Азаттықтың алдаспаны – БАҚ

Азаттықтың алдаспаны – БАҚ

Ел Тәуелсіздігі мемлекетіміздің барлық салада жетістіктерге жетуіне жол ашқанын айтып та, жазып та жатырмыз. Соның бірі – азат елдің ақпараттық кеңістігі. Ақпараттық қауіпсіздік туралы мәселе жөнінде қоғамда қызу пікірталастың бары да рас. Алайда осы саланың 20 жыл бұрынғы жай-күйін қазіргі жағдаймен салыстыруға келмейді.
Ақпараттық кеңістікке Тәуелсіздікпен бірге ой-сананың азаттығы келді. Жасыратыны жоқ, та­рихи сананың жаңғыруына кеңестік саясат рұқсат бермеген қазаққа қажетті рухани мұра­лар­ды пайдаланып, Алаш идеясын көтеруге мүм­кіндік берілді. Мемлекет өзінің ұлттық қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен ақпараттық са­ланың іргесін мығымдап алғаны дұрыс. Елдің бір­тұтастығын қалыптастырып, бірлігін нығайту үшін мемлекеттік шекараларды анықтап алу жет­кі­ліксіз екенін бүгінгі жағдай көрсетіп отыр. Жа­һан­данудың салдарынан ең нәзік саланың біріне ай­налған ақпараттық кеңістікті сақтау әсте оңай жұ­мыс емес. Адамзаттың өмірі ғаламтормен ты­ғыз байланысты болған қазіргі жағдайда тек қа­на ұлттық ақпарат кеңістігінің бәсекеге қа­бі­лет­тілігін арттырумен ғана төтеп беруге болады. Осы рет­те Тәуелсіздіктің арқасында ақпарат ке­ңіс­ті­гінде жүзеге асқан түрлі жобалар бүгінде өзін-өзі ақтап отыр десек болады. Азаттықтың алғашқы жылдары күнделікті ақпаратқа зәру болып оты­ратын көрермен, тыңдарман мен оқырман ақ­па­раттың қолжетімді болғанына риза. Жалпы, отан­дық ақпарат құралдары ғана емес, қазақтілді бас­пасөз, қазақ телевизиясы мен радиосы ер­кіндіктің шапағатын айқын көрді.
Тәуелсіздік тарту еткен телеарналар көп
Телеэфир уақытын пайызға шағып, кемінде 50 пайыз мемлекеттік тілде сөйлеуі үшін қы­зыл­ке­ңірдек болушы едік. Қазіргі жағдай басқаша. Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық БАҚ бас­шыларымен болған кездесуде «Қазақстан» ұлт­тық телеарнасының 100 пайыз қазақ тілінде ха­бар таратуға мүмкіндігі бар екенін айтып, тап­сырма берген. Көп ұзамай биылғы жылдың қыр­күйек айынан бастап Ұлттық арна тек қана ұлт ті­лінде сөйлей бастады. «Қазақстанның» қана­ты­ның астынан бір жыл бұрын балаларға ар­нал­ған «Балапан» түлеп ұшса, биыл ұлт мәдениетін ұлық­тайтын «Мәдениет» телеарнасы тұсауын кес­ті. Осылайша отандық телевизия саласы Тә­уелсіздік жылдарында айтарлықтай өзгеріп, за­манауи үлгіде дами бастады. Әлемнің көптеген ел­індегідей салалық телеарналар ашылуда. Ба­лаларға, мәдениет пен өнерге арналған арна­лар­ды айтпағанда, салалық спорт телеарнасы да ха­лыққа қызмет істеп келеді. Тәуелсіз Қазақ­стан­ның төл баласы деп 1995 жылы тұсауын кескен «Ха­бар» агенттігін атауға болады. Жаңадан ашыл­ған телеарна араға бес жыл салып, қазіргі «Еларнаны», 2002 жылы республиканың тұңғыш ұлттық спутниктік арнасы CaspioNet-ті іске қосты. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ха­бар тарататын аталған арна Еуропа, Орталық Азия, Солтүстік Америка және Солтүстік Африкада көрсетіледі. Тек қана Тәуелсіздік жылдарында бірнеше телеарна тұсауын кескен. Ал аймақтық телеарналарды қосқанда 40 шақты жеке арна өз жұмысын жалғастырып келеді. Былтырғы жыл­дан бері Байланыс және ақпарат министрлігі «Отау» отандық спутникті іске қосты. Бұрындары екі-үш телеарнаға телміретін алыстағы елді мекен тұр­ғындары бүгінде ақпарат көздерін таңдау құқығына ие.
