«Бич іздеп жүрмін»...

«Бич іздеп жүрмін»...

«Пәленше бич іздеп жүр»... Мұндай тіркесті тоқсаныншы жылдардан бері қарай үнемі естіп жүретінбіз. Фермада тұратындар малын бақтыруға бір-бір жалшы ұстайтын. Дегенмен, тәуелсіз еліміз өркендеп, адам құқығына құрмет артқалы біздің өңірде «бич» ұстау жойылған сияқты көрінетін. Оның үстіне, соңғы жылдары көші-қон, басқа да заңнамаларға өзгерістер енгізілді. Демек, «бич» ұстау деген ұғым қолданыстан мүлдем шығуы тиіс болатын.

Алайда ақшаға құныққан, арзан жұмыс күшін іздеген кей адамдар бұл ұғыммен қоштасуға асықпайтын сияқты. Сол туралы ойларымды «Алаш айнасына» жолдап отырмын.
Өйткені ауылдағы таныстарымның біреулер арқылы «бич тауып берген адамға бір қой беремін» деген тақылеттес құлақтандыруын оқта-текте құлағым шалып қалады. Менің таңғалатыным, қазір әлдебір кәсіпорында жалақы кешігіп жатса, жұмыс берушіні жауапқа тартады. Сондай-ақ, еңбекақы ең төменгі жалақы мөлшерінен кем төленсе де, ол үшін жаза қолданылады. Соған қарамастан, «бич» іздеушілер болса, жалшыға жалақы төлегісі келмей, тегін жұмыс қолын іздеуін бір қоймай келеді.
Әрине, сөзімізге өзек болып отырған сипаттағы жалшыны пайдалану тиімді. Біріншіден, «бичке» тұрақты жалақы төлемейсің. Ол ас-ауқаттың қалғанын, киімнің ескісін киіп жүре береді. Тек темекісін әперіп отырсаң болғаны. Бай атаулының бәрі «бичті» бұлай ұстайды деуден аулақпын. Тұрақты бір еңбекақы белгілеп, малшысын ренжітпейтіндер де жоқ емес. Дегенмен, мал бағу, баздың қиын тазалау, су тасу, басқа да мал шаруашылығындағы жұмыстар ауыр болғандықтан, бәрібір мұндай жалшының өз еңбегіне лайықты жалақы алмайтыны айдан анық.
Ауыл жақтан бірде «Бич іздеп жатырмын» деген ауызша хабарландыруды тағы құлағымыз шалды. Содан К. атты жігіт хабарландыру берушіге іздегенін тауып, сыйақысына берілетін қойды алып алмақ ниетпен қала көшелерін аралап, «бичтер» жүреді-ау деген жерлерді сүзіп кетті. Вокзал жақта олардың топтасып жиылатын жері де бар екен. Сол жерден бір адаммен сөйлесіп, «Тамағың тоқ, киімің көк болады» деген уәдесін берді. Әлгі қаңғыбас болса: «Мен туыстарыма ескертіп айтып кетуім керек. Осы жерге пәленбай сағатта келейін», - деп, содан зым-зия болыпты. Бұл не деген сөз? Демек, «бичтер» де ақылсыз емес. Оларға күнделікті тамақты қысы-жазы суыққа тоңып, ыстыққа күйіп бір отар қойды баққаннан гөрі, қоқыстан теріп алған жеңіл емес пе? Және олардың жеке бастарының қауіпсіздігіне, яғни, далада үсіп өлмейтініне яки біреудің ұрып жазым етпесіне кім кепілдік бере алады?
Тағы бір жігіттің ауылдағы ағасына «бич» беріп жібергенін көрдім. Алайда ағасы жалшыға дұрыс тамақ бермей, ұрып-соғып, күн көрсетпеген көрінеді. Сөйтіп, әлгі байғұс қашып құтылыпты.
Қалай болғанда да, мынадай өркениетті заманда ауыл жұртының «бич» іздеуін қоймай келе жатқаны қызық көрінеді. Ана бір жылдары құқыққорғау саласында еңбек ететін бір азамат фермадағы туысына «бич» апарып бергені үшін сотталып, түрмеде отырып шыққан. Сондықтан «бич» ұстаудың соңы осындай жағымсыз жайттармен аяқталатынын ескеру керек қой.
«Пәленше ауылдағы жұмыссыз жігіттерді жалақы төлеймін деп алдап шақырады да, бір тиын төлемей, бір айдан соң қайтарып жібереді. Осылайша әр айда бір адамның еңбегін пайдаланумен жүр». Иә. Мұндай айлакер қадам байлар үшін қаржы үнемдеудің бір тәсілі шығар, кім біледі. Әйтсе де, мұндай нәрсенің соңын ойламаса болмайды.
Менің бала кезімде әке-шешем «пәленшенің бес жасар баласы қайтыс болыпты» деп, бір жамағайындарға аттанды. Кейін белгілі болғандай, әлгі туыстарымыз үйлеріндегі екі «бичке» бір тиын төлемей, ит есебінде ұстапты. Ашу-ыза, кектері шегіне жеткен екеу қаршадай сәбиді әке-шешесі қонаққа кеткенде асып өлтірген. Сәбидің бұл жерде не кінәсі бар? Жарайды, мүмкін, өмірден баз кешіп аш-жалаңаш жүрген жалшыларға еркелік, шолжаңдығы батқан кездері болған шығар. Әйтсе де ол бала емес пе. Неткен өкінішті!
«Бич» іздегенде, міне, осындай жайларды да ескерген абзал. Оның үстіне, қаңғып жүрген адамның туберкулездің ашық түрімен ауырып тұрмағанын қайдан білесіз?
...Ал енді ауызекі қолданыстағы «бич» сөзінің мағынасына үңілсек, бұл – орыс тіліндегі сөз. Сөздікте оған «тұрақты мекені мен белгілі бір айналысатын ісі жоқ, азған адам» деген анықтама берілген. Әйтсе де, ол да адам баласы, оның да еңбек еткен жағдайда ең төменгі жалақыны алуға құқы барын ескеріп қояйық...

Нағима Сулейманова

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста