Танымал боксшылар Бейбіт Шүменовтің іс-әрекетіне қатысты пікір білдірді

Танымал боксшылар Бейбіт Шүменовтің іс-әрекетіне қатысты пікір білдірді

Танымал боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты дау қоғамда қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.

Астанадағы сауда орталығында Шүменов белгісіз ер адаммен сөзге келісе алмай, артынша төбелесіп кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған.

 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, көптеген халықаралық турнирдің жеңімпазы Жанқош Тұраров бұл оқиғаға қатысты тергеу органдары тиісті баға беретінін айтады.

 

"Бейбітті атақты боксшы, әлем чемпионы және Қазақстанның мақтанышы ретінде білеміз. Ол бұған дейін заңсыз дүниелер жасаған емес. Видеоға қарасақ олар сөзге келісе алмай, арты төбелеске ұласып кеткен секілді. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді. Тергеу органдары тиісті бағасын береді деп ойлаймын. Менің ойымша, кәсіби спортшы күшін қарапайым өмірде қолданбауы керек, мұны бізге бала күннен үйретеді. Тек өзіңді және отбасыңды қорға. Шүменовтің сөзінше, жанжал шешіліп, екі тарап татуласқан. Қазір тек қоғамның эмоциясын көріп отырмыз. Қателеспейтін адам жоқ деп ойлаймын және екі тарапқа бірдей қарау керек", - деді Тұраров.

 

Кәсіпқой боксшы Еділ Қожамбердиев екі тарапта да кінә барын айтады.

 

"Бейбіт - еліміздің мықты боксшыларының бірі. Көк туымызды әлемдік ареналарда көтеріп жүрген боксшы. Бейбіт қарапайым, сабырлы жігіт деп айта аламын. Болған оқиғаға қатысты тоқтала кететін болсақ, менің ойымша, екеуінің де кінәсі бар. Бейбітке қатысты айтар болсам, ол спортшы, боксшы ретінде, әрине, қол жұмсамауы керек еді. Оның үстіне ол жігіттің қолында кішкентай сәбиі болды. Егер байқаусызда сәбиге тиіп кетсе, өзім де боксшы болғандықтан соққы қандай болатынын білемін. Сондықтан Бейбіт бауырымыз сабыр сақтап, сөзбен шешуге болар еді", - дейді боксшы.

 

Қожамбердиевтің сөзінше, екінші жігіттің де кінәсі бар.

 

"Ұлы аутизммен ауыратын болса, әйелі секілді келіп, Бейбіттен кешірім сұрай салуы керек еді. Видеодан ол да Бейбітке агрессивті түрде жауап беріп жатқаны көрініп тұр. Бірақ біз ол жерде болған жоқпыз. Қандай жағдай болғанын, Бейбіт сондай реакция беретіндей ол жігіттің не айтқанын білмейміз. Сондықтан екеуінің де кінәсі бар деп ойлаймын. Бірақ Бейбіт кәсіби боксшы бола тұра соққы жұмсамауы керек еді". - дейді ол.

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста