Өзбекстанның тумасы Нью-Йорктегі лаңкестік оқиғаға кінәлі деп танылды

2017 жылы Нью-Йоркте Хэллоуинде лаңкестік шабуыл жасаған Өзбекстанның тумасы Сайфулло Саипов кінәлі деп танылды және қазір өлім жазасына кесіліп не өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы inbusiness.kz тілшісі CBS News сайтына сілтеме жасап жазды.

"2017 жылдың 31 қазанында Нью-Йорктегі танымал велосипед жолына шығып, жүк көлігімен аса үлкен жылдамдықта сегіз адамды өлтірген Ислам экстремисті 28 қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды", — делінген хабарламада.

 

Сот Саиповты қылмыс жасағаны үшін, оның ішінде кісі өлтіру мен шетелдік террористік ұйымды қолдағаны үшін кінәлі деп тапқанға дейін екі күн ішінде шамамен жеті сағат бойы кеңескен.

 

"Алқабилер бірнеше күн ішінде сотқа қайта оралып, оның өлім жазасына кесілуі керек пе, әлде өмірінің қалған бөлігін түрмеде өткізу керек пе, соны шешуге көмектесетін қосымша дәлелдерді тыңдайды", — делінген хабарламада.

 

Нью-Йоркте өлім жазасына кесу үшін барлық 12 алқаби қолдау керек.

 

2017 жылдың 31 қазанында Нью-Йоркте Саиповтың басқаруымен жүк көлігі Манхэттен ауданының оңтүстік-батыс бөлігіндегі велосипед жолына шығып, жолда болған адамдарды қағып, ақыры мектеп автобусын соқты. Нәтижесінде сегіз адам қаза тауып, оннан астамы зардап шекті. Билік бұл оқиғаны террорлық шабуыл ретінде таныды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста