Алаш жұрты Айбергеновті еске алды

Алаш жұрты Айбергеновті еске алды

Қазақтың біртуар сыршыл ақыны Төлеген Айбергенов биыл 75 жасқа толып отыр. Жасындай жарқ етіп, орда бұзар отыз жасында-ақ бақилық сапарға аттанып, артында өшпестей із қалдырып кеткен ақынды Алаш жұрты ардақтап, Алматы қаласының түбінде ат шаптырып, ас беріп, ұлан-асыр той өткізді. Ән мен күйден шашу шашылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
«Бір тойым болатыны сөзсіз менің» де­се де, өмірден ерте өткен ақынның арыз-ар­манын ел-жұрты ескерусіз қалдырмапты. Қоғамдық ұйымдар мен өнерсүйер аза­мат­тар бірігіп, ақиық ақынның шығар­ма­шылық мұрасын жас ұрпаққа таныстыруды мұ­рат тұтқан. Осы мақсатта республикадағы мек­теп оқушылары арасында Төлеген Ай­бер­генов оқулары өткізілді. Көркем та­би­ғат аясында ақынның өлеңдері оқылып, жас­тар ән айтып, алтыбақан тепті. Көкпар, қыз қуу, қазақша күрес, арқан тартыс сияқ­ты ұлттық спорт түрлерінен өткен жарысты тамашалаған көпшілік бір серпіліп қалды.
Бауыржан ЖАҚЫП, ақын, «Қазақ эн­ци­кло­педиясы» баспасының бас директоры, Төлеген Айбергеновтің күйеубаласы:  
– Биыл қазақтың біртуар ақыны Тө­ле­ген Ай­бергеновтің 75 жылдық ме­рей­тойы елі­міздің түкпір-түкпірінде аталып өтіп жатыр. Қа­зақстан Жазу­шы­лар одағында жас ақын­дардың мү­шәй­расы болды. Алматы ма­ңындағы көрікті жер­дегі мына тамаша той­да ақынның өлең­деріне жазылған ком­по­зи­тор­лар­дың шығармалары бойынша ән бай­қа­уы, көркемсөз оқу шеберлері ара­сында байқау өтті. Оқушылардың біреуі Тө­­кең­нің 65 өлеңін жатқа білсе, енді бі­реуі 53 өлеңін жатқа оқиды екен. Ша­раны ат­қа­­рып отырған – Төлеген Ай­бергенов поэ­зия­­сының жана­шыр­лары. «Қыз қуатын жі­гітке ат беремін», «Бәйге берем жы­ғыл­ған палуанға да» деп ақын жырлағаны тә­різді көкпар, қыз қуу, қазақша күрес болып жа­тыр. Тойдың ерекшелігі – халықтың өз­дігімен ұйымдастыруында.  Ақтөбе, Маң­ғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қа­зақстан облыстарынан, Аста­на мен Ал­маты қалаларынан арнайы қонақтар, жа­рыс­қа қатысушылар келіп отыр. Төлеген Ай­бергеновтей қазақтың рухты ақындары бар­да қазақтың мәдениеті, әдебиеті ешқа­шан өшпейді.

Дана ҚЫДЫРӘЛИЕВА, оқушы, Төлеген Айбергенов оқуларының жеңімпазы:  
– Ақынның кейбір өлеңдерін оқи бер­гің келеді. Өзіңнің жан дүниеңді, іш­кі әлеміңді сипаттайды. Төлеген Ай­бер­геновтің өлеңдері мені бірден бау­рап алды. Өлеңдерді жүрегіммен се­зі­ніп жаттаған кезде мәнерлеп оқу да же­ңіл болады. Мен Төлеген Айб­ер­ге­нов­тің 54 өлеңін жатқа білемін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста