Ақмоладан ақ тілек

Ақмоладан ақ тілек

Тәу етер тәуелсіздіктің арқсы бәрі. Қазір біздің егемен ел өз тарихындағы ең бір шешуші кезеңді басынан өткеріп отыр. Бұл кезеңдегі әр шешім тарихи, әр шешім маңызды болса керек.
Осыдан бірер жыл бұрын Қазақстан Рсепубликасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз қаулысы арқылы Түркістанды дербес облыс етіп жариялаған еді. Бұл қазақ руханияты үшін өлшеусіз шешім болғаны сөзсіз. Аз ғана уақыт ішінде елдің оңтүстігінде елеулі істердің басы қайырылып, қыраур еңбек атқарылып үлгерді.
Ендігі кезек осы шешімнің арғы-бергі мұраты һақында Ақмола облысының атқамінерлерінен алты ауыз сөз жиып көріп едік:

Мерген Тоқсанбай, ақын: « Ақмола мен Түркістан арасында тарихи байланыс бар»

Сөзсіз қуанышты жаңалық деп есептеймін. Тегі Шымкент қаласы қарыштап жатқанда киелі Түркістан шаһары шеткері қалып қойып жатқандай сезімде болатынбыз. Облыс төңірегіндегі кішкентай қалалардың кешетін күйі тегі сондай ғой. Мұндағы бюджет, қаражат мүмкіндігі, инфоқұрылым саласы кенжелей береді ғой.
Түркістанды өз қалыбында ішкі туризм ғана ұстап тұрды ғой деп ойлаймын. Ендігі кезек дербес облыс болған соң, оның орталық қаласы Түркістан болады. Демек оны дамытуға, ондағы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мол мүмкіндік туады деп ойлаймын.
Мұнда енді түрлі сауда әрі бизнес саласын қамтитын ғимараттар мен қатар тұрғын үй құрылысын үдетіп салу керек.
Тағы бір елеп ескеретін дүние бар. Ақмола облысы мен Түркістан арасында тарихи байланыс бар. Абылайдың ордасының сол Түркісанға ауысуы тегін емес деп ойлаймын. Кешегі Әмір Темірлердің тіккен туы қалған киелі топырақ қой. Киесіне киікті кезіктірсең үркіп қашатындай-ақ.
Түркістандағы сәулет өнері – тірі тарих. Құлағыңды тоссаң қайран бабаларың қисса-дастандарын төгілте жөнелетін тәрізді. Көз тастап көрсеңіз сөз саптауыңыз тиылады емес пе? Қазақ сондай данышпан ұлт, қазақ сондай дарынды ел екеніне кәміл сенесің.
Сәулет өнері – сыйқырлы әлемнің есігі іспеттес. Мұндағы әр бір ескерткіш, әр бір ғимаратқа қараңызшы. Қаншама ғасыр бұрынғы бабаларымыздың саусақ табы қалған. Бұл біздің ұлтымыздың руханиятының бастауы, шыңы мен шыңырауы ғой.
Сөз соңында пайымдай кететін тағы бір мағұлмат бар. Ол әлбетте – өндіріс пен өнеркәсіп. Оңтүстікте халық өте тығыз орналасқан-ды. Ол мүмкіндікті пайдалану керек. Бұл – еңбек ресурсы ғой. Ал бұл жақта өндіріс огрындары өте аз. Керісінше Солтүстікте адам аз өндіріс көп. Парадокс десе де болады. Біз осы орайда, оңтүстікке өнеркәсіпті көбірек ашу керекпіс. Бұл өңірдің әлеуметтік жағдайын керемет жақсарды деп сенеміз.

Қуаныш Оспан, ақын: « Түркістан – туризмнің тірегі болу керек»

Қазақ қазақ болғалы, Түркі – түркі болғалы Түркістанның мәртебесі бір төмендеген емес. Бұл саяси көзқарастан да, рухани көзқарастан да, әлеуметтік көз қарастан да тайындырмайтын ой желегі деп білемін.
Иә, Қазақстан егемендігін алған жылдардан бастап Түркістанға тағылығы мол тың мәртебе керек деген алып-қашпа әңгімелер жүрген еді. Алайда ол тұста біздің әлеуметтік қуатымыз жетпесе керек бұл істің басны қайыруға. Осыдан бір жарым жыл бұрын Түркістанға облыс орталығы мәртебесі берілді. Бұл қуантарлық жаңалық болды. Қалың қазақ қалпағын төбеге атты емес пе?
Міне араға жылдар салып бұл шешімнің қаншалықты маңызды болғанын көзіміз көріп отыр. Тәуба. Өңір дамып келеді. Түркістан шекарада орналасқан аймақ. Ал шекара – қанашнда елдің мысы. Сондықтан ол жақтың әлеуметтік жағдайы қашанда жақсы болуы шарт.
Түркістан – түркі әлемінің ортақ олжасы. Құдайға алғыс Қазақ елі еншілеген территорияда тұр бұл орда. Тамыры Түркіге түсетін барша бауырлас елдер қызыға да қызғана да қарайды бізге.
Елбасының осы шешімі – ұлы жеңіс. Енді сол түркі елдерінен де үлкен инвестициялар күтеміз. Ол уақыт еншісінде тұрған мәселе.
Сонымен қатар өңірде туризм саласы дамып тұр. Дамығанда қалай. Туризмге деген сұраныс бар. Алайда бұл орайдағы бір мәселе – қызмет көрсету саласы. Ол жағы кенжелеуде. Сондықтан туризмнеің басты тірегі болатын инфроқұрылымды құрылыстар керек. Сауатты мамандар керек. Қазір есігі бар үйдің терезесінен олжа тасығнадай күйдеміз. Осы саланы дамытса көп дүниеге күн нұры түседі деп сенеміз.
Сөз соңында айта кететін тағы бір мәлімет. Түркістан тарихи орда ғой. Мұнда Түркі елдерінің барлығының таласы бар. Барлығының құрметі бар. Ал туризм десе көзімізге – Түркия елестейді емес пе? Сондықтан Түркия мен екі ел арасында байланысты пайдалана отырып, Түркістандағы туризмді дамытуға бар күшімізды салсақ деген ниет бар.

Қайрат Сейтқазин, ақын: «Түркістан – жүрегі бар қазақ үшін баға жетпес құндылық»

Түркістанға жолыңыз түсіп көрді ме? Ондағы халықтың ашықтығы мен қонақжайлылығы туралы апталап айтып, айлап толғ,ауға болады ғой... Табиғаты мен тылсым тарихы туралы сөздің арқауы тіптен бөлек.
Меніңше Түркістан қалам ұшындағы қасиеттің бастауы. Батырлық пен ерлік, тарих пен таным, тылсым мен кие тарқырыбы – Түркістанның әр тасында жыр боп бекіп, тарих болып толғанып жатыр ғой. Қазақта қасиеті кем топырақ жоқ. Әр таста терең тағылым бар деп есептеймін. Десе де Түркістанның алар орны бір бөлек. Себебі Түркістан қазақтың ғана емес, түбі бір түркі жұртының ортақ қасиеті. Бұл қаланың қазақ территориясына еншіленуі Тәңірінің бізге берген несібесі болса керек.
Түркістан облысының құрылуы қазақ елінде жаңалық, үлкен бір өзгеріс болды. Әуелден бірінші приоритеті бұл жалпы қазақ еліндегі біртұтас ауқымды саяси аймақтық ұжымның пайда болуы деп баға жасауға болады. Саясаттанушылар Елбасы осы шешімді өте оңды, сәтті қабылдады деп баға беріп жатыр. Себебі, Оңтүстік өлке әр уақытта қазақи. Біздің қандас ұлтымыз басым, сондықтан бір үлкен Түркістан облысы деп құрылуы шынымен Оңтүстік өлкені қорған іспетті, саяси статусын, мәртебесін көрсетті. Өйткені, Түркістан өлкесінің аумағы бұрынғыдан да кеңейді.
Мысалы, Алаш қайраткерлері кезіндегі көтерген мәселесі "Түркістан автономиясы" деген еді. Түрік xалықтарын біріктіру, олардың үлкен бір саяси платформасы болсын деген мақсатпен. Соның бір жақсы, сәтті көрінісі қазіргі ұрпақтар болып, соны қалпына келтіретіндей жетістіке жетіп жатырмыз.
Сондықтан, барлығы сүйінші сұрап қатты қуанғаны да сол біздің зиялыларымыздың Түркістан облысының құрылуы ұлттық, мәртебесі биік, терең идеологиясы бар үлкен жетістігіміз.
Сөз соңында айта кететін тағы бір дүние бар: Түркістан қасиетті өлке. Бұл ұрпақ түгілгі қазіргі қазақ танымына үлкен сілкініс беруі керек. Бұл тарих пен қасиет хақында түрлі кинолар, деректі фильмдер мен мультфильмдер түсірілу керек.

Серік Жетпісқали, «Көкшетау» газетінің редакторы: «Түркістан түркі әлемінің төрі ғой»

Шыны керек, бұл жаңалықты естігенде күпті күмән естілмеді, жүректе ондай сезім болмады. Оған бірнеше фактор бар. Әуелгісі Қазақстан әкімшілік жергілікті билікті ауыстыруда өте тәжірибелі. Қарағнды мен Жезқазғанның бірігуіндегі, Алматы облысы мен Алматының республикалық мәртебесі бар қала болып, облыс орталығының Талдықорғанға қарай көшуі еске түседі.
Десе де Түркістан дегенде қазақы қоғамның қабылдауы бөлек қой. Барлығы бұл атыраптың қаншалықты саяси әрі рухани маңызы бар екенін жақсы біліп отыр. Сондықтын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл шешімі өте ыстық ықыласпен қабылданып келеді.
Аз ғана уақыт ішінде Түркістан едәуір түрленіп алды. Мәселен ишкі инвесторлар бар. Түркістанға тарту деп бірнеше ғимараттар осы ішкі инвесторлардың арқасында басталып кетті ғой. Оны да көзіміз көрді.
Кезек сыртқы инвестицияда деп ойлаймын. Ендігі кезек Түркістандағы жергілікті атқарушы билік пен әкімдік тарабы бар біліктілігін салып, сырттан инвестиция тартуға талпынса деймін. Ол үшін барлық жағдай бар ғой. Біріншіден еңбек ресурсы. Адам саны өте көп, еңбек бағасы да арзан. Екіншіден – туризм саласының негізі жақсы құрылған бұл өңірде. Ауыл шаруашылығын алып қараңыз. Егістік үшін күн райының қолайлылығы ше?
Енді рухани жағына қарай ойыссақ: «Киелі жер» дегенде ең әуелі тағы да Түркістан еске түседі. Неге? Себебі Түркістанда Ахмет Яссауи бабамыздың сүйегі жатыр. Онда әйгілі Әмір Темір салдырған Яссауи кесенесі тұр. Ежелгі сақ, ғұн, түрк дәуірінен қазақ халқына дейін үзілмей жеткен қасиетті дүниенің бірі – қазан болса, әлемдегі ең үлкен әрі тарихи қазандардың бірі – тай қазан да осында.
Түркістан қаласы бірнеше жыл Қазақ хандығының орталығы болған және мұнда қазақтың хандары мен аяулы билері, хас батырлары мәңгілік жай тапқан. Түркістан осындай құндылығымен киелі, қасиетті.
Өркениеттен өркениетке Түркістанді өз биігінде ұстап, тарихи мұра ретінде жеткізу – біздің басты міндетіміз деп сенемін.

Бақытбек Бекмұратұлы, ақын, «Әдебиет және өнер» музейінің ғылыми қызметкері: «Түркістан – қазақ руханиятының төл тұмары»

Түркістанды дара облыс ету, оның орталығын Түркістан қаласы қылу – тарихи шешім. Одан әрмен алып қарайтын болсақ бұл – тарихи әділеттілік. Себебі бұл қазақстанның ең бір киелі мекені ғой. Алайда, оның осы бір қасиетін айғақтау үшін оның дара облыс болғаны шарттамасы анық қой. Ендеше біз Елбасының бұл шешімін неге соншалық ыстық ықыласпен қабылдадық деген сауал туындайды санада. Орынды сауал. Оның жауабы мынада:
Біріншісі - әлеуметті жағдай. Жасыратын несі бар халық санының көптігіне байланысты елдегі әлеуметтік жағдай орташа деңгейден төменде еді. Себебі соншама көп халықты жұмыспен қамту қиынның қиыны. Ал өңірдің дара облыс болуы осы жұмыссыздық деңгейін түсіреді деп сенеміз. Демек, облыс өзін-өзі қамтамасыз етеді деген сөз.
Екінші мәселе – туризм саласы. Елдегі тарихи орындардың көптігіне байланысты алыс жақын шетел мен ел ішіндегі біраз азамат бұл өңірге демалып баруды жөн санайтын еді. Алайда, барған адам бір дүниеге қынжылып оралатын. Ол – қонатын орынның тапшылығы. Және қамтамасыз етуші қызметтің кенжелеп тұрғандығы. Дара басына облыс болғанда бұл өңірдегі туризм деңгейін едәуір жақсартуы керек. Бұл өзін-өзі ақтамай қоймайтын инвестиция ғой.
Үшіншіден – инвесторлар тарту мәселесі. Бұрын облыс орталығы Шымкент қаласы еді. Мұнда тартылатын инвестициялардың басым бөлігі облыс орталығынан әрі аспай қалатын. Сондықтан болса керек Түркістан қаласы көбіне тысқары қалып отырды. Енді бұл мәселе өзгереді. Тіпті өзгеріп келеді. Өңірге Корея, түркия сияқты елдердің инвесторлары келу осыны айғақтайды емес пе?
Төртіншіден – өнер әлемі. Бұл өңірде шығармашылық адам үшін дайын материалдар өте көп. Ашылса да толық айтылмаған дүниелер жетіп артылады. Бұл әдебиет саласынан да, театр саласынан да дамуға көп үлес қосады. Яссауи бабаымз, Қоқыт бабамыздың өмірлері мен өркениетке қосқан үлестері һақында мол дүние жазып, зерттеуге болады ғой. Енді соған сұраныс та, мүмкіндік те молаяды деп сенеміз.

Талапкер Уәлиев, тарих ғылымдарының докторанты: «Түркістанның тарихы – ашылған һәм ашылмаған қазына»

Түркістанға үш көзқараспен қарауға болады. Әуелггісі сөзсіз руханият тұрғысынан, саяси тұрғыдан және кейінгісі тарих ғылымы саласынан...
Тегі әдебиетте өз кезегінде тарих қой. Сондықтан бұл өңір туралы тарихи-әдеби туындылар өте көп. Ол қуантады. Десе де нақтылы тарихи ізденістер туралы не білеміз.
Түркістанның тарихына тереңдей бере біз оның әдеби мұрасы мен саяси маңыздылығын айғақтаймыз. Бұл үшеуі біреуі біреуінсіз жүзеге аса алмайтын салалар.
Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін 233 жыл өткен соң, 27 мемлекетті бағындырған Темір династиясының негізін қалаған Әмір Темір ұлы бабаға арнап кесене салдырды. Міне, ондаған ғасыр сабақтастырған осы бір мол мұра бүгінде құтты мекен Түркістанның төрінде орналасып, ерекше көрік беруде. Дүние танымымыздағы осындай қасиетті жерімізге деген рухани ізгі ниетіміз таусылмасын.
Бір ғана кесене 1,5 мың жылдық тарихты еңсеріп тұр. Қасиет емес пе? Бұдан кейін қандай кие іздейсің ал?
Алдағы уақытта Түркістан облысында түрлі ғимараттар салынатыны сөзсіз. Көзіңді жұмып-ашқанша құбылатын заман туды ғой. Ендігі кезек осы жаңа ғимарттар ескірмейтін мәңгілік ескерткіштермен байланысып отырса деймін.
Бұл тарихи мекен, қасиетті атырап. Шамамен атпен жерсе айшылық жерде ғана бұл өлкеде кемі он бес қала бой көтерген. Демек қала мәдениеті мен дала мәдениетінің алғаш тоғысқан жері осы тұс. Жалпы алғанда сәулет өнерінің алғаш өркендеген атырабы осы Түркістан. Сондықтан мұндағы әр бір құрылысқа терең назар аударылуы керек.
Меніңше біз осы түркістанның тарихын жаңғырта келе елдегі руханияттың деңгейін едуәір көтереміз. Елбасының «Рухани жаңғыру» деген бағдарламасын елеп-ескеріп көріңізші. Ол жолдаудың Түркістанмен байлансыын сезінуіміз керек.
Себебі Түркістан ұлы қазақ даласының мыңжылдық тарихының тірі көрсеткіші болып тұр.

Сәбит Жәмбек, профессор: «Тұран – ұран емес, Түркістан – қазақтың рухани тірегі»

Бізде бір ерекше қасиет бар. Өте ерекше. Біз бір жақсы бастама көтерсек, соның түбіне жеткенша жарнама жасап, дұрыс бастаманың артын жалаңашта, құр ұранға айналдырып жібереміз. Ал Тұран – ұран емес. Ол тұтас ұлттық сенім идиологиясының тірегі. Түркістан – ер түркінің алтын бесігі, кіндік қаным тамған киелі мекені ғой. Бұл фактімен кім келіспейді? Түркия солай дейді, басқа да бауырлас елдер белдігін шешіп береді, сөз ақиқаты осы деп.
Құдайды бізге берген бағы осы Түркістан біздің территорияда тұрғаны. Тек тәуелсіздік жылдарынан бері біз бұл факторды дұрыс қолдана алмай келе жаттық. Осыдан бір жарым жыл бұрын Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаев Түркістанды облыс етіп жариялады. Сол кезде ішім жылып, шаттық күйге майсайған едік. Расында осы игерусіз жатқан асыл мұрамыз асыл мұратымызға бастайды-ау деп. Сілкініп келіп рухымыз оянғандай.
Аз ғана уақыт ішінде елеулі еңбектерді көзіміз көріп келеді. Біріншіден бұл шешім өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Осы бағытта жасалып жатқан елеулі жұмыстар – Елбасы шешімінің тарихи маңызын одан сайын айғақтауды. Мәселен инфесторлардың тартылуы. Өңірде әлеуметтік жағдай көтеріліп келеді.
Осы тұста ескеріп айта кетуіміз керек бір мәселе бар. Түркістаннның географиялық орыны – қасиетке тұнып тұр. Созақтағы шешендік, Кентаудағы жер байлығы, Жетісайдағы ел байлығы, Мырзашөлдегі мырзалық туралы аңыз көп.
Қазір атқарылар жұмыстың бір тармағы Түркістанның тарихи картасын жасау керек. Бұл жердегі әр тұлға, әр өңір туралы фильмдер түсірілуі керек. Сонда біз рухани жаңғырып қана қоймай, қазақ болып қайта түлеп шығамыз деп ойлаймын.
Ендігі кезек назарда тұрған бұл облыстың болашағы һақында ой көп, тілек ақ. Тек өңірдегі құрылыстар оның архитектуралық құндылықтары сақтап отырса ғой деген ниетіміз басым.

Ерболат Баятұлы, ақын: «Түркістанға қарап Қазақ тарихсыз деп айтқандардың аузы күйеді»

Қазақ өте намысқой халық. Біздің намысты болуымызға көп фактор бар. Біріншісі – бөрі болмысты батыр бабаларымыз. Ардың өмірден қымбат болатыны туралы философияның негізі де осы тарихтан бастау алады емес пе? Түркістан сол біздің сөнбеген намысымыздың негізгі шырағы ғой.
Ахмет Яссауи бабамыздың кесенесі туралы аңызды есіңізге түсірңізші. Бір ғана құрылыс факторының ішінде еркек намысы, махаббаттың ұлылығы туралы түрлі дерек табасыз. Әскерінің дүбірі дүниенің зәресін алған Ақсақ темір бабамыздың ұлылығы осыдан-ақ білінбейді ме?
Бұл оқиғалар біздің тарихымыздың мыңжылдықтарды жалғап жатқанын анық көрсетеді. Осыдан кейін бізді тарихсыз деп кім айта алады? Түркістан – біздің тарихтың тірі құжаты, ең зәулім ескерткіші деп білуіміз керек.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи шешімінің куәгері болдық. Бұны естігенде күрең аттың ауыздығымен алысқан батыр бабамыздың рухы қата оянғандай күй кештік. Қуандық.
Ендігі кезек облыстың жаңа статусын пайдалана отырып оған ел арасындағы ауқымды атау таңуымыз керек. Мысалы Көкшетау серілер мекені, Алматы – ақындар мекені, Нұр-Сұлатн – азаттық символы, Қарағанды – өндіріс мекені деп қабылдаймыз ғой. Ал Түркістан – қазақ намысының алтын ордасы болса деймін.
Сөз соңында мынаны айтқым келеді: Экономика мен әлеуметтік жағдай ертелі кеш келетін құбылыс. Бұл үшін мықты экономист пен жақсы саясаткер жеткілікті ғой. Ал тарих – жылдар бойы, ғасырлар бойы, дәуірлер бойы жасалтын құбылыс. Сондықтан осфы бір орайда біз өз тарихымызды тану жолында көп қызметтер жасауымыз керек.
Өңірдің тың тынысы – көз қуантады. Атқарылып жатқан жұмыстар мен қойылған мақсаттардың сапары оң болсын деп тілейміз. Қазақ руханиятын қорғауы – біздің басты парызымыз.


Серік Искаков, «Тарихи ескерткіштерді қорғау музейінің» қызметкері: «Ескекткіштер – көп дүниені ескеріп, көп дүниені ескертеді»

Тышқан сойса да қасапшы сойсын деген аталы сөз бар қазақта. Сондықтан мен жаңа облыстың жан-жақты салаларына сөз салмай, өз салам бойынша сөйлегін келіп отыр. Ол әлбетте тарих оның ішінде тарихи ескерткіштер хақында. Осы орайда Түркістан – таза тарихи ескерткіштерен жасалған қала деп білемін.
Тпегі ескерткіштер өте тылсым дүниеге толықұбылыстар. Олар көп дүниені ескеріп, көп дүниені ескертіп тұратыны тағы бар. Мәселе Түркістанды алып қарайық. Өз басынан бұроын бұл облыстың аудандарының әр қайсысында зерделеп зерттеп қарасаң том-томда жазуға болатын тарих ескерткіштерге тоыл ғой. Мәселен Отырар шәрін алып қараңыз. Қазақтың ұлы ақындарының бірі Мұхтар Шханаов бұл туралы поэма жазды емес пе? Бұл қазақ даласына ерлік пен асқан ойдың төркінін, сатқындықв пен тектіліктің мазмұнын ескертіп тұр ғой?
Дәл осы сипатта біздің сана жете бюермейтін көп дүниенің тылсым күші осы ескерткіштерже жасырынған. Мсыалы сіз Отырар қаласында жылы елден жүйесі болғанын білесіз бе? Ал онда алхимия ғылымы зерттелгені туралы не естідіңіз? Көрдіңіз бе? Осы саланың өзі бұл топырақ киеге ғана емес ғылым мен білімге терең тамыр жайғанын ескертеді.
Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың кесенесі ше? Әуелгісі ислам дінінің сопылық ілімінің алтын діңгегі осында жатқанын пайымдайды. Бұл біздің тарихтың ажырамас бөлшегі, біздің өркениеттің тамыры екенін көрсетіп тұр емес пе? Ал ол кесенені кім тұрғызды? Орталық азияны жұмса жұдырығында ұстаған Әмір Темір ғой. Бұл батырлық пен әлемді билеген әмір рухының хабаршысы деп таныңыз.
Иә, осы орайда смысалға келтіретін болсақ таңды таңға ұластырып сөз құра беруге болады ғой. Десе де ойымызды түйіндеп көрсек.
Қазақ даласында қасиетімен киесі кенжелеп тұрған өңір жоқтың қасы. Себебі біздің көне өркениет бүгінге дейін асыл мұрасын осы ескерткіштер арқылы жеткізіп отырды ғой. Түркістан – көнеден бүгінге жеткен біздің асыл да ардақты тарихтың ұлы ескерткіші деп біліңіз ендеше.

Жансая Адамияныова, филология ғылымдарының магистірі: «Түркістанның облыс орталы болуы – кездейсоқ емес»

Осы орайда біз елеп ескеретін екі мәселе бар. Біріншісі – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасының осыдан бір жарым жыл бұрын жасаған тарихы шешімі. Екіншісі – Түркістанның дара облысқа айналуы 90-шы жылдардан бергі талқыланып келе жатқан салмақты ойдың жеті рет өлшеніп, бір рет кесілген нүктесі болса керек.
Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 1991 жылы айтқан мына пікірін еске түсіріп көрейікші. «...Түркістан үшін қазақ халқының қаны көп төгілген, ол оның ең қасиетті орны. Үш жүз жылға жақын уақыт қазақ хандарының тұрағы – астанасы болған. Онда халқымыздың асыл азаматтары, ең қалаулы ұлдарының сүйегі жатыр. Оны қастерлемесек болмайды. Түркістанда облыс орталығы құрылса жақсы болар», – деп жазды.
Осының өзінен ақ қазақтың маңдайына біткен кемеңгер азаматтардың асыл арманының орындалған арманы – Түркістанның дара облыс болуы деп сенеміз. Ендігі кезек бұл шешімнен не күттік, осы аралықта күткеніміз орындалды ма деген екі сұрақ туындайды.
Иә, дара облыс болған бұл аймақтан біз – нәтиже күттің. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлыынң барлық жолдауларының орындалу барысы осы облыстан терең зерделеніп, қатаң бақыланды емес пе? Иә, оның қарқынды жұмысы басқа да облыстар үшін үлгі болуы керек болды. Бастысы өңірдегі әлеуметтік жағдайдың көтерілуі еді.
Келесі сұрақ осы нәтижелер күткеніміздей болды ма? Халықтың қанымен елдің асыл мұрасы болып сақталып қалған асылы киелі өңіррдің бүгінгі көрінісі қандай?
Тегі бұл өңірде ондаған жылдар бойы жасалатын жұмыстар бір жарым жыл ішінде жасалды. Бұл таңғаларлық жағдай. Бұл біздің жалпы мемлекеттік қуатымыздың патенциалын көрсетті. Тартылған инвестициялар, салынған құрылыс нышандары, жұмыссыздықтың қысқаруы – қуанарлық оқиға. Халықтың жағдайы жақсарса ел арасындағы қылмыс көрсеткіші де төмендейді. Соныдқан осы бағыттағы жұмыстар тоқитамау керек деп ойлаймын.
Туризмнің басты орталығы болған өңірде ең басты фактор – тыныштық болуы керек емес пе? Жалпы, өңірдің жаңа тынысына көз қуанады. Біз тек сәттілік тілейміз.

Қуаныш Мейрамқызы

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста