Абайтануды жеке пән ретінде мектеп бағдарламасына енгізуге не кедергі?

Абайтануды жеке пән ретінде мектеп бағдарламасына енгізуге не кедергі?


Серік НЕГИМОВ, профессор, абайтанушы-ғалым:
– Меніңше, абайтану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге ешбір кедергі жоқ. Бар мәселе – ықыласта. Себебі ықыласты ұстаз, ынталы мұғалім Абайды оқуы керек, Абайды білуі міндет. Осыдан кейін мектеп оқушыларын Абай іліміне кеңінен тарту қажет. Ондай мамандар бар. Абайды сүйетін, Абайдың қазақтың беткеұстар ұлттық тұлғасы екендігін түсінетін, «Абай мұрасы – бүгінгі өмірдің айнасы» деп білетін ұстаз ғана өз шәкірттері үшін Абай әлемін аша алады. Бұл күнде Абайға елдің және барлық ғалам қауымдастығының ықыласы артуда. Себебі ол – бір кездегі адамзаттың ойшылдары – Аристотель, Сократ, Пла­тон­дар­дың рухын бойына сіңіріп, Пушкинді, Лермонтовты, Гетені қазақ тілінде шыр­қатып, бүкіл адамзаттың мәдени-рухани қазынасын мүлтіксіз меңгерген тұлға. Сондықтан да қазіргі кезде абайтану мәселесіне басқа халықтар да ерекше мән беріп келеді.  Бірақ мектеп деңгейінде бұл жұмыс баяу жүргізілуде. Біздің Тәуел­сіздігіміздің іргетасын бекіту үшін, рухани құндылықтарымызды тереңдету үшін, жас қазақстандықтарды тұлға ретінде қалыптастыру үшін республиканың барлық мектептерінде Абайтану пәні міндетті түрде оқытылуы қажет. Бұл пәнді бар­лық жоғары оқу орындарына енгізу керек.

Зульфия ЧЕНЫБАЕВА, Астана қаласындағы №4 мектеп-гимназиясының әдебиет пәнінің мұғалімі:
– Негізі, бүгінде біздің мектептерімізде абайтану пәнін оқытуға қажетті нақ­ты бағдарлама жоқ. Ендеше абай­тануды мектеп бағдарламасына ен­гізуге басты кедергі осы деп білемін. Әрине, қазіргі кезде бұл пәнді оқы­­ту­дың  жекелеген ұстаз­дар  ықы­ла­сымен жүзеге ас­қан бағ­дар­ламалары бар. Мәселен, бұл ретте біздің Жам­­был Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының ұстазы Шапиға Аты­­ғае­ва жасаған бағ­дар­ламаны атауға да болады. Бұдан бөлек, Астанадағы №8 мектептің мұғалімі Шолпан Әбеуова абайтану пәнін оқыту бағ­дар­ла­ма­­сын әзірлеген болатын. Бірақ 1-сыныптан бас­тап, 11-сыныпқа дейін абай­­тану пәнін оқыту жөніндегі нақ­ты бірізді бағдарлама әлі күнге дейін әзір­­ленген емес. Сондықтан да бүгінде Білім және ғылым министрлігі бұл мә­­селеге ерекше ден қойып, абайтану пәнін оқытудың ар­найы бағ­дар­ла­ма­­сын қабылдауы қажет деп ой­лай­мын.

Жанат ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ, Еуразия ұлттық университетінің профессоры:
– Менің ойымша, барлық қазақ мектептерінде, ең бірінші, Абайтану пәнін оқы­тудың бастапқы деңгейі болуы қажет. Мек­тепте Абайдың қарасөздері мен өлең­дерінің мәтіндерін оқытудан бастау ке­рек деп ойлаймын. Оқушы Абайдың қа­расөздері мен өлеңдерін то­лық меңгеріп шығуы тиіс. Ал жоғары оқу орнында ол Абай мұ­ра­сын тереңдетіп оқиды. Негізі, Абайды танып-білуде мектептің ор­ны зор. Мек­теп оқушыларын университеттегі сияқты гу­ма­ни­тар­лық, жаратылыстану не­месе қол­данбалы маман­дық­тар­ға бөліп оқыт­пайды. Сондықтан тек мектеп қа­бырғасында ғана абайтануды бар­лық жағынан қамтуға болады. Меніңше, абайтануды мем­ле­кеттік білім беру стандарттарына енгізіп, 10-11 сыныптарға ап­та­сына бір рет оқы­ту­дың ешбір артықшылығы жоқ. Оған қандай да бір кедергі болады деп ой­ла­май­мын. Ол үшін мұғалімдер қауым­дас­тығы тарапынан Білім және ғылым ми­нистрлігіне ұсыныс жа­сал­са, мектеп бағдарламасына абай­тануды жеке пән ретінде ен­гі­зу­ге әбден болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста