Маңғыстауда инновациялық идея көп, тек оны дәлелдей алу қажет

Маңғыстауда инновациялық идея көп, тек оны дәлелдей алу қажет

Жеңісбек САҒЫНДЫҚОВ, Маңғыстау облысы Индустриалды-инновациялық даму басқармасының бастығы:

Маңғыстау облысы Түрікменстанмен, Каспий теңізі арқылы Әзірбай­жан, Иран, Ресеймен шектеседі. Облыс 1973 жылы 20 наурызда құрылды. 1988 жылдың 2 маусымында таратылып, 1990 жылдың 17 тамызында тарихи «Маңғыстау» деген атпен қайта облыс болып құрылған. Облыс орталығы – Ақтау қаласы. Маңғыстау облысының жер көлемі 16 564,2 мың га-ны құрайды. Жер қойнауы мұнай, газ, фос­форит, көмір, марганец, әртүрлі тұздар, ұлутас қорларына бай. Маңғыс­тау облысы – Қазақстан­ның негізгі донор өңірлерінің бірі. Облыстың экономикалық белсенділігі өңірдегі пайдалы қазбалардың көп болуына, соның ішінде, мұнай және газ кен орындарының иге­рілуі­не байла­нысты. Үкімет қабылдаған 2010-2014 жылдарға арнал­ған Мемлекеттік Үдеме­лі индустриялық-инновациялық даму бағдар­ламасы қалай жүзеге асырылуда, осы мәселе төңірегінде Маңғыстау облысы Индустриалды-инновациялық даму басқармасы­ның бастығы Жеңісбек Өренұлы Сағын­дықовпен сұхбатты оқырман назарына ұсынамыз.

– Жеңісбек Өренұлы, индустриалды-инновациялық жобалардың іске асуы биліктің күн тәртібінде тұр. Қазақстан экономикасына жаңа серпіліс әкелетін бағыт ретінде қолға алынған жаңа басқармаға жетекшілік етіп отырсыз, әңгімені  «жұмыс қарқыны қалай?» деп бастасақ жөн болар.
– Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстанның мықты болуы үшін, ең алдымен, аймақтардың мықты болуы қажет. Сол себепті мұнайлы Маңғыстауда еліміздің дамуына әр салада үлес қосып, өзінде бар мүмкіндікті кең көлемде кәдеге жарату бағытындағы жұмыстар негізге алынған. Өлкемізде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған негізгі бағдарламаларды басшылыққа алып отырмыз.
Сіздің сұрағыңызға жауап бере кетейін, басқарма жаңадан құрылып жатқан­дық­тан, бүгінгі күні оның бағыт-бағдары ай­қындалып, өзіндік құрылымдары жасақ­талып жатыр. Бұған дейін жұмыс жасап келген кәсіпкерлік бөлімінің жұмысымен тығыз байланыста болғасын ортақ міндет пен жауапкершілік бар. Жаңа басқармада  «Инвестициялық-иннова­циялық саясат бөлімі», «Өндіріс» деген жаңа бөлімдер ашылды. Штаттық кесте бойынша барлығы 18 адам қызмет етеді. Негізінен, басқар­маның міндеті – Үкімет қабылдаған  2010-2014 жылдарға арнал­ған Мемлекеттік Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жұмысын жетіл­діру, дамыту, іске асыру. Нақтырақ айтқан­да, болашақта иннова­циялық жобалардың барлығы бізбен байланысты болмақ. Мысалға, статисти­калық көрсет­кіш бойын­ша былтырғы 10 аймен салыс­тыр­ғанда Маңғыстау өнер­кәсіптері 1,9 пайыз артық жұмыс жасағаны анықталып отыр. Ол, негізінен, мұнай өнімдерін өнді­румен байланысты екені  белгілі. Астанада өткен брифингте облыс әкімі Алик Серікұ­лы мұнай-газ өндiру секторы мемлекеттiк бюджет пен Ұлттық қорға құйылатын тү­сiм­дердiң үлкен бөлiгiн құрайтынын, 2013 жылдың 9 айында түсiм­дердiң жалпы көлемi 662 млрд теңгеге жеткенін айтты. Ағымдағы жылдың 9 айында өңiрде 13,4 млн тонна мұнай өндiрiлген. Осы 10 айдың көрсеткіші бо­йынша 1 810 млн3 табиғи газ өндірдік. 
– Мемлекеттік Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы 2010 жылдан бастау алды, содан бері қандай нақты инновациялық жобалар қолға алынды?
– 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бо­йынша 2010 жылдан бері барлығы 34 жоба ұсынылды. Оның ішінде 23 жоба нақты қаржыландырылды. Бұл 23 жобаға барлығы 131,4 млрд теңге инвестиция тартылды. 1861 адамға жұмыс орны ашыл­ды. Бірақ осы жобалардың ішінде тоғыз жоба нақты іске асырылып, бүгінгі күні өз күшіне еніп келе жатыр десек болады. Тоғыз жобаға 94,5 млрд теңге жұмсалды. Барлығы 1254 адамға жұмыс орны ашылды.
– Олар қандай жобалар?
– Үдемелі индустриялық-инновация­лық даму бағдарламасы аймақтардың алға басуына, сол арқылы еліміздің нығаюына серпін берген бас­тама болды. 2010-2012 жылдары облыста 23 жоба аяқталды дедік, оның біреуі – Респуб­лика­лық картаның еншісінде, қалғаны – өңірлік деңгейдегі жобалар. Бұған дейін «ҚазАзот», «Бейнеу элеваторы» пайдала­нуға берілсе, Ақтау қаласындағы «Caspi Bitum» БК» ЖШС-ның «Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру» жобасы, «Каспий Цемент» ЖШС-ның Шетпе ауылындағы цемент зауыты биыл пайдалануға берілмек.
«Каспий Цемент» ЖШС-ның зауыт құры­лысы қазір межеге жақын­дап қалды. Зауыт оңтүстік Шетпе, Аусар кен орындары­ның шикізаттарын пайдаланады. Кен орындарынан шикі өнімді алу үшін жол салынып, жобалау-іздестіру жұмыстары жүруде. Зауыт маңының инфрақұрылымы жасақталған. 6 ша­қы­рымдық теміржол төселіп, стансы бет­тегі те­міржол желісі жөн­деуден өткен. Электрмен жабдықтау орта­лығы­ның құрылысы салынуда. Жеті ұң­ғыма қазылып, артық су қоры шамала­нып, су дайындау нысанының құрылысы қолға алынбақ. Зауыттың құрылыс жұмыс­тары 800 адамды жұмыспен қамтып отыр, ал өз күшіне енген сәтте 300 жанның жұ­мыс орнына айналмақ. Кәсіпорын зама­науи технологиямен жабдықталады деп күтілуде, бұл өз кезегінде цемент өндірісіне қуат көзінің әдеттегіден аз жұмсалуына мүм­кіндік береді екен. Құрылыс жұмыста­ры­на арналған це­мент­тің жылына 1 млн тоннасын өндіруді жоспарлап отыр­­ған «Каспий Цемент» ЖШС басшылығы оны Ақтау халықаралық теңіз сау­да порты арқылы Әзірбайжан, Ресей елдеріне экс­порттамақ. «Каспий Цемент» ЖШС-ның қызметкерлері өткен жылдан бастап, Ресей­дің Белгород, Тула, Стерлитамак, Брянск қала­ларындағы зауыттарда, тех­ни­калық жоғары оқу орында­рында, өзіміздің Өскемен қала­сындағы цемент компаниясы базасында түрлі тақырыптарда тәжірибе жинақтап, білім алуды тұрақты дәстүрге айналдырған.
Цемент зауыты қолданысқа 2013 жыл­дың желтоқсан айында тапсырылуы тиіс.
Жол-көлік саласын дамыту, жол сапасы мен бағыттарын арттыру бойынша серпінді жұмыстарды қолға алған елімізде жол құрылысы үшін қажетті материалдың бірі – битум. Осы бұйым енді Маңғыстауда өндіріледі. Республикалық индус­трия­ландыру картасы аясын­да осыдан үш жыл бұрын іргетасы қаланған зауыт құрылысы жоба­сының құны 43,5 млрд теңге болса, зауыттың құрылысы 38,3 млрд теңгені құрайды. Еліміздің «Мұнай және газ» институты жобалаған жобаның құрылыс жұмыстарын «КазСтройСервис» мемлекет­тік құрылыс компаниясы» АҚ мен CITIC Kazakhstan компаниясы жүргізіп жатыр. «КазСтройСервис» Ұлттық мемлекеттік құрылыс компаниясы» АҚ құрылыс-мон­таж жұмыстарын, жалпы, зауыттық құрал-жабдықтарды жеткізуге міндетті болса,  CITIC Kazakhstan компаниясы ЭЛОУ-АВТ технологиялық құрал-жабдықтарын жеткізу, битумдарды түрлендіру, оларды өл­шеп, бөлшектеумен айналысады. Шикі­зат көзі қашық емес – Қаражанбас кен орны. Жаңа зауыт жылына 1 млн тонна мұнай пайдалана отырып, жыл бойы 406 мың тонна жол битумын өндіруді межеле­ген. Оның ішінде 161 мың тонна түрлен­діріл­ген битум, бензин-дизель фракциясы 255 мың тонна, вакуумдық газойль көлемі 330 мың тоннадан кем болмайды деп отыр. 300-ге жуық тұрақты жұмыс орнын ұсынып, ел экономикасының дамуына үлес қосатын бұл зауыт та жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.
– Мол қаржы салынып, алайда өзін ақтай алмай, ақсап тұрған жобалар бар ма?
– Бар. Ондай бес жоба бар. Өзіңіз біле­тін, Ақтаудағы планшет зауыты, соны­мен қатар Қашағандағы мұнай өндіруді күтіп қалған бірнеше жоба тұсалып тұр.
– Жеңісбек Өренұлы, өлкемізде индустриалды-инновациялық жобаларды іске асыру үшін қандай кедергілер бар?
– Біздің аймақ, негізінен, мұнай өнді­руге, мұнаймен байланысты барлық өндірістерді дамытуға бейімделген. Өлке­міздің дамып, өсіп-өркендегенін барлы­ғымыз қалаймыз. Алайда біз жүзеге асы­рып отырған мемлекеттік бағдарламада мұнай өнімдерін өндіруге қатысты жоба­лар жағы қамтылмаған. Алда 2015-2019 жылдарға арналған тұжырымдама жаса­лып жатыр, соған осы мәселені енгізуге жұмыстанып жатырмыз.
Сөз арасында айта кету керек. Аймақта еліміздегі ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорын­дар, яғни өңірдегі өндірістің 31 пайыздан астамын, республика бойынша 8 пайызын қамтамасыз ететін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ-тың 100 пайыз еншілес компаниясы болып табылатын «Өзенмұнайгаз» АҚ, Маңғыстау облысын­да­ғы алдыңғы қатарлы мұнай өндіруші кәсіпорындардың үздік үштігіне кіретін «Қаражанбасмұнай» АҚ, Ақтау маңындағы Доңға кен орнының 60 пайыздық үлесі мен операторлық құқығына ие MaerskOil компаниялары бар. Бұлардың барлығында да жаңа технологиялармен жабдықтау жұмыстары жүзеге асуда.
Дәл қазіргі уақытта өз тарапымыздан 2014 жылдарға арналған жобаларды қарастырып жатырмыз. Сонда байқа­ға­ным, барлық қуатты инвесторлар қаржы­сын мұнай саласына салғысы келеді. Шындығында, қазіргі мұнай өндіріп отыр­ған компаниялардың қай-қайсысы да қандайда бір объектісін жаңартуға қаржы салса, біздің өлкемізге тартылған инвес­тиция болып есептеледі. Сондықтан мұнай саласына ақша салуға ешкім тартын­бай­тынын ескеруіміз керек.
– Мұнайдан бөлек, басқа қандай салалар инвесторларды қызықтырады?
– Маңғыстау – қазба байлықтардың кені. Индустриялық-иннова­­­циялық даму бағдарламасы өлкеде барды ұқсатып, халық игілігіне жарату қажет­тігін ұқтырды. Істің ыңғайын біліп, қолда барды кәдеге асыра алатын кәсіпкерлер мен мамандар іске кірісіп жатыр.
Біздің облысымызда су тапшы екені белгілі. Жақында бір инвестор облыс бо­йын­ша су тұщыту зауытын салуды ұсынды, әзірге келіссөздер жүргізіліп жатыр. 
– Инновациялық жобаларды, негізінен, кімдер ұсынады? Өлкеміздің өнертапқыштары атсалысып жатыр ма?
– Инновациялық жобалардың дені шетелден келеді, әрине, инвестор да шетелдіктер болады. Идея бар. Идея көп. Жүзеге асыру үшін әуелі оны дәлелдей алу керек. Біз сол идеяларымыздың құжат­та­рын реттеп дәлелдей алмай жатамыз. Не­гізінде, инновациялық идеяларың болса, бізге хабарласыңдар деп аудандар­ға хат жаздық. Қиял көп. Кейбір адамдар қиял-ғажайып жобаларымен келеді. Қа­зіргі уақытта нақты жобаларға назар ауда­рып, қаржыландырып, тезірек іске қосу керек.
Өңірдің индустриялық-инно­­­­­ва­циялық жобалары құры­лыс­­қа, мұнай саласына, күнделікті тұр­мысқа қажетті ірілі-ұсақты бұйым­­­­дар, азық-түлік өнімдерін шыға­­ратын кә­сіп­­­орын­­дарды көбей­­туді межелеп отыр­ғаны қуантады. Сөз соңында айтарым, жақ­­сы бастаманың жол­­да қалмағаны жақсы.
– Сұхбаттасқаныңызға рақмет. Жұмыстарыңыз жемісті болсын.

Алашқа айтар датым...
– Біздің аймақ, негізінен, мұнай өнді­руге, мұнаймен байланысты барлық өндірістерді дамытуға бейімделген. Өлке­міздің дамып, өсіп өркендегенін барлы­ғымыз қалаймыз. Алайда біз жүзеге асы­рып отырған мемлекеттік бағдарламада мұнай өнімдерін өндіруге қатысты жоба­лар жағы қамтылмаған. Алда 2015-2019 жылдарға арналған тұжырымдама жаса­лып жатыр, соған осы мәселені енгізуге жұмыстанып жатырмыз.
Сөз арасында айта кету керек. Аймақта еліміздегі ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорын­дар, яғни өңірдегі өндірістің 31 пайыздан астамын, республика бойынша 8 пайызын қамтамасыз ететін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ-тың 100 пайыз еншілес компаниясы болып табылатын «Өзенмұнайгаз» АҚ, Маңғыстау облысын­да­ғы алдыңғы қатарлы мұнай өндіруші кәсіпорындардың үздік үштігіне кіретін «Қаражанбасмұнай» АҚ, Ақтау маңындағы Доңға кен орнының 60 пайыздық үлесі мен операторлық құқығына ие MaerskOil компаниялары бар. Бұлардың барлығында да жаңа технологиялармен жабдықтау жұмыстары жүзеге асуда.
Дәл қазіргі уақытта өз тарапымыздан 2014 жылдарға арналған жобаларды қарастырып жатырмыз. Сонда байқа­ға­ным, барлық қуатты инвесторлар қаржы­сын мұнай саласына салғысы келеді. Шындығында, қазіргі мұнай өндіріп отыр­ған компаниялардың қай-қайсысы да қандайда бір объектісін жаңартуға қаржы салса, біздің өлкемізге тартылған инвес­тиция болып есептеледі. Сондықтан мұнай саласына ақша салуға ешкімге тартын­бай­тынын ескеруіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста