Шымкентте "Шам жарығындағы кездесу"атты ерекше әдеби кеш ұйымдастырылды. Басқосуда түрлі жанырда қалам тербеп жүрген жастар өз ойларын ортаға салып, үш бірдей тың туындының тұсауы кесілді.
Кешті үйымдастырған "Şam" әдеби шығармашылық орталығы жалпы жас қылқалам шеберлеріне осылайша жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Ондағы мақсат әдебиет әлеміне енді қадам басқан жасарға дұрыс-бағыт бағдар көрсету, дейді ұйымдастырушылар.
Атаулы кеш "Şam" әдеби шығармашылық орталығының 5 жылдық мерейтойы аясында "Шам жарығындағы кездесу" деген атпен өтті. Кеште шығармашылық орталықтың мүшелері өлең оқып жарысып, оқырманмен кері байланыс орнатты. Кеште үш бірдей жыр жинақтың тұсауы кесілді. Атап айтар болсақ , "Мәңгілік гүл", "Шах-Мат", "Икигай" кітаптары оқырмандарға жол тартты.
Шыңғыс Мұқан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары
Тың туындылардың ішінде жұрттың ерекше ықыласына бөленген Салтанаты Мадяирқызының "Шах-Мат", туындысы болды. Автордың мүмкіндігі шектеулі болса да өмірге деген құлшынысы жоғары. Жас қылқалам шебері өмірдің өзі шахмат фигурасия сияқты жүрістерден тұрады. Сондықтан туындының атын солай таңдадым,дейді автор. Жалпы жас әдебиетшінің шығармасын өзгелер жоғары бағалап отыр.
Сүндет Сейітов - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Бұған дейін әдеби ұжым көптеген жетістіктерге жетті. Оның ішінде, 7 ақын-жазушы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанса, 5 ақын "Жылдың үздік ақыны" һәм 5 жазушы "Жылдың үздік жазушысы" және 1 ақын, яғни Батырхан Сәрсенхан Мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, бұдан бөлек 4 ақын республикалық әдеби сыйлықтардың лауреаттары атанған болатын.