Құтқарушылар зілзала болғанына үш күн өткен сәтте үйінді астынан қыз баланы тауып алған. Балақай еш тартынбастан, жыламастан құтқарушылармен сөйлесіп, қасында жатқан інісі жайлы айтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.
«Ағатайлар, менің қасымда інім бар. Оны да шығарасыздар ғой?. Бірақ ол менімен әзілдесіп, ойнап жатыр. Сөйлесем жауап бермей, өтірік ұйықтап қалғандай түр жасап жатыр»,- деген қыз бала.
Құтқарушылар тақылдап тұрған қыздың сөзіне не деп жауап берерлерін білмей абдырап қалған. Тіпті жүзін бүркемелеп, көзінен еріксіз жас шыққандары да бар.
ВИДЕО: https://www.instagram.com/reel/CohNA9PIlNo/?igshid=NTdlMDg3MTY%3D