Мидың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тағамдар

Мидың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тағамдар

Ми - адам бойындағы құрылысы өте күрделі ағза. Оған жүктелген «жауапкершіліктің» салмағы өте ауыр. Мидың толыққанды жұмыс істеуі үшін, оған соған лайық азық керек. Миды тек кофе не шоколадпен «тойдыра» беру – қателік. Әрине, олар мүлде көмектеспейді емес, бірақ уақытша ғана.
Ал миды шаршатпай жұмыс істетіп отыру үшін оған ең керегі – ақуыз, қаныққан майлар, көмірсулар, С дәрумені және басқа да дәрумен түрлері. Сонымен қатар, аминқышқылы, антитотықтырғыштар мен көптеген минералдар. Негізі мидың жұмысын жақсартып, оған қуат беріп отыратын заттар жетерлік. Алайда олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдай білген де жөн. Мамандар төмендегі азық-түліктерді пайдалануға кеңес береді.

Майлы балық
Арқан балық сияқты майлы балықтарда, мәселен скумбрия мен алабұғы тобына жататын балықтар қаныққан май қышқылына өте бай. Солардың көмегімен біздің ағзамыз миелин бөліп шығарады. Ал миелин біздің миымыз қабылдап жатқан ақпараттарды басқа жасушаларға тез әрі сенімді жеткізіп отыруы үшін аса қажет.

Көкжидек пен қаражидек
Мидың жұмысына антитотықтырғыштар өте керек. Олар өз кезегінде біздің миымызды зиянды заттардан тазалап тұрады. Ал ол зиянды заттар жасуша арасындағы жарғақшаларды зақымдайды. Антитотықтырғыштар сонымен қатар, мидың қабылдау функциясы мен есте сақтау қабілетін жақсартады. Міне, осы ретте көкжидек пен қаражидек таптырмайтын жидектер. Аталған жидектерде С, В1, В6 дәрумендері мен калий, кальций және магний көп.

Какао
Какао бұршақтарының құрамында флаванол антитотықтырғышы бар. Ал флаваноидтар мидың қан айналымын жақсартады. Сонымен қатар, миды тотығу процесінен қорғайды. Айта кетейік, ми тотықса адам Альцгеймер ауруына шалдығуы мүмкін. Сондай-ақ, ыстық шоколадта анандамид бар. Анандамид – адамға жақсы көңіл күй беретін гормондардың бөлініп шығуына таптырмайтын зат.

Жұмыртқа
Өздеріңіз білесіздер, жұмыртқа нағыз ақуыз. Жалпы, жұмыртқада миға керек заттар жеткілікті. Естеріңізге сала кетейік, мида холин бар. Аты бізге таңсықтау болғанымен, холинге қойылатын «талап» күшті. Холин – нейрондар қабілеті мен жүйке жүйесінің жұмысына пайдалы. Жұмыртқа осы процесте де аса керек.

Адамшөп
Біз миды «оятамыз» деп шәй мен кофе ішіп жатамыз. Иә, олар да көмектеседі. Алайда оларды тым артық ішкен зиян. Ал бірнеше тамшы адамшөп ішсек, оның пайдасы өте зор әрі еш зияны жоқ. Күніне екі стақан суды екі тамшы адамшөппен ішіп алсақ, жеткілікті екен.

Брокколи
Брокколи – қырыққабаттың бір түрі. Оларды табу қазір қиын емес. Брокколи – құрамында К дәрумені бар көкөніс. Сонымен қатар, борымен құнды. Егер мида осы микроэлемент жетпесе, ол мидың белсенділігін төмендетіп тастайды. Жалпы, миға кез-келген қырыққабат пайдалы.

Ірі тартылған ұн наны
Егер біз тәтті тағам жесек, қанға көп инсулин барып жатады. Ондай жағдайда ми маужырайды екен. Сол себепті де адамның жұмысқа ынтасы нашарлайды. Міне, осындай жағдайда бізге ірі тартылған ұн өнімдерін жеген дұрыс көрінеді. Мұндай көмірсулар мидың ұзақ уақытқа белсенді жұмыс істеуіне көмектеседі.

Жасымық
Жасымықта адам ағзасына аса қажет көмірсулардан басқа, аминқышқылы да кезедеседі. Аимнқышқылы ми жасушаларындағы биохимиялық процестің тез алмасуын жақсартады. Мұндай жағдайда адамның жылдам ойлау қабілетін артады.

aif.ru

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста