Жалған некеге отырғандарды қылмыстық жауапқа тарту керек пе?

Жалған некеге отырғандарды қылмыстық жауапқа тарту керек пе?


Ирак Елекеев, Мәжіліс депутаты:
– Азаматтар некеге белгілі бір мақсатпен отырады. Ол заңды ма, азаматтық па, оның астарында бір мақсат, мүд­де жатады. Жалған неке деген де бар. Бұл біздің ұғымы­мызда жат дүние еді, уақыт өте келе некенің бұл түрі де қоғамға сіңісіп кетті. Тосыннан келіп азаматтарды жалған некеге отырдың деп жауапқа тарта алмаймыз. Оның себептері мен салдарына байланысты жауапкершілікке тар­туға болады. Сондықтан алдымен жалған некеге отыр­ған­дардың мақсатын айқындап алу қажет. Жалған неке­де­гілердің көбі шетелдіктердің осы елде қалуымен байла­ныс­ты. Сондай-ақ некенің бұл түрі үшінші бір адамның құқы­ғын аяққа таптауы мүмкін. Яғни біреудің әйелі, енді біреу­дің күйеуі мен бала-шағасының құқығы тапталады. Осын­дай әрекеттеріне қарап, азаматтық не болмаса қыл­мыстық жауапкершілікке тартуға болады.

Жеміс Тұрмағамбетова, «Адам құқығы хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры:
– Некенің қай түрі болмасын, ол екі азаматтың ортақ келісімі арқылы жүзеге асырылады. Жалған некеге отырды екен деп қылмыстық жауапқа тар­та­тын болсақ, еліміздің біраз азаматы бас бостан­ды­ғынан айырылады. Оны азаматтық құ­қықтық қаты­нас­тар арқылы шешу керек. Демократиялы елдің аза­маты кіммен, қандай некеге отыратынын өзі ше­шеді. Құқықтық, демократиялық ел бола тұра әрбір аза­маттың шешіміне қарсы шығып жатса, мем­ле­кетіміз өз ұстанымына қарсы шықпай ма?! Сондық­тан жалған некеге отырғандардың әрекетін Қылмыс­тық кодекс арқылы шешуді өз басым құптамаймын. Аза­маттардың әл-ауқаты, түсініктері әрқилы. Осын­дай жағдайларды ескере отырып, қабылдаған ше­ші­міне бола жазалау дұрыс емес.

Рабиға Ағманова, Алматы қалалық әкім­дігі жанындағы «Ақ­парат және талдау» ор­та­лығының қоғаммен бай­ланыс бөлімінің басты­ғы:
– Міндетті түрде жауапқа тарту керек. Жалған неке  қазіргі біздің қоғам үшін өте қауіпті деп санаймын. Онсыз да қазір діни экстремизмнің өршіп, дін атаулының бәрі бұрмаланып тұрған сәт. Намазхан бауырларымыздың бейберекет некеге тұруларының арқасында тегі белгісіз ұрпақ туылуда. Яғни арабтың дәстүрімен некеге отырып, кейін «талақ» сөзін үш рет айту арқылы жесірлердің санын көбейтіп жатыр. Сондықтан да ресми ұйымдардың өкілдері, жергілікті атқарушы билік орындары бірігіп, мүмкіндігінше мұндай некеге шектеу қойылуын қадағалауы керек, мүмкіндігінше тоқтатуға атсалысуы тиіс. Жалған неке – дәрменсіз, ертеңі бұлыңғыр, болашағы белгісіз ұрпақтың өсуіне апаратын жол.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста