Масқара!!! Әлеуметтік желіде "мектеп бітіру кешіндегі" даулы видео тарады

  • 15
Масқара!!! Әлеуметтік желіде "мектеп бітіру кешіндегі" даулы видео тарады

Әлеуметтік желілерде "бітіру кешінен" кадрлар тарап жатыр. Видео авторының айтуынша, бұл жайт Ақтөбедегі мектеп бітіру кеші кезінде түсірілген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода қыздар мен жігіттер ыңғайсыз қимылдар жасап жатқаны көрінеді.

 

"Ақтөбе қаласы. Назарларыңызға мұғалімдер мен психологтардың жақында мектепті ресми түрде бітірген оқушыларға жұмсаған ұзақ және ауыр жұмысының нәтижесін ұсынамыз", - делінген видеода.

 

Қазнет қолданушылары іс-шараны ұйымдастырушыларды айыптап, жастардың мінез-құлқын сынға алды.

 

"Шектен шықты", "Неге бірден мұғалімдер мен психологтар? Олардың ата-аналары жоқ па?", "Қандай сұмдық, бұл қыздарда ұят жоқ", "Бұл Қазақстан ба?", "Мұғалімдердің не қатысы бар ?", "Балалар үшін олардың ата-аналары жауап береді", "Сұмдық", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

 

Ақтөбе облысының білім басқармасы өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

 

"Әлеуметтік желілерде "Ақтөбе облысының түлектері бітіру кешінде әдепсіз әрекеттер жасады" деген видео тарады. Тексеріс барысында облыстық білім басқармасы әлеуметтік желіде жарияланған видеодағы адамдар мектептер мен колледждердің түлектері емес екенін анықтады. Видеодағы адамдар мектеп түлектері екені шындыққа жанаспайды. Еске салайық, еліміздің заңнамасында көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді өңірлік білім басқармасы өкілі.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 193
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 240
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста