Дарынды жастардың шетелге кетуіне қалай тосқауыл қоюға болады?

Дарынды жастардың шетелге кетуіне қалай тосқауыл қоюға болады?


Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымының докторы, профессор:
– Дарынды жастарымыз шетелге жаппай кетіп жатыр деп айта алмаймын. Аздаған деректер бар. Бірақ қазірден бастап алдын ал­маса, тағы болмайды. Әйтпесе жастар арасында қызығушылық арта түсіп, ертеңгі күні тізгіндей алмай қалуымыз ғажап емес. Десек те, шетелге кеше жігерлене кеткен талай жастарымыз опық жеп қалып жатыр. Жастарымыздың осы жағын да ескере жүргендері абзал. Менің ойымша, шетелге құмар жастарды райынан қайтару үшін қолданыстағы заңдарға толықтырулар енгізу керек. Атап айтсам, біріншіден, құжат беру мәселесіне қатал қарауға тиіспіз. Екіншіден, оның мамандығы бойынша елде жұмыс табылатын болса, кетуге тыйым салған жөн. Үшіншіден, ата-анасының не туысқанының рұқсатын талап ету керек. Егер ата-анасы не басқа да жақын туысқаны оның қамқорлығына зәру болса, мұндай жағдайда да тосқауыл қойғанымыз дұрыс. Қаржы шығарып оқытқан екенбіз, ондай болса, жастарымыз бар ерік-жігерін, білімін Қазақстанның көркейіп, өркендеуіне жұмсасын. Міне, оларға осындай талап қоюымыз керек.

Жолдасбек МӘМБЕТОВ, филология ғылымының кандидаты:
– Міндетті түрде тосқауыл қоюымыз керек. Мәсе­лен, шетелде білім алған балаларымызға Үкімет қо­мақты қаржы жұмсады емес пе, ондай болса, ол – біздің байлығымыз. Ал қазір сол байлығымызды өзге елдің пайдасына жұмсап отырған сияқтымыз. Тосқауыл қоюдың жолдары, менің ойымша, мыналар: патриоттық тәрбиені күшейту, елдің экономикасын жақсарту, ана тілінің мәртебесін биіктету, өндіріс орындарын көптеп ашу, білім деңгейін көтеру.
Реті келіп отырғанда айта кетейін, өз басым, «бола­шақшылардың» шетелден алып келген білім­дерінің бізге пайдасы шамалы деп ойлаймын. Қалай дегенмен де, батыстың менталитеті мүлде бөлек, психологиясы да, салт-дәстүрі де бізге бөтен. Шетелде оқып келгендер ұйымдастыруға, басқаруға келгенде тосырқап қалады. Өйткені әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар.

Уәлихан ТӨЛЕШОВ, саясаттанушы:
– Менің ойымша, көпшілік жастарда қазір елге, жерге деген құрмет азайып барады. Тек қарақан басының қамын ойлайды. Әрине, бар кінә жастарымызда ғана емес, мына алмағайып заманда тәрбие мәселесі «көптің бірі» болып қалды. Оның үстіне нарық заманының заңдылығы да шығар бұл. Сондықтан бірінші кезекте осы қателігімізді жөндемесек болмайды. Екіншіден, жастарымыздың білімінің сыртта емес, өз елінде жұмсалуына тек біз емес, Үкімет те мүдделі екендігін ескерсек, арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдау керек. Бұрындары ЖОО бітіргендерді ауыл, аймақтарда тәжірибеден өтуге міндеттейтін еді, міне, сол сияқты қазіргі жастарды да мүмкін болса, өз елінде тәжірибеден өтуге үгіттесек жаман болмас еді. Алайда, ең алдымен, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде еш қиындық болмауы тиіс. Бір айта кетерлігі, шетелге кеткен жастарымыздың көпшілігі ол жаққа да бейімделе алмай қалып жатыр. Елге қайта оралғаннан басқа амал таппайды. Олардың дағдарысқа ұшыраулары, сайып келгенде, үлкен проблема туындатады. Өзі үшін де, мемлекет үшін де.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста