Түркиядағы зілзаладан Қырғызстан азаматы да зардап шеккен

Түркияның Адана қаласындағы зілзаладан Қырғызстан азаматы да зардап шеккен. Бұл жөнінде Қырғызстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Бұл мәліметке қарағанда, Қырғызстан азаматы ауруханада емделіп шыққан. Қырғызстанның Түркия мен Сириядағы зілзаладан зардап шеккен өзге азаматы жоқ.

"Анталия қаласындағы Қырғызстан бас консулдығының қызметкерлері Адана қаласына барып, Қырғызстанның 10 азаматына азық-түлік, су, жылы киім мен жамылғы беріп кетті және оларды қауіпсіз орынға жайғастырды" дейді Қырғызстан сыртқы істер министрлігі.

Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігінде болған аса ірі екі зілзаладан кейінгі құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. BBC мәліметіне қарағанда, зілзаладан 4300-ден астам адам өлген.

Түрік БАҚ-тарының хабарына қарағанда, жер сілкінісінен мыңдаған үй қирап, ондаған қала зардап шеккен.

Ақпанның 6-сы күнгі жер сілкінісі осы ғасырда Түркияда болған аса ірі зілзала саналады. Ердоған оны "1939 жылдан кейін қайталанған аса ірі табиғи апат" деп атады. Дүйсенбі күні магнитудасы 7,7-ге тең жерасты дүмпуі тағы қайталанған. Дүмпу Грузия, Армения, Ливан, Иранда да сезілген.

Ердоғанның сөзінше, бүгінге дейін Түркияға дүниежүзінің 45 елі көмектесуге уәде берген. Қазақстан да Түркияға құтқарушылар жіберген.

azattyq.org

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста