Ол Зеленскийге АҚШ тарапынан ресейлік агрессияға қарсы қолдау жалғасатынына уәде берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Inbusiness.kz тілшісі The Washington Post газетіне сілтеме жасап жазды.
АҚШ Орталық барлау басқармасының (орыс. ЦРУ) басшысы Украинаның саяси және әскери басшылығына Ресейдің алдағы апталарда жоспарлаған әскери операцияларына қатысты ОББ қол жеткізген мәліметтері туралы хабарлады.
"Директор Бернс Киевке барып, украин барлау өкілдері мен Президент Зеленскиймен кездесті және оларды Украинаны ресейлік шабуылға тойтару ісінде одан әрі қолдайтындығымызға сендірді", - делінген хабарламада.