Түркияның Хатай провинциясында қираған ғимараттан екінші отандастымыздың денесі табылып шығарылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жайында еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Бұған дейін Хатай қаласында үйінді астынан тағы Қазақстан азаматының сүйегі табылғанын хабарлаған едік. Мәйітті толық қираған алты қабатты үйдің астынан алып шыққан. Ол Әділ Қадырбеков есімді азамат екен.
Суыт хабарды Сыртқы істер министрлігі растады. Ведомство марқұмның сүйегін елге жеткізуге көмектесетінін жеткізді.
Қазақстандық құтқарушылар түркиялық әріптестерімен бірлесіп, Хатай провинциясындағы ең күрделі аумақтардың бірінде іздестіру жұмыстарын атқарып жатыр.