Ұлы мұратты Ел

Ұлы мұратты Ел

(Қазақ хандығының 550 жылдығына)

Адамзат дамуы ең жоғары деңгейге көтерілген қазіргі өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр Қазақстан үшін ерекше кезең. Жаһандану процесінің әсерінен әлемнің көптеген нүктесінде тұрақсыздық орнап, геосаясатта өзгерістер орын алуда. Кейбір елдер саяси және экономикалық тәуелсіздіктерінен айырылуда. Осы орайда ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы мен төккен қаны және терінің өтеуімен келген тәуелсіздікті тұғырлы ету мемлекетіміздің ең басты міндеті болып табылады. Осыған орай ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стартегиясының басты бағдары ретінде ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясы еліміздің болашаққа барардағы «Ұлттың Ұлы Ұраны» болып табылады. 

Осыдан 13 ғасыр бұрын түрік бабамыз данагөй, абыз Тоныкөк негізін салған «Мәңгілік Ел» идеясын қалпына келтіріп, жандандырудағы Ұлт көшбасшысының басты мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясын қазақ ұлтының мақсат-мүддесі және елімізді ортақ Отан еткен ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеологиясына айналдыра отырып, Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті ірі державалар қатарына қосу, яғни тарих сахнасынан мәңгілік орын алатын қуатты елге айналдыру.
«Біздің бұл дүниеде бір-ақ Отанымыз бар, ол-Қазақстан» деген Елбасымыздың сөзі барша қазақстандықтарға ерекше күш, рух беріп, бірлікке, ынтымақтастыққа, отаншылдыққа үндейтіндігі сөзсіз. Егемендіктің, тәуелсіздіктің тарихи маңызын тереңінен түсіну үшін, Мәңгілік Елге айналуымыз үшін, еліміздің төл тарихын тереңінен танып, зерттеп-зерделеп, осы ұлы жолдағы ерлік дәстүрімізді ұлықтап, насихаттай білуіміз қажет. Мәңгілік Елдің негізі-тәуелсіздік пен патриотизм.
Елбасымыз «Қазақстанның тәуелсіздік тарихы аппақ парақ бетіне күні кеше түсе қалған жоқ, оның көне дәстүрлері бар екендігін атап айтты. «Бүгінгі күнді түсініп, түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елесету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» дегені және Ұлытау төрінде ұлт тұтастығы туралы ой қозғағанда айтқанындай, қазақтың тарихы сонау ертеден, сақ, үйсін, қаңлы, ғұндардан бастау алып, көк түріктермен жалғасқандығында. Адамзат тарихындағы ең көне кітаптардың бірі «Авестада»-тур, ежелгі гректерде-скифтер, «Шахнамада»-Тұран, қытай жылнамаларында-тукиу, парсыларда-сақ, массақ, сахстан-өткен замандарда қазақтың ұлы даласын мекен еткен көшпелі халық пен оның елі осылай аталған. Тарих атасы Геродот өз «тарихының» бірінші кітабында: ежелгі дүниенің атақты патшасы Кир мен сақтардың массагет тайпасының билеушісі Томирис арасындағы соғысты былай деп сипаттайды: «Бұл шайқасты мен барлық ұрыстардың ішіндегі ең сұрапылы деп білем. Қарсыластар ұзақ айқасты, ешқайсысының кері шегінгісі келмеді. Ақыры массагеттер басым түсті. Парсылардың бүкіл әскері ұрыс алаңында қалды. Кирдің өзі де өлді». Иә, әйел де болса ел басқарған Тұмар ханшайым бастаған ержүрек сақтар жеріміздің тұтастығын сақтап қалды. Ежелгі дүниенің ең құдіретті патшасы І Дарийге қарсы соғыста сақтардың Шырақ есімді жауынгері өшпес ерліктің, отансүйгіштіктің ерен үлгісін көрсетті. Өз патшасына келген Шырақ «өмір адамға бір-ақ рет беріледі, әйтеуір бір күні ажалдың алатыны белгілі» делінген. Ендеше «Өзім туралы болашақ ұрпақтар туған жер үшін, туған халқың үшін опат болған адам ретінде есте сақтайтындай етіп өлген әлдеқайда артық емес пе! Мен өз парызымды орындаймын»,- деп I Дарийдің қалың әскерін шөл далаға алдап ертіп апарып, қырғынға ұшыратты. («Стратегема» Полиэн»)
Ал, Геродот өз тарихының 4 кітабында былай деп жазды: «Сөйтіп I Дарийдің Скифияға жорығы осылайша абыройсыз аяқталды». Кир мен Дарий сияқты ұлы қазақ даласын жаулап алмақ болған Ұлы Александр Македонскийге көшпелілер елшісі: «Бір кездері біз Кир мен Дарийдің әскерін талқандағанбыз. Дала кең дегенмен басқыншыларға, соның ішінде саған да мұнда орын жоқ»,-деп ескертті. Бұған көнбеген Александр Македонский қанша тырысқанымен Спитамен басқарған сақтарды бағындыра алмай, бітім жасасып еліне қайтуға мәжбүр болды. Мінеки, ежелгі дүниедегі ең мықты империялардың өзі Ұлы дала патриотизмінен осылайша жеңіліс тапты.
Ежелгі батыс тарихшылары өз еңбектерінде ғұндарды « гун-гунни, кун-кунну, хьон-хэн, хун-ну-гуз, сюнну» т.б. атаулармен атаған. Ғұндар шын мәнінде, қазақтардың, жалпы түркілердің арғы аталары. Алаштың ардагері М.Жұмабаев «Пайғамбар» деген өлеңінде:
Ерте күнде отты Күннен Ғұн туған,
Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам.
Жүзімді де, қысық қара көзімді,
Туа сала жалынменен мен жуғам.
Қайғыланба соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен-Күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Мен келемін,мен келемін,мен келем,
Күннен туған, Ғұннан туған Пайғамбар!-деп қазақты Пайғамбар дәрежесіне жеткізіп керемет теңеу жасайды. Ұлы Ғұн мемлекетін құрған -құдіретті Мөденің патриоттығын қытай тарихының атасы Сыма Цянь өзінің «Тарихи жазбаларында да» суреттейді. Мөденің ұғымында мемлекеттің басты байлығы-жер. Мөденің көзқарасынша жер бір адамның меншігі емес. Ол- бүкіл халықтың, болашақ ұрпақтардың еншісі. Сондықтан жерді көздің қарашығындай сақтап, қорғау керек. Көрші елдермен бейбіт өмір сүру қажет!
Орта Азия-түркілердің туған жері, олардың әкелері мен аталарының жері. Мұсылмандардың тарихи кітаптарында бұл жерлер «Тұран мемлекеті» деп аталған. Көк түркілер ғұн империясының тікелей мұрагерлері. «Түркі» (түрік) сөзі-«сөзінде тұратын адам, тәртіпті жауынгер, күшті, мықты, табанды» деген ұғымды білдіреді. Түркі халқының тәуелсіздігі, мәңгілігі үшін ерен еңбек сіңірген Бумын, Естеми, Білге қағандар, Тоныкөк пен Күлтегін бабалардың патриоттығын мына сөздерден байқауға болады:
Түркі халқы үшін,
Түнде ұйықтамадым.
Күндіз отырмадым,
Қызыл қанымды төктім,
Қара терімді ағыздым
Күш-қуатымды аямадым,
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым.
Бәрін бейбіт қылдым.
Біздің қазақтың қанында бар азаттыққа, еркіндікке деген ерекше құштарлық осындай батыр бабаларымыздан, жауынгерлігімен аттарын әлем тарихына алтын әріптермен жазған сақтардан, ғұндардан, түркілерден дарыған ерекше қасиет. Бір кереметі ұлттық атымыз қазақ атауының өзі-тәуелсіздік ұғымымен мағыналас.
Қазақ-бостандық сүйгіш «еркін адамдар», ержүрек ер адам;
Қазақ-мықты, берік, алып;
Қазақ -әділетсіздікке төзбей, бөлек өмір сүрген ерікті адамдар.
Бостандық сүйгіш «еркін адамдар» ғана тәуелсіз саясат жүргізе алады. Ержүрек, мықты, ерікті адамдар ғана саяси еркіндікке, азаттыққа қол жеткізе алады. Қандай ғажап сәйкестік. Қазақ пен Тәуелсіздік -егіз ұғым.
XV ғасырда Керей мен Жәнібек бабаларымыз алдарына үлкен мақсат қойып, дербес Қазақ мемлекетін құрып, оған тәуелсіз ұғымын білдіретін қазақ атауын берді. Сөйтіп келешекке мәңгілікке жалғасар Қазақ мемлекетінің негізін қалады. Керей мен Жәнібек негізін қалап, Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есімдер тұсында дәуірлеген Қазақ мемлекеті Салқам Жәңгір, Әз Тәуке, Абылай, Кенесары тұстарында Тәуелсіздік үшін жанкешті күрес жүргізді. Әйгілі «Орбұлақ» шайқасы, атақты «Қарақұм құрылтайы», «Ордабасы» жиыны, даңқты «Бұланты мен Білеуті», «Аңырақай» шайқастары-қазақ патриотизмінің мәңгі өшпес кейінгі ұрпаққа отаншылдық рух беретін ерекше үлгісі болып табылады. Қазақ халқының бірлігі жолында өмір бойы қызмет еткен ұлы бабаларымыз Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің өшпес өсиет сөздері қазақ халқының келешектегі «Мәңгілік Елге» барар жолдағы Елұраны болуға лайықты десек, артық айтпағандық болар еді. Атақы «Қарақұм құрылтайындағы» Бөкенбай батырдың ұран сөздері қазақ рухын қай кезеңде де көтере білері сөзсіз.
Ұлы Абай: «Біріңді қазақ, бірің дос,
Көрмесең істің бәрі бос» делінуі де Отаншылдықты көрсетеді.
Мұстафа Шоқай: «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе?» деген Алаш арысының ұлттық рухты тарихымыздан, сондай-ақ осы бағытта түсірілген тұлғалар туралы патриоттық фильмдерден де ала аламыз.
Бауыржан Момышұлы: «Бұрындары жасалған ерліктерді сыйламай, қадірлемей тұрып, жаңа ерліктерге шақыру мүмкін емес». Яғни, ата-баба тарихын білмей, ерліктерін үлгі тұтпай, патриот болам деу де бекер.
Ақын Мұхтар Шаханов: «Әр адамда өз анасынан басқа тағы да құдіретті төрт анасы (туған жері, тілі, салт-дәстүрі, тарихы) болуы керек»,-дейді.Қазақтың біртуар ұлтжанды азаматы айтқандай, тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін «Төрт анамыз» түгел болуы қажет екендін білдіреді.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең,атыңдар-деген, Қ.Рысқұлбеков кеңестік режимге қарсы айтқан ақтық сөзінде қазақ деген халықтың бойындағы азаттыққа деген ерен ұмтылысты айшықтап, Желтоқсан ызғарын өшпес ұлттық рухтың лаулаған жалынына айналдыра білді.
«Еңбектеген баладан, еңкейген қартымызға дейін Отаншылдық рухымызды шыңдап, қастерлей білуіміз қажет. Бұл мемлекетің және қоғамның парызы болып табылады. Яғни, Елбасының айтуы бойынша патриотизм жасқа бөлінбейді. Бұл-ортақ парыз.Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау-Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты, ең биік мақсаты. Елбасы патриотизмі- бүкіл Қазақстандықтарға үлгі. Саясатты емес, экономиканы бірінші орынға қойған Елбасымыз Қазақстанды әлемдегі дамыған алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына қосуды мақсат етіп қойды. Еліміздегі жүзден астам ұлттар мен ұлыстарды қазақтың қара шаңырағы астында бейбіт татулыққа ұйытты. Керей мен Жәнібек бабаларымыз құрған, осы кезге дейін 550 жылдай, яғни 5 ғасырдан астам өмір сүрген Қазақ мемлекетін Елбасымыз «Мәңгілік Елге» айналдыруды мақсат етіп қойды. «Қазақстан-2050»-Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. «Осы жолдан айнымайық»- деді.
«Менің арманым-Қазақстанның мәңгі болуы! Біздің ең жоғары бағалайтын байлығымыз-тәуелсіздік! Біз осы жолда еш нәрседен аянбаймыз» деп, кесіп айтты. Елбасымыздың Қазақстанды «Мәңгілік елге» айналдыру идеясына үн қоса отырып, өз үлесін қоса отырып 10 сынып оқушысы Сұлтанаева Әсем Серікқызы «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығымен \Астана қаласы\ ұйымдастырылған Республикалық «Жас ғалым» атты оқушылардың ғылыми жұмыстары сайысында «Мәңгілік Ел» жұмысымен қатысып ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
Иә, Елбасы саясаты бабалар дәстүрінің заңды жалғасы. Лайым солай болғай!
«Мәңгілік Ел»-ең асыл мұратымыз болсын!

Есжанова Ләззат Жұбаханқызы

тарих пәні мұғалімі
№ 59 орта мектеп

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста