Компьютерлік ойын өлімге соқтырды

Компьютерлік ойын өлімге соқтырды

Қашан да таяқтың екі ұшы болатыны белгілі. Дәл сол сияқты, компьютердің пайдасымен бірге зияны да бар. Пайдасы: үйіңізде отырып шалғай жерден әп сәтте хабар аласыз. Әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан жағдайдан жан жақты хабардар болып отырасыз. Жеті қат жер үстінде кез келген елдегі туған-туысыңызбен оп-оңай тілдесе аласыз. Іздеген нәрсенің бәрін ғаламтор арқылы осы компютерден табасыз. Бір сөзбен айтқанда тілегеніңіз іздемей-ақ алдыңыздан шығып тұрады.
Алайда компьютердің зияны да жетерлік. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, көк жәшікке көп телміру адам денсаулығына зиян. Ал бұғанасы қатпаған бала үшін оның зияны екі есе артық көрінеді. Мамандардың пайымдауынша, компьютер алдында табжылмай ұзақ отыру баланың ой-өрісінің дамуын тежейді, логикалық ойлау қабілетін төмендетеді, қан қысымын жоғарылатады, көздің көру қабілетін нашарлатады, қалыптасып үлгермеген арқа омыртқаның қисаюына әкеліп соқтырады. Ал арқа омыртқаның қисаюы өзге де аурулардың туындауына ықпал етеді. Сонымен қоса, компьютерлік ойындар баланың мінез-құлқының құбылмалы болуына әкеліп соқтырады, баланың жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Өйткені компьютерлік ойындардың басым көпшілігі атыс-шабыстан тұрады. Ондай ойындарды аса көп ойнаған бала белгілі бір уақытқа шынайы өмірден вертуальді өмірге ауысып кетеді. Ондай кезде бала не істеп, не қойғанын білмей қалады екен.
Мысалы, Ресейде 12 жасар бала әкесі қанше ескертсе де атыс-шабыс ойындар ойнап, компьютер алдынан тұрмай қояды. Қанша айтса да ескетуге құлақ аспаған соң әкесі ашуланып, сымдарды пышақпен кесіп, компьютерді желіден ажыратып тастайды да төр үйге барып демалып жатады. Әкесінің әрекетіне ызаланған бала компьютер столы үстінде қалған пышақты алады да, диванда шалқалай жатқан әкесінің жүрек тұсына қадайды. Ер адам сол жерде жан тәслім етеді.
Ал өткен жылы Америкада 18 жастағы Коди Метцкер-Мэдсен компьютердегі ойындарға еліткені соншалық, өзінің 5 жасар інісі Доминик Элкинсті гоблин (компьютер ойынындағы жауыз) деп ойлап, кірпішпен ұрғылап өлтіріп, суға батырып жіберген. Сот барысында Метцкер-Мэдсен өзі аса әуес болған компьютерлік ойындардың кесірінен «вертуальді әлемге еніп кетіп, көзіне түрлі дүниелер елестейтінін» айтқан. Ол інісін кірпішпен соққылап өлтіріп жатқанда «жексұрын жасыл гоблинді» өлтіріп жатырмын деп ойлаған.
Сондықтан баланың компьютер алдында ұзақ отыруына жол бермей, ұдайы қадағалап отыру қажет. Баланың көк жәшік алдында отырған уақытын ғана емес, сонымен бірге оның не көріп отырғанын, қандай ойын ойнап отырғанын да тексеріп отырған абзал. Олай етпеген жағдайда баланы сіз емес компьютер тәрбиелейтін болады. Бірақ оның салдарын көк жәшік емес, сіз көресіз. Сондықтан қолды дер кезінде сермеген дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста