Табиғатты қорғау мақсатында Ақмола облысында кешенді жұмыстар істелуде

Табиғатты қорғау мақсатында Ақмола облысында кешенді жұмыстар істелуде

Ақмола облысында табиғатты қорғау үшін атқарылып жатқан жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Қоршаған ортаны қорғау қызметi табиғаттың теңгерімін сақтап отыру жолында кешенді істерді қолға алған. Атап айтсақ, су ресурстарын тиiмдi пайдалану үшін өңірдегі бөгеттерді жөндеп, қадағалауда ұстап отыр. Сонымен қатар, айналаны жасыл желекке бөлеу мақсатында түрлі ағаштардың көшеттерін сатып алып отырғызу үнемі көктем айларында іске асырылады. Табиғатқа зиянын тигізетін жұмыстарға ғылыми-зерттеу жүргізіп, алдын-ала анықтап отыру жағы да қарастырылған. Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды бір жерге жинап, оны өндеп отыру бұл аймақтың басты мәселесіне айналып отырғанын ашып айтқан жөн. Өйткені қалдықтар ауаны, суды, топырақты ластап, табиғатқа айтарлықтай кесірі тигізетіні сөзсіз. Елді мекендердің сырт жағында үйіндіге айналған қалдықтар бүгінгі таңда үлкен мәселеге айналып отырғаны баршамызға мәлім. Сондықтан осындай жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу, қаншама қолайсыздықтың алдын алады. Еуропаның дамыған алдыңғы қатарлы елдерінде бұндай кешенді жұмыс ертеректе қолға алынған. Және нәтижелі жұмыс істеп жатқаны белгілі. Біздің елде де экологиялық жағдайымызды оңалта түсу мақсатында тұрғындардың мәдениетін көтеріп, айналамызға жанашырлықпен қарау қағидасын қалыптастырумыз керек. Осы бағытта жұмыстар да атқарылып жатыр.
Сонымен қатар, Ақмола облысында өндірістің қарқынды дамуына байланысты қоршаған ортаға зиянын тигізетін жағдайлар да көптеп болып жатқаны жасырын емес. Аймақтың экологиялық жағдайына байланысты құзырлы мекемелер дабыл қағып, үнемі мәселе көтеріп келеді. Бұндай жағдайлар арнайы отырыстарда талқыланып, шешім шығарылады. Осындай қиындықтарды жеңу мақсатында облыста ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Өткен аптаның соңында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті аймақтағы 2019 жылға арналған Экология департаментінің қызметі мен қорытындылары туралы және тұрғындар көтерген экологиялық мәселелер жөнінде арнайы жиын жасады. Басқосуды облыстық экология департаментінің басшысы Әнуар Нұрсейітов ашып сөз сөйледі. Ол өз сөзінде жиналғандарды департаменттің негізгі қызметімен таныстыра отырып, былтырғы жылы атқарылған жұмыстар жөнінде және биылғы жылға жоспарланып отырған істерге кеңінен тоқталып өтті. Жиында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау рұқсат етілмеген орындарда іске асып жатқаны айтылып, өңірдегі елді мекендерде арнайы қалдық жинайтын полигондарды заңдастыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, қоқыстарды қайта өңдеу, тазартқыш ғимараттарының жұмысы, өңірдің көптеген өзекті болып тұрған экологиялық мәселелері және оны шешу жолдары кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, экология департаментінің базасында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ашылғаны жайында айтылды. Енді экология және қоршаған ортаны қорғау мәселесімен облыстың кез келген тұрғыны хабарласуына болады.
Осы орайда, Ақмола облысы бойынша экология департаментті атқарған жұмыстардың бірқатарына тоқталсақ. Жақында мекеменің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің қызметкерлері "Қазатомөнеркәсіп" СКЗ "ЖШС," СГХК "ЖШС және"Степногорск ЖЭО" ЖШС кәсіпорындарының санитарлық-қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауаның мониторингін жүргізгенін айта кеткен жөн. Тексеру барысында ауаны ластаушы заттардың ШРК нормативтерінің асып кету мониторингі нәтижелері бойынша анықталған жоқ, ары қарай мониторинг бекітілген кестеге сәйкес жалғастырылуда. Осы ретте, департамент Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бюджет бағдарламалары аясында 2019 жылы жаңа зертханалық құрылғылармен жабдықталғанын да айтып өтейік. Бүгінгі таңда департаменттің сынау зертханасының қызметкерлері алынған құрылғыларды одан әрі меңгеруді қолға алды. Департаменттің СЗ аккредиттеу саласында бұл жабдықтарды іске қосу үшін салыстырмалы зертханалық зерттеулер жүргізілуде, бұл талдаудың дәл әдістерімен зертханалық бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, департамент өзара іс-қимыл шеңберінде қауіпті қалдықтарды жинаумен және көмумен айналысатын өңірдің кәсіпорнына қатысты Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында қабылданған қалдықтарды зарарсыздандырмау; қалдықтарды белгіленбеген орындарда жинау; қауіпті қалдықтарда тиісті таңбалаудың болмауы; тану белгілерінде қалдықтардың түрі, қалдықтарды орналастыру орындарында көмудің қауіптілік дәрежесі көрсетілмеген бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Осы бұзушылықтар үшін кәсіпорынға жалпы сомасы 113 625 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді. Кәсіпорын барлық айыппұлдарды ерікті түрде төледі. Нұсқамаға жауап белгіленген мерзімде ұсынылған.
Сонымен бірге, экология департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп заңсыз жер қойнауын пайдалану, атап айтқанда, кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды белсенді атқарып келеді.
Атап айтсақ, Ерейментау ауданы прокуратурасында департамент ұсынсымен кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру жөніндегі материалдар қаралды. Материалдарды қарау нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 139-бабы 1-тармағының тәртібінде жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін жалпы сомасы 100 АЕК = 265 100 (екі жүз алпыс бес мың жүз теңге) әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Және де ҚР Қылмыстық кодексінің 334-бабына сәйкес жер қойнауын өз бетімен пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылды.
Оқырманға, жиын барысында айтылған былтырғы, яғни 2019 жылы атқарылған жұмыстардың ретін таңыстыра кеткеніміз артық болмас. Атап айтсақ, былтыр табиғатты қорғау іс-шараларына Ақмола облысының мекемелерімен 1 537 516 961 теңге жұмсалған. Үздік қолжетімді технологияларды енгізу. «Гефест» ЖШС 2019 жылдың 2 тоқсанынан 3 тоқсанына дейін қолданыстағы батарейлік циклондарын тазарту деңгейі 85 % дейінгі жаңа ЦН-15 циклонына ауыстыру жұмыстарын жүргізді. Шығарындылар нормативтері 12,648 тоннаға дейін азайды.
Колутон-95 ЖШС 2019 жылдың 3 тоқсанында тазарту деңгейі 85 % дейінгі ЦН түріндегі циклонды орнату жұмыстарын жүргізді. Шығарындылар нормативтері 22,41 тоннаға дейін азайған. Луцк ЖШС 2019 жылдың 1 тоқсанында тазарту деңгейі 90 % дейінгі ЦБ-4 түріндегі циклонды орнату жұмыстарын жүргізді. Шығарындылар нормативтері 21,87 тоннаға дейін азайған. «ИнтерТрайд» ЖШС жоспарланып отырған шаң газ тазартқыш жабдығын енгізуге байланысты ЦН-15 циклонын немесе осыған ұқсас тазарту деңгейі 90% кем емес циклонға ауыстырды, 2020 жылдың 1 тоқсанында шығарындылар нормативтері 30,96 тоннаға дейін қысқарған. «Бетеге-У» ЖШС КПД 90 % болатын ЦН-15 маркалы 2 шаң газ тазартқыш жабдығын енгізуді жоспарлауына байланысты 2020 жылдың 1 тоқсанында шығарындылар нормативтерін 33 тоннаға дейін азайтқан. Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК 2023 жылдың 2-3 тоқсандарында ластаушы заттардың шығарындыларына автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Табиғатты қорғау жоспарын орындау шеңберінде Ақмола облысында 157,766 га алаңға 44231 түп көшет отырғызылды. Бұл тізімді одан арыда жалғастыра беруге болар. Бірақ ең бастыларына ғана тоқталып өтуді жөн санадық.
Жиын соңында департамент басшысы Әнуар Маратұлы халықтың экологиялық мәдениеті мен маңыздылығына да тоқталды. Ол өз сөзінде әрбір өңір тұрғыны экологиялық мәдениеттілікті өзінен бастауы керектігін айта келіп, облыс тұрғындарынан өңірдің және еліміздің экологиялық проблемаларына баса көңіл аударуын өтінді. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау баршамыздың азаматтық парызымыз екенін де атап өтті.
Осы ретте, 25 ақпан күні облыстық экология департаменті қоршаған ортаны қорғау үшін бірлескен күрестің тиімді тетігін талқылау және атқарылатын істерді тұжырымдау мақсатында өңір азаматтарын еріктілердің жиналысына шақырып отыр. Жиында азаматтардың экологияға жанашырлықпен қарау мәселесі де талқыланбақ. Басқосуға үкіметтік емес ұйым мүшелері және қоғам белсенділері, жастар ұйымдарының мүшелері, еріктілер қозғалысының мүшелері қатыспақ.
Иә, қазақ даласының әр пұшпағы қастерлі. Арқанның төсінде орналасқан облыстың көз тартар табиғатын сақтау әр перзенттің ойында жүрсе нұр үстіне нұр болар еді.


Нұрлы Еділов

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста