Жыл басының басты атрибуты – наурызбақ болсын

Жыл басының басты атрибуты – наурызбақ болсын

Дүниені жаңартқан, жасартқан көктемнен жақсылық пен жаңалық күту – қанымызда бар әдет. Табиғатпен бірге түлеп алған жанымызда жаңа сезімдерге деген мұқтаждық туады. Сол қажеттілікті толтырардай әлденеден үміттенеміз.
Әсершіл көңіліміздің шалықтау кезеңі төл мерекеміз Әз-Наурызбен қабысып жатқаны айқын. Кеудемізге нұр құйып, асыға күтетініміз де жасырын емес. Дегенмен аңсаған мерекемізді өткізгеннен кейін қоңылтақсып қалатын да сол көңіл. Неге? Бір нәрсе жетіспейтін сияқтанады да тұрады. Бірақ бұл жетіспеушіліктің мағынасы Шерағаңның «бір кем дүниесінің» маңызынан мүлде бөлек.  Ол олқылық не болуы мүмкін?
Күн мен түннің теңеліп, ақ түйенің қарны жарылған күнді орталықтағы алаңдарға киіз үй тігіп, ән айтумен шектелеміз. Оның өзі кейде жай көзбояушылық сияқты көрінетіні бар. Неге десеңіз, 23-наурыз күні-ақ ештеңе болмағандай бәрі де тып-типыл болады, ал мерекеден бұрын әшейінде улап-шулап мерекелік көңіл күйді қалыптастыруға тырысып жүретін белсенділерден тырс еткен дыбыс болмайды. Осыдан келіп, бұл ұлық мейрамды есте қалдыратындай бір рәсімі болуы керек-ау деген ой келеді.
Жаңа жыл десе шырша құру керек деген ұғым бар. Өйткені ол – жаңа жылдың белгісі, қалып­тасқан заңдылығы. Осындай заңдылық не болуы керек? Ол бізде жоқ емес, бар. Жас тал егу, ағаш көшет­терін отырғызу. Бірақ әлі күнге халықтық қолдауға ие бола алмай келе жатыр. Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылып осы дәстүрді халықтық деңгейге көтеретін кезіміз әлдеқашан жеткен жоқ па? Осы салтты, игі дәстүрді жандан­дыратын бір іс бар. Қолдауын тапса қайырлы шара, игілікті іс болар еді. Ол – наурызбақ идеясы. Қол сілтеп үйреніп қалған кейбіреулер үшін орындалуы қиын құр қиял сияқты көрінгенімен, ниет дұрыс болса қол жетпейтіндей қиын да шаруа емес. 
Бұл шараны әуелі Астана, Алматы сынды қалалар бастаса, артынан Шымкент, Тараз, Талдықорған сынды шаһарлар жалғаса, айналасы бірер жылда тұтас қазақ жерінде қалыптасып үлгерер еді. Ірі қалаларымыз бен аудан орта­лықтарының маңынан наурызбаққа арнайы жер бөлінсе.
Сол жерге жергілікті тұрғындар өз атынан, өсіп келе жатқан балаларының, немерелерінің атынан тал егіп, ағаш өсірсе. Одан кейінгі уақыттарда сол жылы дүниеге келген әр сәбидің атынан ырым­дап егіп отырса, сәбиі мен көшеті жарыса өспес пе еді. Кейін өскенде сенің ағашың деп көрсеткеніне де жақсы. Жыл сайын біркүндік қызыққа бола мың сан шыр­шаның обалына қалғанша, керісінше бірнеше тал отырғызып, сауапқа кенел­ге­німіз де жөн болар еді.
Және әр жыл сайын Наурыз тойы сол сая­бақта өтетін болса, ғажап емес пе? Ор­талық алаңдардағы көліктердің шуымен ас­тасқан жасанды һәм жаттанды мерекелік ша­радан жалыққан жұрт үшін мерекені жаңаша тойлаудың басы да осы болар еді. Асфальт пен топырақтың айырмасы бар екенін әлі күнге ұмыта қойған жоқпыз. Ор­талық алаңдағы сахнадан концертті сырт­т­ай тамашалап қана қоймай, өзіміз де май топыраққа бір аунап, ұлттық ойын­дар­ға белсене араласып, балуан күрес жасап, арқан тартысып қайтатын уақыт әлдеқашан туды.
Тағы бір айта кетерлігі, бұл саябаққа елдің тарихынан, дәстүр-салтынан хабар беретін ұлттық нақыштағы түрлі шағын ескерткіш, мүсіндер орнатылса, жыл-он екі ай бойы қозғалмайтын алтыбақан қойылса, қандай жарасымды болар еді.
Бұл бақтың Ұлыстың ұлы күнінен басқа уақытта да жергілікті жұрт үшін қызмет ете беретіні анық. Бозбала мен бойжеткен бір-бірімен наурызбақта табысып жатса, қаланың шуынан шаршаған кез келген адам жақын досын жанына ертіп, осы жерден табылып жатса, нұр үстіне нұр емес пе.
«Бір тал кессең, он тал ек» дейтін ха­лықтың бүгінгі ұрпағы үшін наурызбақ­ты жа­саудың, оған жоғарыда айтқанымыздай түр­лі ағаштардың көшетін отырғызудың қиындығы жоқ. Қызу қолдайтынына кү­мән жоқ. Басты керегі – сол халықты бі­рік­тіріп, бір іске жұмылдыратын биліктің ықы­ласы мен жер телімі керек. Әрине, бұл сая­бақтың жергілікті әкімдіктердің мен­шігінде, қамқорында болу керектігі заңды. Осы іс қолдауын тапса ұлтымыз үшін ұпайлы болар-ақ еді. Қиял – арманға, арман – жоспарға, жоспар іске асып жатса арман не?
Мэлс Елеусізов, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:
Егер қолдау тапса, сауапты іс болар еді
– Егер бұл қолдау табатын болса, өте жақсы ұсыныс. Бірақ бұған ең бірінші – жер керек. Ал ол жер бар ма, жоқ па, бе­ре ме, бермей ме, мәселе сонда. Мен бұған дейін талай ұсы­ныс­­тар айттым. Мысалы, балалар бағы деген саябақ ашайық дегенмін. Бірақ ол қолдау таппады. Ал мына наурызбақ деген тіпті тамаша екен. Ұлт­тық ме­рекемізді осылай ұлық­та­уы­мыз керек. Еліміздің қаракөздері нау­рызбақта серуендеп жүрсе ке­ремет емес пе?
Бұл біріншіден, мерекеміздің дең­­гейін көтеріп, маңызын асырса, екін­шіден, жас ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелер едік. Сол арқылы туған табиғатымыздың өсіп-өркен­деуіне, кең қанат жаюына себепкер боламыз. Ал табиғатты аялаудан, ұлттық салт-дәс­тү­рімізді жаңғыртудан асқан қандай сауапты іс болуы мүмкін. Біз осындай ұсыныс-пікірлеріміз арқылы халықты тәрбиелеуіміз керек. Ең бастысы, жа­сау­ға ұмтылайық. Түптің түбінде орын­да­латынына сенейік.
Әділ Ахметов, ҚР Парламент Сенатының депутаты: 
Тал егуге қарсы емеспін, бірақ...
– Наурызда бұқара көпшілікті тал егуге шақырған дұрыс. Бұл енді бұ­рын­нан бар үрдіс қой. Әркім өзі қайда еккісі келсе сонда егіп келген. Ендігі жерде барлық адамды бір күнде, бір жерге жинап еккізу деген жақсы идея екен. Бірақ мен мынадай ұсыныс қосар едім. Наурызбақ деп жеке саябақ аш­қанша, еліміздегі дайын саябақтарға шақырып, сонда ектірейік. Өйткені жаңадан бақ ашу, бой көтерту оңай шаруа емес. Ал дайын саябақтарға ектірсек, бұл енді оңайырақ болады. Мысалы, Астананың өзінде саябақтар жоқ емес, бар.  Неге бізге Президенттің саябағына барып, көпшілік болып тал екпеске.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста