Егістік жердің құнарлылығын арттыру үшін ғылыми техника қажет

Егістік жердің құнарлылығын арттыру үшін ғылыми техника қажет

Егiстiк жердiң құнарлылығын арттыру бойынша әзiрлеген пилоттық жобаларымен таныстырған ғалымдар жоғарыда аталған мәселеге орай бiрлесiп жұмыс iстеуге дайын екендiктерiн жеткiзген едi.


Өз кезегiнде облыс әкiмiнiң орынбасары С.Тұяқбаев ғылымсыз ауыл шаруашылығы өркендемейтiнiн айтады. «Ғылым болмаса шаруа қожалықтарының бизнесi өз алдына жеке-дара дами алмайды. Өйткенi, ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсiпкерлер үнемi тәуекелдiң үстiнде жүредi. Кез келген уақытта мал немесе егiстiк ауруға ұшырап, шаруаны қып-қызыл шығынға батыруы мүмкiн. Сондықтан көзсiз тәуекелге бара бермей, агросаланы ғылыммен қатар ұштастыра дамытуымыз керек. Сондай-ақ, бұл мәселенi мемлекеттiк деңгейде көтеруге тиiспiз» дейдi ол.
Осыған орай, бүгiнде Оңтүстiк Қазақстан облысының аудан, қалаларындағы кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының базасында фермерлерге арналған ғылыми-консультациялық орталықтар ашылуда. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, бұл мәселе бойынша жергiлiктi әкiмдiк пен болашақ ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындары арасында арнайы меморандум түзiлген. Осыған сәйкес, жазғы демалыста университет шәкiрттерi шаруа қожалықтарында тәжiрибе алмасумен айналысса, бiлiктi оқытушылар мен профессорлар шаруалардың жұмысына араласып, консультациялық қызмет көрсетедi. Орталықта топырақ құнарлылығын қалпына келтiру, егiн шаруашылығы, мал шаруашылығы, жаңа технологияларды ендiру, селекция, тұқым сапасын жақсарту бағыттары бойынша ғылыми кеңестер берiледi. Сондай-ақ, он-лайн режимiнде шетелдiк мамандармен тәжiрибе алмасу мақсатында түрлi семинарлар ұйымдастырылатын болады.

"Алаш айнасы" 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста