Күйеуі «қыз туа бересің» деп айыптай беретін әйел сырымен бөлісті, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.
Өзін Айсапар деп таныстырған шымкенттік әйелдің 6 қызы бар екен. Алғашқы қызын босанғанда күйеуі бір айдай уақыт сөйлеспей қойған. Арадан уақыт өтіп, дәл осы жағдай өзгеріссіз қайталана беріпті.
«Аяғым ауырлағанда осы жолы ұл болса екен деп, Құдайдан тілейтін болдым. Менде тіпті қыз табудан фобия пайда болды. Алғашқы қызымыз туғанда менімен сөйлеспей қойған күйеуім, үшінші қызымыз дүниеге келгенде перзентханадан шыға салып соққы астына алды. Қазір ол қит етсе қыздарды ұрып-соға береді. Отбасымыздың шырқы бұзылды», - дейді күйінген келіншек.
Оның айтуынша, күйеуіне екінші әйел алып беруге дайын. Дегенмен, екеуі де жұмыс істемейтін ерлі-зайыптылар 6 қыздың жәрдемақысына ғана күн көріп отыр екен.