АҚШ Түркияны Ресеймен ынтымақтасқаны үшін Солтүстік Атлант саяси-әскери альянс құрамынан шығаруға күш салады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында islam.kz тілшісі IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі әрі кеңесшісі болған Джон Болтон: «Республиканың НАТО-ға мүшелігін қайта қарау Батыстың Анкара мен Мәскеу арасындағы жалғасып келе жатқан ынтымақтастығына берер жауабы болуы керек» деп мәлімдеді.
Британдық Telegraph басылымының веб-сайтындағы мақаласында америкалық саясаткер Түркияның Ресеймен арадағы әскери және сауда серіктестігін айыптады.
Оның айтуынша, Түркия Украинадағы жағдайға байланысты Батыстың Ресейге қарсы қатаң ұстанымына қосылуы тиіс.
Сондай-ақ, Режеп Тайып Ердоған Түркия президенті болып осы жылы қайта сайланса, Түркияны аталған одақ құрамында қалдыру мәселесін қайта қарау керектігін алға тартты.