Трансшекаралық өзендердің мәселесін шешудің қандай тың жолдарын ұсынар едіңіз?

Трансшекаралық өзендердің мәселесін шешудің қандай тың жолдарын ұсынар едіңіз?


Ахметқал МЕДЕУ, ҚР Білім және ғылым министрлігі География институтының директоры:
– Трансшекаралық өзендердің мәселесін шешудің бір-ақ жолы бар. Ол – Орталық Азия аймағында су-энергетикалық консорциумын құру. Оны басқару ісін тек бір мемлекетке жүктемеу керек, онда барлық елдің өкілдері болуы тиіс. Осылайша, Орталық Азия өңірі Сырдария мен Әмудария өзендерінің ресурс­тарын пайдалану бойынша келісімге келгені дұрыс. Онсыз бұл мәселені шешу қиын. Бұл ретте Тәжік­стан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан елдері­нің бас­шы­ла­ры бірлесе оты­рып, ортақ бір мәмілеге келгені жөн. Кеңес үкіметі кезінде бұл елдермен трансшека­ра­лық суды бірлесіп пайдаланудың келісімшарты бар бола­тын. Қазір де сол шартпен жұмыс істеп келе­міз. Алайда кей жағдайларда өзеннің бастауын­да отыр­ған елдер бұл келісімшартты өз деңгейінде орын­дамай келеді. Бізге су қажет емес қысқы мезгіл­дер­де суды көп жібе­ріп, ал жазда азайтып тастайды. Бұл дұрыс емес. Міне, осындай ке­леңсіздіктер бол­мас үшін тағы да Орталық Азиядағы елдердің басшы­лары біріге отырып, мұны нақты шешудің жолдарын қарастыруы тиіс.


Жақыпбай ДОСТАЙҰЛЫ, география ғылымының докторы, профессор:
– Трансшекаралық өзендер мәселесі – өте күрделі проб­лема. Мұны шешудің жолдарын жан-жақты ойластырып, ке­шенді түрде шешпесек, ертең мұның арты үлкен дауға ұласып кетуі мүмкін. Бұл үшін біз алдымен су мәселесін үкіметтік дең­гейде шешіп алуымыз қажет. Өкінішке қарай, қазір бізде су ресурстары комитеті жабылып, оны басқару құзыреті Ауыл шаруашылығы министрлігінен алынып, Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне өтті. Онда ол комитет емес, департамент ретінде қалып кететін түрі бар. Кезінде су министрлігін құру керек деп шырылдап жүр­сек, енді «мүйіз сұраймын деп құ­лақтан айырылдының кері» келіп, коми­тетімізден де айы­рылып қалдық. Ал департамент деген не, онда ары кетсе 10-15 қана маман отырады. Олар мұндай күр­делі мә­селені қалай шешпек? Сондықтан мұны шешу үшін ең бірінші су ми­нистрлігін құруымыз қажет.


Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты:
– «Үйреніскен жау атыспаққа жақсы» демекші, өзіміз бұ­рыннан қатар келе жатқан тәжік, өзбек, қырғыз ағайын­дар­мен келісімге келіп, суды пайдаланудың ортақ негізде­месін жасап алуға тиіспіз. Менің ой­ымша, олармен келі­сім­ге келу сон­шалықты қиын емес. Өйткені тілі­міз ұқсас, түбі­міз бір, дініміз мұсылман халықтармыз. Ал бұл ретте Қы­тай­мен келіс­сөз жүргізу ауырлау болады. Қазір тран­ше­каралық өзен­дерге қатысты Қытаймен 2014 жылы келісім­шартқа отырамыз деген жоспар бар. Дегенмен қытай – 100 жылды­ғын ойлайтын халық, олармен өзіміз­ге тиімді келіс­сөз жүр­гізу оңай болмайды. Сондықтан бұл ретте қандай шегініске барсақ та, бұл мә­се­лені тиімді шешуіміз қажет. Тіпті керек болса, Ресей секілді алып елді ара ағайындыққа шақырып, екі жақтың да мүддесіне сай келісімге келуге тиіспіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста