Өкпелеудің зияны қаншалықты екенін білесіз бе?

Өкпелеудің зияны қаншалықты екенін білесіз бе?

Өзiңiздi қатты ренжiткен, сiздiң налаңызға қалған адамды кешiрмеудiң зардабын ең алдымен өз денсаулығыңыз тартатынын мықтап есте сақтаған жөн. Мұны ғылым әрқилы жолмен түсiндiредi.
Үндi ведаларында ренiш, өкпенiң адамға ең керi әсер тигiзетiн эмоция екенi жазылған. Оған сенсек, адам денесiн оның аурасы қоршап тұрады. Денi сау адамды қоршап тұратын өрiс еркiн орналасқан, денеге әсер етпейдi, қайта энергетиканы қорғап тұрады. Ал адам ренжiген кезде оның аурасы, яғни оның денесiн қоршап тұратын өрiс өзгередi. Ол виртуалды қабық адам денесiне батып, қыса бастайды. Ол неғұрлым қатты қысып, жанға батқан сайын адам соғұрлым көп зардап шегедi. Сөйтiп, ағзасындағы органдар ауруға шалдығады. Және қысылатын аумақ көп болған сайын ауыратын органдар да көбейе түседi екен.
Ұзақ жыл бойы адам бойында қалып қойған наз ауыр науқасқа әкеп соқтыруы мүмкiн. Бұл қалай iске асады? Адам өзiн ренжiткен пенде мен басынан өткерген оқиғаны қайта қайта есiне түсiрiп, үнемi бастан аяқ жаңғыртып отырады. Бұдан оның ренiшi онан бетер асқына түседi. Сөйтiп, эмоцианалды реакцияның тұтқыны болып шығады. Былай қарағанда, оның ренiшi мен ренiш объектiсi – бастапқы себеп қана, уақыт өте келе өзiн өзi аяу мен мүжи беруге етi өлiп кетiп, бұл оның тұрақты көңiл күйлерiнiң бiрiне айналады. Осы кезде өкпе адам өрiсiне кәдiмгiдей жүк түсiрiп, оны өзгертедi, бүлдiредi.
Медицинаның психосоматика саласы адам денесiне психологиялық факторлардың қалай әсер ететiнiн зерттейдi. Осы ғылым саласына сәйкес, көптеген ауруды қоздыратын алғашқы себеп – ренiш өкпе. Адам ренiштi ақыл ойы арқылы қабылдағанымен, оны дене есiнде сақтап қалады. Адамның ең сезiмтал органдары ауруға сол себептi шалдығады.
Ренiш, әсiресе, тыныс алу жолдары, өкпе, жүрекке әсер етедi. Тамақ аурулары, зоб та бiреуге қатты өкпелеуден пайда болуы мүмкiн.
Француздық ғалымдар жүргiзген зерттеу мұны дәлелдей түстi. Бұл тәжiрибеге 200 адам қатысты. Бұларға өздерiн қатты ренжiткен, ар намысына тиген оқиғаны еске түсiру жөнiнде тапсырма берiлдi. Тәжiрибеге қатысқандардың жартысына ренiштi ұмытып, назына қалған адамды кешiрген оқиғаны еске түсiрiңдер деп тапсырылды. Сөйтсе, ұзақ жыл бойы кек сақтап, ренжiткен пенденi кешiрмегендердiң жүрек соғысы жиiлеген, қан қысымы көтерiлiп, гормоналды жүйесi өзгерген. Ал мұның арты жүрек ауруларына, инсультке әкеліп соғады екен. Алда мақсатыңыз бар, өсіп-өркендеп, дамуды мақсат қылған адам болсаңыз, жүрегіңізде пайда болған өкпе сізді алға тартудың орнына кері кетіріп, құлдырата түседі. Яғни жүректегі сол бір жара сізге жүк болып, алға жылжуға мұрша бермейді.Қарапайым логикаға салсақ, бізге зиян келтіретін нәрселерден құтылудың жолын іздеуіміз керек. Яғни іште ренішті сақтамаудың тәсілдерін қарастыру қажет.Себебі сыртқа шықпаған, көңілдің көлеңкесінде қалып қойған у бізді ішімізден жегідей жеп, құрта бастайды. Сабырлы болыңыз.Қазақ сабыр түбі сары алтын деген.
blogtime.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста