Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен оның жұбайы Эмине Ердоған елдің оңтүстігіндегі жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккендер жатқан Ыстамбұлдағы "Башакшехир Чам және Сакура" қалалық ауруханасына барды, деп жазады inbusiness.kz AA сайтына сілтеме жасап.
Президент науқастардың денсаулық жағдайын сұрап, тезірек сауығып кетулеріне тілектес екенін айтты.
Мемлекет басшысымен бірге Стамбул губернаторы Али Ерликая мен Стамбул Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Кемал Мемишоғлы болды.
Соңғы мәліметтер бойынша, түрік Кахраманмарашында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 31,6 мыңнан асты.