Азаттықтың баспасөзге бергені мол
Дәл сол сияқты кезінде «Социалистік Қазақ­станнан» ғана күнделікті мәлімет алатын оқырман үшін бүгінде күн сайын қазақ тілінде шығатын бір­­неше газетті салыстырып, сапалысын тұтынуға мүм­­кіндік бар. Салалық журналдар да өз оқыр­мандарын тауып үлгерген. Бір ғана шоу-бизнес саласына арналған қазақ тілінде жарық көретін журналдардың санынан жаңылысасыз. Бұл – тек қуанышты жағдай. Қазақстан ақпарат сала­сын­дағы ішкі бәсекелестіктің қарқын алып келе жат­қа­нын, сол арқылы Тәуелсіз ел тұрғындарының ақ­параттық қажеттіліктерін орындап жатқанын еш­кім жоққа шығара алмайды. Оппозициялық ба­сылымдардың қатары да едәуір. Халық саяси, әлеу­меттік, мәдени, спорт саласында баламалы ақ­паратқа қол жеткізіп отырмыз деп айтуға толық не­гіз бар. Халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан рес­публикалық радио-арналардың барлығы («Қа­зақ радиосынан» басқасы) Тәуелсіздіктің әр жыл­дарында хабар тарата бастады. Әрбір үлкен қалада екі немесе одан да көп жергілікті радиолар бар.
Тәуелсіз сайттар мен порталдардың саны өсіп келеді
Заман көшінен қалмай, қазақ оқырмандары да ғаламтор пайдаланудан қалыс қалып жатқан жоқ. Жекелеген азаматтардың, ұйымдар мен Президент жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен кейінгі жылдары бірнеше сайттар мен порталдар жұмыс істей бастады. Отандық әлеуметтік желілердің даму қарқынына мамандардың көңілі тоқ. Ұлттық, мемлекеттік идеологияны қалыптастыруға зор үлес қосқан бұқаралық ақпарат құралдарының Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері көп. БАҚ-тың басты мақсаты – халыққа жан-жақты, сан-салалы ақпаратты объективті беру болса, ол мақсат бүгінде толықтай орындалып келеді.
Күні кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ас­тана төрінен бой көтерген «Қазмедиа орта­лығы» теле-радио кешенін ашты. Жақында пайда­лануға берілетін орталықты мамандар тарихы­мызда тұңғыш ашылған, аймақта теңдесі жоқ ке­шен деп бағалап отыр. «Қазмедиада» енді еліміздегі ең ірі ақпарат құралдары қызмет етеді. Мұндай игі шараларды Тәуелсіздік тарту еткен сый демесек, артық айтқанымыз болар. Бұ­қа­ралық ақпарат құралдарының дамуына мемлекет те жағдай жасап келеді. Тиісінше ақпарат құрал­дарының мемлекетке берген пайдасы да бар. Қайсыбір мемлекеттер Тәуелсіздіктің алғаш­қы жылдарында ұлтшылдыққа салынып, тұрақ­сыздыққа тап болғанда, мәселені ың-шыңсыз біртіндеп шешіп келе жатқан қазақтілді ақпарат құралдарының қызметін белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин ұлттық партияның атқаратын жұмысына теңеген еді.
Ұсыныс
Бүгінде қоғамда «Тәуелсіз мемлекеттің ақ­па­рат­­тық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ше­тел­ден келетін ақпараттық тасқынға белгілі бір мөл­шер­де тосқауыл қою керек» деген пікір бар. Ашық қоғам құрған демократиялық елдердің «БАҚ туралы» Заңдарында шетелдік өнімдердің 20 пайыздан аспауын қадағалайтын арнайы бап­­тар бар екен. Әлбетте көрермен мен оқыр­ман­­ның шетелдік өнімді де тұтынуға құқылы. Алай­да ақпараттық соғыс жүріп жатқан кезеңде етек-жеңімізді жинаған да дұрыс шығар дей­міз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста