Қызметкері азаматтардың конституциялық құқығын өрескел бұзған полиция бөлімінің басшысын қызметтен босату керек пе?

Қызметкері азаматтардың конституциялық құқығын өрескел бұзған полиция бөлімінің басшысын қызметтен босату керек пе?


Ербол ҚҰТПАНБАЕВ, Алматы облыстық сотының судьясы:
– Алдымен, «полиция қызметкері қандай жағдайда адамды ұстайды?» деген сауалдың жауабын тарқатып алайық. Ұстау дегеніміз – сезік келтірген адамның қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау және оны қамауға алу түріндегі бұлтыртпау шарасын қолдану мақсатында атқарылатын іс. Қылмысқа қатысты деген күдіктіні ұстау тәртібі ҚР Қылмыстық кодексінің 134 бабында көрсетілген. Атап айтқанда, нақты ұстау сәтінен бастап үш сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы ұстаудың негізі мен дәлелдері, жері мен уақыты минутына дайін дәл көрсетіліп, тінтудің нәтижесі, уақыты көрсетілуі керек. Егер, ұсталған азаматтың  қылмысқа қатысы бары расталмаса, қамауға алу туралы бұлтыртпау шарасын қолануға негіз болмаса, ұстау тәртіп-талаптары бұзушылық арқылы жүргізілсе, ол бірден босатылуы қажет. Сондай ақ, күдікпен ұсталған адамды 72 сағаттың ішінде сезіктіні ұстау органының басшысы өз босата алады. Бірақ ол жайында істі жүргізіп жатқан тергеушіге не прокурорға хабарлайды. Күдікпен ұсталған азамат уақытша қамау изоляторында болады. Өз тәжірибемде полиция қызметкерлерінің күдікті азаматты ешқандай қаттама толтырмай, ұстап отырғандарына куә болып жүрмін. Бұл полиция қызметкерінің өкілеттігін асыра пайдалануынан не өз ісін дұрыс білмеуінен орын алады. Сонан соң, полиция бөлімінің басшысы тарапынан бақылаудың, талаптың болмауы да осындай заң бұзушылықтардың кездесуіне себеп болып жүр. Ал, басшыны қызметінен босату мәселесіне келсек, әрине, басшы да жауап беруі тиіс, жұмыстан босату дұрыс бола қоймас. Меніңше, бұл жерде білгісіз себептермен заң талабын бұзған нақты қызметкерді (тергеуші, учаскелік полицей, т.б.) жұмыстан босатқан дұрыс сияқты. 


Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, Мәжіліс депутаты:
– Құқықтық сала қызметкері, әкімдік қызметкері болсын, кез келген мемлекеттік қызметкер халық үшін қызмет жасайды. Олардың басты міндеті де – халыққа қызмет ету. Мемлекет оларға өкілеттік беріп, сол орынға тағайындап отыр. Ал мемлекеттік қызметкер сол міндетті мүлтіксіз орындауы тиіс. Оларға мемлекеттің беріп отырған әлеуметтік пакеті де жақсы. Өкінішке қарай, халықтың арқасында айлық алып, бала-шағасын асырап отырғанын ұмытып, сол халыққа төбеден қарайтындар табылып жатады. Егер халықтың құқығын қорғауы тиіс полиция қызметкері, мемлекет берген өкілеттілікті асыра пайдаланып, азаматтардың конституциялық құқығын бұзып жатса, оған полиция бөлімінің басшысы тікелей жауап беруі шарт. Жауап бергенде, «сөгіс жариялау, қатаң сөгіс жариялау» деген сияқты әкімшілік жазамен шектелмеу керек. Ондай, күші жоқ тәртіптік жазаны мүлде алып тастау қажет. Егер бөлімді дұрыс басқара алмай, қызметкерлерінің азаматтардың конститутциялық құқығын бұзуына жол берсе, ондай басшыны жұмыстан босату керек. Мұндай шешім жаңадан келген басшының жауапкершілігін арттырып, өз қызметін адал, заң негізінде атқаруға ықпал етері сөзсіз.


Нұрлан АПАХАЕВ, заңгер:
– Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері тарапынан азаматтардың конституциялық құқықтарын өрескел бұзу фактілері өте жиі кездесіп жатады. Мұның ең басты себебі – полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің төмен болуы. Потрульдік полиция қызметкерлерін былай қойғанда, кейбір учаскелік полиция қызметкерлерінің қаттаманы дұрыс толтыра алмайтынын көріп жүрмін. Көшеде кетіп бара жатқан адамды «кім екеніңізді анықтауымыз қажет» деген сылтаумен себепсізден-себепсіз ұстап, бөлімшеге апаратын потрульдік полиция қызметкерлері көп. Ондағы мақсаттары – қорқытып-үркітіп, ақша бопсалау екенін елдің бәрі айтады. Еш себепсіз азаматты полиция бөліміне апарып, ұстап отыру заңсыз. Егер азамат қандай да бір іс бойынша күдікті деп танылған адамға сырттай ұқсаса, не басқа да күдік тудырса, оны полиция бөліміне апарып, мән-жайды анықтау қажет. Бірақ бөлімшеде азаматтың кім екенін анықтағанша үш сағаттан артық ұстауға болмайды. Егер нақты күдік тудырса, қаулы шығарып, үш күнге дейін ұстауы мүмкін. Бірақ бізде сол үш сағат, үш күн деген заң талабының сақталмауы жиі кездесіп жатады. «Полиция екі мың адам заңсыз ұстаған» деген мәлімет нақты көрсеткіш емес. Олар тек прокуратураға арызданғандар ғана. Арызданбай, құтылғаныма шүкір деп кеткендердің қанша екені белгісіз. Ал, ол үшін басшыны қызметінен босату дұрыс емес сияқты. Мұндай жағдайларда полиция бөлімінің басшысы ішкі істердегі тәртіп  бойынша жауап беруі қажет. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста