Акробаттарымыз әлемді мойындатты

Акробаттарымыз әлемді мойындатты

Польшаның Вроцлов қаласында спорттық акробатикадан әлем чемпионаты өтіп, оған 30 елдің командалары, яғни 400-ге тарта үздік атлет қатысты.

Чемпионатта Екібастұздың «Жасыбай» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұлдар командасы Қазақстанның намысын қорғады. Акробат балалар атақты спортшылардың алдында қабілеттерін жасқанбай көрсетіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Чемпионат жеңімпаздары – 5-сынып оқушысы Леша Коржов, 8-сынып оқушылары Артем Чуйко мен Роман Оленев, 9-сынып оқушысы Асан Киреев.

Константин ОСОЛОДКОВ, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы:
– Қола медаль біз үшін толағай жеңістің белгісі болды. Біз бастапқыда мәреге жетуді ғана армандағанбыз. Алайда одан жоғары жетістікке қол жеткіздік. Акробатика спорттың олимпиадалық түрі болмағанымен, біз үшін бұл бәсекенің мәні зор. Сондықтан бұл жүлденің де жүрегіміздегі орны ерекше. Чемпионатқа қатысуға мүмкіндік тудырып, демеушілік көмек көрсеткен «Жасыбай» спорт кешенінің директоры Николай Шестаков пен «Богатырь Көмір» кәсіпорнының бас директоры Виктор Щукинге алғысымыз шексіз.

Дерек пен дәйек

Екібастұз – дарындыларға бай өңір. Әртістер, спортшылар, әдебиетшілер, суретшілер біздің елімізде ғана емес, шетелдерде де кеншілер қаласының даңқын асқақтатуда. Мәселен, «Жасыбай» балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері бүкіл әлемге әйгілі Дюсалей циркінде бірнеше жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді. Бұлар – халықаралық санаттағы спорт шебері Роман Кенжаев, Алексей Пузырев, Нұрат Смағұлов, сонымен бірге спорт шебері Константин Осолодковтың ағасы – Виктор. Осы даңқты акробаттар төрттігін халықаралық деңгейге шығарған – олардың жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Александр Самбурский. Талантты жастардың көпшілігі демеушілердің қолдауынсыз танылмай қалуы да мүмкін ғой. Әлем чемпионатындағы біздің жаңа жүлдегерлерімізге «Богатырь Көмір» қаржылай көмек көрсетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста