Украина президенті Владимир Зеленский Донецк облысындағы Бахмут пен Соледар қалаларына қосымша күш жіберілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі ВВС-ге сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, қазір осы екі қалада Украинаның Қарулы күштері үшін ең ауыр шайқастар жүріп жатыр. Президенттің айтуынша, жаңа 2023 жылдың алғашқы аптасында қалалардағы жағдай айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған: екі қаланы да Ресей әскері атқылап, басып алуға тырысып жатыр.
«Бірақ Бахмут ештеңеге қарамай майдандасып жатыр. Қаланың көп бөлігін орыс әскері қиратқанымен, біздің жауынгерлер басқыншылардың қалаға кіремін деген әрекетіне үнемі тосқауыл беріп отыр. Соледар қаласы да шыдап тұр, қала Бахмутқп қарағанда тіптен көп қирап жатыр. Біздің жауынгерлерге оңай соғып тұрған жоқ. Осы екі қаланың маңында Ресей басшыларының ойға қонбайтын идеясы үшін жан беріп жатқан басқыншылар жетеді», - деді Зеленский.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы күндері Ресейдің өз дереккөзі «ресейлік мемлекеттік емес «Вангер» қарулы тобы Соледар қаласындағы украин қорғанысын басып кірді» деп ақпарат таратқан болатын. Алайда Украина тарапы оны жоққа шығарып, Бахмут та, Соледар да өз қолында екенін жария етті.