетте осындай бірнеше "дежурный" сұрақтар туындайды. Соның бірі "Бәленбай елге барғанда қандай оператор/телефон қолданайын?" деген сауал. Мұндай сауалға жауап бермес бұрын әрбір елдің ерекшеліктеріне назар аудару керек.
КОНСЮМЕРИЗМ
Америкада консюмеризм (ағыл. "consume" тұтыну) өте қатты дамыған. Адамдарды ақша жұмсауға, қажетсіз көрінген заттың өзін сатып алудың қажеттілігін көрсету тәсілдері жақсы дамыған.

Америкада телефон сатып алмайсың, мобильді оператордың қызметін сатып аласың. Компаниямен екі жылға келісімге отырасың. Сосын симкасы қондырылған телефон моделін арзан бағаға береді. Екі жылдан кейін телефонның жаңа моделі шықса, жаңартып береді. Тегін. Бір қарағанда бәрі жақсы. Бірақ тарифтері сұмдық. Айына елу долллар төлейтінін көрдім. Бірақ айына елу емес, жетпіс немесе одан да көп доллар төлеуге дайын болу керек. Чек келгенде, әртүрлі салықтар мен алымдарды қосып сосын барып бағаны көріп, біраз есеңгірейсіз. Сіз айына 50 долларға сөйлесемін деп келісесіз, бірақ одан асып кетсе, сізге білінбей комиссиясы жүріп жатады. Қарызға өмір сүруге үйренгендер үшін бұл қалыпты жағдай.

Қазақстанда жағдай сәл басқаша. Бізде әлі күнге дейін төлем жасап барып сөйлесу - кең қолданыста. Әрі байланыс құны да арзандау. Сосын әртүрлі салықтарды жасырып қою деген түсінік жоқ. Тек соңғы кездері коммиссия әртүрлі болатынын байқап жүрмін. Мысалы, Tele2 симкасын 500 теңгеге кез-келген бұрыштан сатып алып қолданатындар бар. Ақшасы біткен соң басқасын алады. Себебі симкада тура сол 500 теңге болатынын нақты біледі.
УАҚЫТ
Америкада қандай байланыс түріне қосылсаңыз (Verizon, AT&T, Sprint, etc) адамдардың телефон қолдану дағдылары соған орай өзгеріп отырады. Біреуінде text message, voice message тегін немесе арзан. Соған орай осы мобильді оператор қолданушылары көбінесе texter or caller болады. Мәселен, біз тұрған шағын қалада адамдар voice message қолданатын. Яғни, біреуге хабарласқан кезде тұтқасын көтермей жатса, оған дауыстық хабарлама қалдырасың. Себебі Америкада "уақыт - ақша". Өзгенің уақытын құрметтеу керек. Адамды негізгі ісінен бөгеуге болмайды деген түсінік бар. Екі жылда осы voice message-ге қатты үйреніп қалыппын. Бір жағынан бұл маған ағылшынша pronunciation-ды түзетуге стимул болды. Себебі дауыстық хабарлама қалдырғанда ойыңды жинақтап, түсінікті айтпасаң, адамың түсінбей қалады.
Бір жағынан бұл маған ағылшынша pronunciation-ды түзетуге стимул болды. Себебі дауыстық хабарлама қалдырғанда ойыңды жинақтап, түсінікті айтпасаң, адамың түсінбей қалады.

Қазақстанға келгенде екі жыл бойы симкам жұмыс істемеген соң, істемей тұрды. Біраз уақыт Tele2-ні қолдандым. Қабылданбай қалған қоңыраулар жөнінде хабарламалар келетін. Сосын соның қасында дауыстық хабарлама болатын. Жұрт маған "дауыстық хабарлама" қалдырды ма екен деп басында тексеріп отыратынмын. Сөйтсем, ешкім (!!!) дауыстық хабарлама қалдырмайды. Қазақстанда адамдар сенің дәл қазір жауап бергеніңді, әрі сенің дауысыңды естігеніңді қалайды. Сосын sms жолдағанды құп көреді. Біз соған қарағанда "voice message" дәуірінен секіріп өтіп кеттік. Африка елдері сымды телефон қолданбай бірден сымсыз телефонға көшкені тәрізді Қазақстан voice message-ден секіріп өтіпті.
БЕЙІМДЕЛУ
Америкада телефон нөміріне қарап, шамамен қай штатта тіркелгенін біле аласыз. Мәселен, нөмірім 307-ден басталса, Wyoming штаты деген сөз. Америкаға алғаш барғанда қандай телефон алсам екен деген ой мені де мазалады. Тұратын қаламызда адам аз болғандықтан (35 мыңның маңайы) жұрттың көбі телефонды көп қолданбайтын болып шықты. Содан tracfone дегенді таптым. Телефонның өзі $ 15, сосын сөйлескің келгеніңше минуттарын сатып аласың. Нәтижесінде телефонға ай сайын $ 20 төлеп отырдым.

Қазақстанда әрбір өңірдің ерекшелігі бар. Бірақ мобилді операторлар бұны ескермейтін тәрізді. Сонымен қатар Қазақстанда тұратын негізгі тұтынушылардың мәдениетін зерттемейтіні қызық. Мәселен, біздер үшін жазда той болады. Той қарсаңыда сөзсіз телефонмен көп сөйлесесің, ақылдасасың. Бізде телефон бизнес құралынан гөрі, туыстық қарым-қатынасты сақтау құралы деген гипотезам бар. Еліміздегі операторлар осыған екпін түсірсе дейсің. Себебі жарнамаларында көбінесі "еуропаның иісі" шығады. Индивдуализмнен хабар беретін өнім насихатталады.

p.s. Бір күні таңертең америкалық телефонымды таппай қалдым. Дүкенге барып телефонымды жоғалтып алғанымды айттым. Тура сондай нөмірмен, тура сондай телефонды қолыма ұстатты. Сөйтсем, жоғалттым деген телефоным үйілген қағаздарымның арасынан табылды. Телефонды қайта апарып өткіздім. Алғыстан басқа айтқандары болмады. Қызмет көрсетудің құны мен сапасы елімізде бірдей болса дейсің...

Асхат el.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста