Қарттар үйінде қауыз жарған махаббат (фото)

Қарттар үйінде қауыз жарған махаббат (фото)

Ақтөбе облысы Қобда ауданының тумасы Молдағали Қылышбаев пен Шалқар ауданында туып-өскен Людмила Ахметова Қарттар мен мүгедектер интернат үйіне 2012 жылы қоныстанған. Молдағали ата 64 жаста, Людмила әжей 63-ке келген. Биыл жұбы жарасқан қариялар заңды некеге тұрып, Астана қаласына барып демалып, достарымен кездесіп келді. Ел мақтанышы Бәйтерек, Хан шатырын көріп, Елорданың зәулім ғимараттарын тамашалады. Олардың ендігі арманы – денсаулықтарын нықтап, ем алу, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
Молдағали Қылышбаев төрт баланың әкесі. Үш қызы мен жалғыз ұлы бар. Қыздардың екеуі облыс орталығында, біреуі Атырау облысында тұрады. Бәрімен де телефон арқылы байланысып, кей кезде аман-саулығын біліп, үйлерінде қонақ болады.

«Адам өмірінің бәрі жақсы бола бермейді. Қиындықтар да кездеседі. Бірақ қиын деп қамығып, қайғыға салынуға болмас. Мен бірнеше мәрте үйленген адаммын. Әйелдеріме қол көтеріп, ұрып-соққан адам емеспін. Кетем деген адамды жанымда күштеп ұстамадым», - дейді ол өткенді еске алып.

М.Қылышбаевтың айтуынша, оны 2003 жылы өз үйінде белгісіз біреулер ұрып кеткен. Содан денсаулығына зақым келіп, бүгінде жүрек қалқаншасының қозғалысы бұзылған. Ендігі арманы – денсаулықты нықтау, дертіне шипа іздеу.

Ал Людмила Ахметова Шалқар ауданынан Ақтөбе қаласына 2007 жылы қоныс аударды. Балалары шетінеп, күйеуі өмірден озған соң апасы қалаға шақырды, «жанымда бол» деді. «Мен балажан адаммын. Өз балаларымның ғұмыры ұзақ болмады. Ең болмаса інімнің, апамның балаларын бауырыма басып, соларды тәрбиелеймін деп ойлағам. Бірақ ол арманым, тілегім құп болмады. Әркім өз қамын ойлап, соңында жалғыз қалдым», - деп күрсінеді Л.Ахметова.

Ол 37 жасында кран айдаушы мамандығын игерген. Кейін Атырау облысының Құлсары қаласына, Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласындағы өндіріс орындарында кран айдаушы болды. Тынымсыз еңбек етіп, елге қажетті мамандықты игерген Л.Ахметова бүгінгі күніне риза болғанымен, өз үйім, өз ошағым болса деп армандайды.

«Мен екі жыл бойы Тұрақты баспанасы жоқ адамдарды бейімдеу орталығында тұрып, сол жердегі қызметкерлер зейнетке шығуыма көмектесті. Апам өзіне шақырып, қайтадан сол үйге бардым. Кейін тағы кетуіме тура келіп, осы жерге орналастым»,- дейді ол.

Тағдырдың тепкісін көріп, мойымаған кейуананы Молдағали Қылышбаев көрді, жалғыз, ешкімге қосылмай жүрген жанды өзіне серік етті.

Молдағали мен Людмила 2015 жылдың қазан айында неке қидырды. Содан бері интернат үйінің басшылығы екеуіне бір бөлме берген. Бір-біріне сүйеу, қамқор болған қос қарияның «Астана қаласына барсам, Елорданы көрсем» деген армандары орындалды. Қаржы жинап, ел аралады.

«Астанадағы Бәйтерекке барып, қолымызды қойдық. Хан шатырды да аралап, қаланың зәулім ғимараттарын тамашалаған жайымыз бар. Бәрі керемет. Достарымыз күтіп алып, көрсетті, кейін бізді өздеріне шақырды»,- дейді М.Қылышбаев.

«Үйіміз болса, Астана қаласына қоныс аударсақ, денсаулығымызды түзеп алсақ» деген армандарды арқалаған олар енді тынбай еңбек етуге көшкен.

Демікпе дертіне шалдыққан Молдағали Қылышбаев бүгінде біз бен жіптен бір ажыраған емес. Ол аяқ киім жөндеудің қыр-сырын бала кезінен біледі. Қартайғанда бар білгені өміріне азық болып, қазір Қарттар мен мүгедектердің интернат үйіндегі шеберханада жұмыс істеп жүр. Бұл қарияның бір қыры, кәсібі ғана. Негізінен Молдағали ата 12 мамандықтың кәнігі шебері. Бұрын жүк көлігін жүргізіп, алыс жолға шыққан. Содан болар, қазір ТМД елдерінің түкпір-түкпірінде ескі таныстары бар. Жас кезін еске алғанда «мені бәрі таниды» дейді. Ал бүгінгі тірлігі – аяқ киім жөндеу.

«Шеберханаға қажетті арнайы бөлме берді. Осы жерге интернат үйінен, қала тұрғындарынан тапсырыс түседі. Еңбектенген адамға бұл жақсы жұмыс. Қолың май болып, көзің талғанымен, зейнеті мол. Оған қажетті материалдарды базардан сатып аламын. Ал құрал-жабдықтың бәрі өзімде бар», - дейді ол.

Шағын ғана бөлме ішінде бір емес, бірнеше тігін машинасы бар. Себебі, Молдағали ата шалбар қысқарту, түрлі киім тігуге машықтанған.

«Негізі бұл басқа түскен соң үйренген кәсібім шығар. Мен іс машинасын комбайн айдап жүргенде қолға ұстадым. Ол кезде жұмысшылардың киімін тігіп, ретке келтіретін едім», - дейді қария.

Түрлі техниканың маторын жөндеу, дәнекерлеу темір ұстасының меңгерген көп мамандығының бірі. Қазір ол ара, балға, ағаш жонитын құралды шеберханасына сатып алып жүр. Енді ағаштан қасық пен ожау, түрлі ыдыс-аяқ жасауға бекінген. «Өзім тазалықты сүйемін. Жағдайымды жұбайым жасайды. Мен алаңсыз еңбекке араластым»,- дейді ол.

«Біз сияқты жалғыз қалған қарттың баратын жері, панасы бар. Жағдайымыз қиын немесе жақсы деп айтуға болмайды. Өмір өзгереді, жақсылықтың соңынан жамандық күтіп тұруы мүмкін. Ал көп қиындықтың өз зейнеті болады. Тек ел іші тыныш болсын»,- деп тілегін жеткізді. М.Қылышбаев.
Алтынай САҒЫНДЫҚОВА, суреттер автордікі
 bnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста