Түркияда бес жасар бала 52 сағаттан кейін үйінді астынан шығарылды

Сәрсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен 52 сағат өткен соң бес жасар бала үйінді астынан құтқарылды. - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Sabah-қа сілтеме жасап жазды.

Бес жасар қызды құтқарушылар аман алып қалды. Ол қираған үйдің астында қалғанымен, ешқандай жарақат алмаған. Бала жақын жердегі ауруханаға жеткізді.

 

Сонымен қатар Анадолы агенттігінің хабарлауынша, Хатай провинциясында жер сілкінісінен 49 сағаттан кейін тағы бір жасөспірім қыз үйінді арасынан құтқарылды.

 

Айта кетсек, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.

Оның құрамында Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер бар.

 

Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар береді.

 

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты 12 ақпанға дейін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.

 

Соңғы мәлімет бойынша Түркияда зілзала құрбандарының саны 6,2 мыңнан асты.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста