Асқарбек аға өмірден өтті

Асқарбек аға өмірден өтті

Қазақ спорты ауыр қазаға ұшырап, көрнекті спорт қайраткерінің бірінен айырылды. 63 жасында Асқарбек Иманқұлов өмірден өтті.

Асқарбек Сқақұлын спорт саласындағы үл­­кені бар, кішісі бар адамдардың бәрі сый­­лайтын. Басшы да, бапкер де, маман да, спортшы да, журналист те құр­мет тұта­тын. Замандастары «Асхантай» деу­ші еді. Үлкенге де, кішіге де ізет көрсетіп жүретін қарапайым жан еді.
Дүйсенбі күні жиналыста болып, сол бая­­ғы қауырт жұмысымен шапқылап жүр­ген. Ал сейсенбі күні түс ауа қайтыс бол­ға­ны жайлы ақпарат тарады. Естуімізше, жү­регі тоқтап қалған...
Білмеймін, басқа салада қалай, ал спорт­­та өз ісіне адал жандардың көбісі дәл осы жүректен кетеді. Әсіресе ұлтжанды, елін сүйген арыстардың жүректері спорт са­ласының ауыртпалығына шыдай ал­май­тын­дай.
Асқарбек аға 1951 жылы 2 сәуір күні Ал­­маты облысындағы Талғар ауданының Қы­­зыл ту ауылында дүниеге келген. Боз кі­лем көрігін қыздырып, еркін күрестен 1969 жылы КСРО спорт шебері атанған. Бес дүркін ел чемпионы болған. КСРО ха­лық­­тарының V спартакиадасында ел на­мы­­­сын қорғап, көпшілікті тәнті еткен. 1970-71 жылдары жастар арасында КСРО бі­ріншілігінің жеңімпазы болған. Кеңес Одағы заманында халықаралық аренаға шығу қиын болғанның өзінде Венгриядағы «Олимпиада үміткерлері» турнирінде (1970 жылы) және Кубадағы халықаралық тур­­нирде жеңімпаз атанған. Қазақстанның ең­бек сіңірген жаттықтырушысы. Еліміздегі бі­раз спорттық мекемелерді басқарды. Соң­ғы жылдары спортқа дарынды бала­лар­ға арналған «Шаңырақ» респу­бли­ка­лық интернатының директоры болып қызмет етіп жүрген еді.
2010 жылы қараша айында таэквон­до­дан «Алаш айнасы» газетінің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында республи­ка­лық турнир өткізгенбіз. Сонда Асқарбек аға жұмысы қауырт болса да, сонау «Ша­ңы­рақтан» Оқушылар сарайына келіп, атал­мыш турнирдің ашылу салтанатына қаты­сып, батасын берген еді. Қазақтың «Ас­­хантайы» сондай кішіпейіл адам еді...
Бүгін Алматыда еліміздің спорт саласы Ас­қарбек Сқақұлымен қоштасып, жерлеу рә­­сімін өткізеді. Жаныңыз жаннатта бол­сын, Асқарбек аға. Рухыңыз бақилық бо­лып, есіміңіз қазақ спорты тарихында мәң­гі­лік сақталсын.
«Алаштықтар»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста