Түркияда денесі табылған адамның Әділ Қадырбеков екені анықталды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. Ол зілзала болған сәтте қаза тапқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sn.kz-ке сілтеме жасап.
8 ақпанда кешке Хатай провинциясының Антакия қаласында іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде Түркия азаматы тірі табылып, оны бастапқыда Құбылай Кескин деп таныды. Бірақ кейіннен туыстары бұл ақпаратты жоққа шығарды.
9 ақпан күні таңертең іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып, олардың барысында Түркияның азаматы Құбылай Кескиннің денесі табылып, оны туыстары растады.
Сондай-ақ, апат болған жерде ҚР азаматы Әділ Қадырбековтің де денесі табылды.
Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан отандасымыздың денесін елге жеткізуге барынша жәрдем көрсетеді.