Қазақстандағы жас отбасылардың тең жартысы отасқан алғашқы 1 жылда бала сүйе алмайды

Қазақстандағы жас отбасылардың тең жартысы отасқан алғашқы 1 жылда бала сүйе алмайды

Қазақстандағы жас отбасылардың тең жартысы отасқан алғашқы 1 жылда бала сүйе алмайды. Ал олардың ішінде 20 пайыздайында нақты аурулар анықталады екен. Дәрігерлер мұндай жағымсыз көрсеткішке азаматтардың өз денсаулығына деген немқұрайлы қарауы себеп деп отыр. Оның үстіне үйленер алдында дәрігерге қаралу былай тұрсын, қойылған диагнозбен келіспейтіндер де бар дейді. Әсіресе өзінің бала туғызу қабілетсіздігін мойындағысы келмейтін - еркектер екен.

Урологиялық сырқаттар салдарынан отбасының балалы бола алмау мәселесі әлем халқының бестен бірін мазалайды. Қазақстанда да осы деңгейде екен. Бұл көрсеткіш жыл санап өспесе де, кемімей отыр. Дәрігерлер мұндай жағдайда ерлі-зайыптылар жауапкершілікті тең бөлісуі керек дейді. Өйткені, көп жағдайда еркектер бала сүйе алмауына өзін кінәлі санағысы келмейді екен.

ЕРСАЙЫН ЖИЕНБАЕВ, Уролог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты:
- Қабілетсіздігін жиі мойындамайды. Өйткені бұл интимдік сұрақ. Оны көрінгенге айта бермейді, ұялады көбісі. Сондықтан кейбір мәселелер ұялмай, дер кезінде емделіп, қаралып тұрса көп мәселелерді шешуге болады. Еркектің бедеулігі дейді. 1 жыл отасқаннан кейін бала болмаса бедеулік дейді. Одан кейін қарала бастайды.

Дәрігерлердің айтуынша, отау құрған жас отбасылардың 50 пайызы алғашқы 1 жылда осындай проблемаға ұрынады. Ал, ауырғанда ғана дәрігерді іздейді делінген қарапайым жұрттың ойы қандай?

Мамандар, ер азаматтардың мұндай қылығын менталитеттен болуы мүмкін дейді. Тіпті, өз кінәсін мойындай алмай басқа әйелмен отау құратындардың көп екені де жасырын емес деп отыр. Психолог Лимана Қойшиева да бала көтере алмау мәселесімен жүгінетіндер жиілеп кеткенін айтады.

ЛИМАНА ҚОЙШИЕВА, Психолог:
- Келіншектер келіп, өздері жылап "сіз айтсаңыз мүмкін түсінер, астарлап айтыңыз, мүмкін түсіндірерсіз, сізге құлақ қояр" деген сияқты жайттармен жолдастарын алып келіп жатқан жағдайлар болды. Барымызша түсіндіреміз. + Құлақ тіпті аспайтындар болады. + Неге бірге жүріп емделмеске? Жасыратын, ұялатын ештеңесі жоқ ол жерде.

Өзекті болып отырған мәселе бойынша жиналған уролог-дәрігерлер еркек қабілетсіздігінің алдын алу жолдарын талқылады. Бұл жолы марал мүйізінің пайдасы туралы да әңгіме қозғады.

- Дәрігерлер кеңседе ұзақ отырып жұмыс істейтін азаматтарға белсенді спортпен шұғылдануға кеңес береді. Сарапшылардың пікірі ортақ - дені сау ұрпақ үшін отбасын құрмай тұрып денсаулығыңызды тексерткен абзал.

Бақытнұр Әлібай, Нұркен Тоқмурзин  

31.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста