Еліміздегі тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына байланысты Қарағанды облысындағы Осакаровка кентінде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты республикалық семинарын болды, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
Іс-шараны ұйымдастыруға «Шайсұлтан Шаяхметов» атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ұйытқы болып отыр. Семинардың басты мақсаты мемлекеттік тілді дамытуды насихаттап, қолданыс аясын кеңейте түсу.
Жиынға «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КЕАҚ бас директорының кеңесшісі Оразкүл Асаңғазы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, Терминология және ономастика бөлімінің аға ғылыми қызметкері Жапсарбай Қуанышев, Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Гүлнарайым Қантарбековалар қатысты және де мемлекеттік қызметкерлер, жұмысшы жастар, студенттер, оқушылар, мұғалімдер және этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері жиналды.
Жиында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығы және де елдімекендер мен көшелердің тарихи атауларына қайтару , ономастика салаларындағы мәселелер, географиялық объектілердің атауларын мемлекеттік тілде жазу кеңінен талқыланды. Сондай-ақ үйлесімді тілдік орта құру үшін лингвистикалық кеңістікті одан әрі өрістету, тілінің мемлекеттік тілміздің мәртебесін көтеру мәселесі де сөз болды.
Нұрлы Еділов