Түркияның Хатай провинциясында зілзаладан 182 сағат өткеннен кейін 12 жастағы ұл бала құтқарылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Тurkystan.kz тілшісі Анадолу агенттігіне сілтеме жасап жазды.
12 жастағы Каан Антакья қаласының Джебраиль ауданындағы құлаған ғимараттардың бірінен шығарылды.
Іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Кейінгі деректерге қарағанда Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 31 600 адамнан асты.