«Астана-Бәйтерек» монументі
Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың аралығындағы байтақ атырапта биыл ұлы той – көк түріктің рухына мұрагер болған қазақ халқы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлайды! Тәуелсіздік халқымызға жаңа сана-сезім, өмірімізге жаңа қастерлі ұғымдарды енгізді. Қасиетті елордамыздың жүрегінде егемендіктің басты нышанындай болып, Бәйтерегіміз бой көтерді. «Астана-Бәйтерек» монументі темірден, шыныдан және бетоннан жасалған бірегей сәулеттік ғимарат. Адамға магиялық әсер ететін алып ғимарат биіктігі – 105 метр, салмағы 1000 тонна металл құрастырмадан тұрады және 500 діңгек қадамен отырғызылған. Алып бәйтеректің басындағы көз тартар шар күн сәулесімен түрлі-түске құбылып тұратын хамелеон шыныдан жасалған. Шардың диаметрі – 22 метр, ал салмағы – 300 тонна. Тәуелсіз еліміздің астанасы 1997 жылы Есіл бойына ауыстырылғаны белгілі. Осы жылға деген тарихи құрметтің нышаны ретінде «Астана-Бәйтерек» монументінің жалпы биіктігі де 97 метрді құрады. Ғимараттың ұшар басында Елбасымыздың Қазақстан халқына, елдегі тату-тәтті өмірге, достық пен жарасымдылыққа деген ниеті көрінетін, оң алақанының бедерлемесі бар. Кешенде одан бөлек, Арқа төсіндегі әсем қаланың макетін тамашалауға болады, білікті гидтердің көмегімен Тәуелсіз еліміздің мәдени-тарихи өмірі жайлы мағлұматтар алуға болады. «Астана-Бәйтерек» – Тәуелсіздіктің қастерлі нышаны, ел бірлігі мен әлемдік тыныштыққа тірек болар «өмір ағашы»!
Тәуелсіздік туындысы
Последние статьи автора