Жиырма жастағы оғлан оққа ұшты

Жиырма жастағы оғлан оққа ұшты

Өткен сейсенбі күні Қарағандыға қанаттас Шахтинск қаласының орталық ауруханасында бокстан Азияның үш дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ермек Серіков көз жұмды.

Спортшы ауруханаға 10 тамыз күні кешкі сағат 20:20-да оң жамбасына оқ тиіп, қансыраған қалпында жеткізілген екен. Жасы жиырмаға енді ғана іліккен талант 16 сағаттай ажалмен арпалысып жатып, 11 тамыз күні түскі сағат 13.05-те үкілі үміт артқан елді еңіретіп, қайтыс болды.

Өмірдерек

Ермек Серіков бокспен 1998 жылдан бастап айналыса бастаған. 69 келі салмақ дәрежесінде ұлттық құраманың намысын талай қорғаған.
2004 жылы Вьетнамда жастар арасында Азия чемпионы атанды.
2005 жылы Ливерпульде өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында екінші орынға ие болды.
2006 жылы Львовтағы Старчакты еске алу турнирінде 2-орынды иеленді.
2006 жылы Үндістанның Соа қаласында өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде 1-орынды жеңіп алды.
2007 жылы Қостанайдағы ел біріншілігінде 1-орынды, Үрімшіде өткен ірі турнирде 1-орынды иеленді. Осы жылы Алматыда Азия чемпионы атағын үшінші мәрте еншіледі.

Ермек Серікұлы ауруханаға жеткізілген сәттен сәл бұрын ғана қалалық полиция бөліміне автовокзал аумағында орналасқан жанармай бекеті тұсында белгісіз біреулер тапаншадан бірнеше мәрте оқ шығарып, әлдебір ер адамды атып кеткені туралы мәлімет түскен екен. Алдын ала мәлім болғандай, оқиға болған күні кешкісін спортшымен сөзге келісіп қалған белгісіз жандар жанармай бекеті маңында оқ шығаруға мәжбүр болған. Атыс болған тұста астаналық А. атты азаматтың меншігіндегі «Тойота Камри» көлігі қалған. Көліктің есігі, маңы қанмен былғанған. Полицейлер жанармай бекеті маңынан жеті гильза мен шаппалы бәкі, тағы да басқа төбелес жарақтарын тапқан. Ал ауруханада көз жұмған Ермек Серіковтің денесінен бес жұмыр оқ алынған. Қазір оқиғаға байланысты жан-жақты тергеу амалдары ұйымдастырылуда. Ал атыс болған сәтте автовокзал маңынан өте қатты жылдамдықта жүйтки жөнелген көлікті көрген куәгерлер де бар екен. Бүгін саңлақ спортшы соңғы сапарға шығарылып, қала маңындағы мұсылман зиратына жерленді.

Сөйтіп, қазақ спорты тағы бір талантты боксшысынан қапияда айырылып қалды. Ел намысын қорғар оғландарымызды ел болып қорғай алмағанымыз қынжылтады...

Юлия ЛЕГЛЕР, Шахтинск орталық ауруханасының медбикесі:
– Марқұмды өзі қатарлас жас жігіттер қабылдау бөліміне алып келді. Ешқайсысын бұрын көрген емеспін. Спортшы өте қатты қансыраған. Оң жақ жамбасының күретамыры жарылып кеткен. Үшінші дәрежелі геморрагиялық шок күйінде болды. Денсаулығының мықтылығы арқасында ұзақ шыдап жатып көз жұмды.

Наталья ДЕРИЕВА, Шахтинск қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
– Ермек өте дарынды спортшы еді. Жас күнінен біздің мектепте тәрбиеленді. Әкесі өзі ертіп әкеліп, бокспен баласымен қоса айналысып еді. Алғыр, жауапты болатын. Ермек бокс десе ішер асын жерге қоятын. Кейіннен қанаттанып, үлкен спортқа қадам басты. Мұндай қайғылы жағдайға ұрынады деп кім ойлаған?! Ешкіммен қақ-соғы жоқ, тәртіпті, тәрбиелі болатын. 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиадаға бару арманы еді. Біз үшін, біз ғана емес, ел спорты үшін өте қайғылы оқиға болды...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста