Қытай Батыс елдерімен саудаға тәуелділікті азайту үшін Қытайды Пәкістанмен байланыстыратын «Бір белдеу және бір жол» аясында ең ірі көлік жобасын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy kz.kursiv.media сілтеме жасап. Гонконгтың ағылшын тіліндегі South China Morning Post газетінде жария болғандай, құны $57,7 млрд (400 млрд юань) болатын жобамен China Railway first Survey and Design Institute Group Co Ltd мемлекеттік компаниясының сарапшылары танысты.
3000 км болатын теміржол жүйесі Пәкістанның Гвадар портын Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қытайдың Қашғар қаласымен байланыстырады.
3000 км теміржол Қытайдың батыс аймақтарын Араб теңізімен байланыстырады, Малакка бұғазын айналып өтіп, Оңтүстік Қытай теңізіне тәуелділікті төмендетеді.