Ресейлік журналист соғыс жайлы жазбасы үшін 6 жылға сотталды

Барнауыл соты журналист Мария Пономаренконы Ресей армиясы туралы "қауесет" таратқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оған 5 жыл журналистік қызметпен айналысуға тыйым салды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

RusNews-тің жазуынша, ол Ресей армиясы туралы жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылды.

44 жастағы Мария Пономаренко өткен жылдың сәуір айында ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, наурыз айының ортасында ол Telegram-да "жалған ақпарат" жариялады. Ол Ресей әскери күштері Мариупольдегі драма театрына әуе шабуылын жасады деп жазған. 

Тергеушілер бұған дейін журналист қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Сот Пономаренкоға жалпы режимдегі колонияда 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған 5 жыл журналистік қызметпен айналысуға тыйым салды. 

Мария Пономаренко соңғы сөзінде өзін қылмыскер деп санамайтынын айтты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста