Жүк тасымалдаушылар мен кеденшілер арасында түсініспеушіліктердің орын алуы ақпараттық дереккөздің ұйымдастырылмай отырғандығынан емес пе?

Жүк тасымалдаушылар мен кеденшілер арасында түсініспеушіліктердің орын алуы ақпараттық дереккөздің ұйымдастырылмай отырғандығынан емес пе?


Ескендір ЕРТАЕВ, «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің менеджері:
– Жалпы, Қазақстанға тауарлардың көбі Қытай, Ресей елдері арқылы немесе тікелей осы мемлекеттерден келеді. Сондықтан Қазақстанның кедендік заңы, экономика, сауда-саттық саласындағы нормативтік-құқықтық актілері осы елдермен бірлесіп дайындалу керек. Рас, кейде біздің кеден бекеттерінде сырттан келген тауарлардың тұралап қалатыны бар. Оның негізгі себебі, жүк жөнелтушілер мен жүкті қабылдаушылар арасында нақты келісімшарттардың болмауы, оларға халықаралық кедендік заңдардың дұрыс түсіндірілмеуі. Менің ойымша, бұл үшін бізде жүк жөнелтушілерге, жүкті қабылдаушыларға арналған арнайы ақпараттық дереккөздер ұйымдастырылуы қажет. Сондай-ақ ол барлығына бірдей қолжетімді болуы тиіс.


Әміржан ҚАЛИЕВ, «Қазалко» қауымдастығының президенті:
– Менің пікірімше, кеден бекеттерінде келеңсіздіктер орын алмас үшін жүкті жөнелтушілер де, қабылдаушылар да, оны тасымалдаушылар да кедендік заңдарды жақсы білуі керек. Бұл үшін облыс, қала тіпті аудандарда түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннің маңызы зор. Мәселен, біздің қауымдастыққа әсіресе  Кеден одағын құрғалы бері түсіндіру жұмыстары үзбей жүргізілуде. Ең соңғы рет біз маусым айының соңында мекеме басшыларымен болып жатқан өзгерістерді талқылап, Кеден одағына қатысты міндеттемелерді өзара әңгіме еттік. Мұндай түсіндіру жұмыстарын тек жергілікті жердің басшылары ғана емес, кеденшілердің өздері де қолға алуы тиіс. Аталған Одақ құрылғалы бері қазір көп мәселе Салық комитетіне ауды. Міне, аталған мақсатта Салық комитеті де тұрақты жұмыс жүргізсе, дұрыс болар деп ойлаймын.


Дәурен СӘКЕН, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің консультанты:
– Сөзсіз, түсіндіру жұмыстары керек. Көрші Ресейді алып қарасақ, онда бұл мәселе әлдеқашан шешілген. Мәселен, Ресейдің кеден басшылары елдің барлық кеден бекеттерімен үзіліссіз байланыс орнатып отырады. Жоғары жақтан түскен міндеттемелер мен заңдар дереу арада кеденге, ондағы қызметкерлерге, ақыры жүк жөнелтушілер мен алушыларға жетеді. Осындай шара қабылдау арқылы олар шекара бекеттеріндегі көптеген мәселені оңай шешті. Яғни жүктер елге қиналмай, кедергісіз кіретін немесе, керісінше, шығатын жағдай қалыптасты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста