Сейсенбіде Украинаның бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктері президент Владимир Зеленскийдің Үкіметтегі кадрлық өзгерістер туралы мәлімдемесінен кейін отставкаға кететінін жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл тураы inbusiness.kz тілшісі "Америка дауысына" сілтеме жасап жазды.
Украина Қарулы Күштерін қажетті дүниелермен қамтамасыз етуге жауапты Қорғаныс министрінің орынбасары Вячеслав Шаповалов УҚК-ны азық-түлікпен қамтуға қатысты жанжал аясында оны қызметінен босатуды сұрады, деп хабарлады әскери Департамент.
Бас прокурордың орынбасары Алексей Симоненко мен Зеленский Кеңсесі Басшысының орынбасары Кирилл Тимошенко да себепсіз отставкаға кетті.