Журналистердің әлеуметтік статусын айқындап алмайынша, «төртінші билік» туралы әңгіме әсірелеу емес пе?

Журналистердің әлеуметтік статусын айқындап алмайынша, «төртінші билік» туралы әңгіме әсірелеу емес пе?


Намазалы ОМАШЕВ, БАҚ мәселелерін зерттейтін Журналис­тика институтының директоры:
– Парламентте отырған адамдардың, одан қалса, мұғалім, дәрігерлердің де өзіндік ста­тусы бар. Әлеуметтік статус туралы сөз болғанда, ең алдымен, тұрмыстық жағдай ай­ты­лу керек. Себебі К.Маркстың «сананы тұрмыс билейді» дегеніндей, тұрмыстың тауқыметін тартып жүр­ген адам қоғамның сөзін сөйлеуге бара бермейді. Өзге саланың қызметкерлері мемлекетке қыз­мет етіп жатқан тұлға ретінде сан түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы үй алады, басқа да жеңілдіктерге ие болады. Бірақ журналист те қоғам үшін өзгелерден кем еңбектеніп жатқан жоқ қой. Сондықтан қоғам дамуына ерекше еңбек сіңіріп жатқан БАҚ саласына өзіндік мәртебе бе­руге болар еді. Мысалы, Иманғали Тасмағамбетов Алматының әкімі болып тұрған кезде жур­налистерге жағдай жасау ерекше қолға алынды. Егер құлық танытса, мұны заңдық жолмен рет­теуге еш кедергі жоқ. Шынайы демократиялық, зайыр­лы қоғамда журналистика саласы, ра­сын­да да, төртінші билік деңгейіне көтерілген. Заң шығарушы, атқарушы сот органдарынан ке­йінгі кезектегі күш ретінде мойындалатыны рас. Бірақ әлемдегі мемлекеттердің бар­лығы де­мок­ратиялық, зайырлы қоғамда өмір сүріп жатқан жоқ. Сондықтан журна­лис­ти­каның алатын ор­ны әр елде әрқилы. Бүгінгі қазақ қоғамындағы журналистиканы «төр­тінші билік» деп атай салу­­ға ауыз бармайды. Мен Америка, Канада секілді бірқатар да­мыған елдерге барып, жур­на­лис­тикасын зерттедім. Оларда журналист адамның мәр­тебесі жоғары. Әртүрлі жолдармен жур­­налист адамның тұрмыстық жағдайын жасау­ға мемлекет тарапынан жағдай жасалған екен.

Дидар Амантай, жазушы, публицист, кинодраматург:
– Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі заң жобасының негі­зінде журналистердің статусын айқындауға, жоғарылата түсуге бо­ла­ды. Ақпарат құралдары – билік пен халықтың бетпе-бет кездесетін алаң. Осы функцияны күшейту үшін журналистердің мәртебесі мен құзы­ретін заң жолымен көтеруге еш кедергі көріп тұрған жоқпын. Ол үшін журналистің билік адамына қойған сұрағына жауап беру мә­селесін заңдық негізде міндеттей түсу керек. Егер заң БАҚ сала­сының еркін түрде жұмыс жасауына кеңінен мүмкіндік ашса, бұл жур­налист статусының жоғарылағаны болар еді. Дегенмен біздің бүгінгі қоғамдағы журналистика «төртінші билік» деген атауға әб­ден лайық. БАҚ көтерген көптеген мәселелер билік органдарында ке­ңі­нен талқыланып жатады. Шенеуніктер газет бетіне шығып кету­ден қорқады. Журналист тек ұнамсыз нәрселерді ғана жазып отыр­са, ол – кемшілік емес. Сондықтан журналистерге не жазу қажеттігін сіл­теп отыру келеңсіз құбылыс болар еді. Журналист статусы жоға­ры­лаған сайын зайырлы қоғамның дамуы да соғұрлым жеделдей түседі.

Серік Аббас-Шах, телепродюсер:
– Дәл қазіргі жағдайда журналистика саласын «төртінші билік» деп атауға келмейтін сияқты. Бұл атауға лайық болу үшін қолында, расында да, билік болу керек, еркіндікті сезіну керек. Мысалы, жол по­ли­циясын ала­йық, оның да көліктерді тоқтата ала­тын­дай дәрежеде күші бар. Ал аудан әкімінде өз өңірінде билік айта алатындай дәрежедегі құзырет бар. Әрине, біздің журналистика да қоғамға көп әсер етіп жатыр, бірақ «төр­­тінші билік» деңгейінде емес. Ал шетелдік жур­налистикада еркіндік бар. Қарапайым ғана мысал, өткен аптада Америка Президенті Барак Оба­маның шыбын өлтіргенін ақпарат құралдары не­ше түрлі жолмен беріп жатты. Бұл да – бір еркіндіктің кө­рінісі. Еркіндік болған соң, сын да әділ болады. Ал біздің бүгінгі жалтақ, жағымпаз журналистиканы мен би­лік иесі деп айта алмаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста