«Осыған мен не үшін қажет екенмін? Тек құмарын басу үшін бе әлде…»
«Осыған мен не үшін қажет екенмін? Тек құмарын басу үшін бе әлде…» деген әйелдің қулығы мен психологиясынан хабардар болсаңыз...
Жатын бөлмеге кірдіңіз… Өзіңіздің нені қалап тұрғанын жақсы білесіз. Ал әйеліңіздің төсекте не қалайтынын білесіз бе?
Еркектердің ең көп жіберетін қателігі – жыныстық қатынасқа түсерде тек өзін ғана ойлап, ал әйелдің не қалайтынын білмеуінде. Тек өзінің ғана құмарын қандырса болды, ал жұбының қалауына ой жүгірте бермейді. Мұндай жағдайда абайламаса, ең берік махаббаттың түбіне жетуі де мүмкін еркектер. Иә-иә, бұл рас.
Егер аздап күш салып, ойланар болса, сезіміне селкеу түскен әйелді өзіне тағы да ғашық ете алады. Еш қам жемесеңіз болады, бұл дәлелденген. Өмірде әйелді бақытты еткеннен өзге жеңіс жоқ, еркек үшін.
Ендеше, әйелдің нені қалайтынына көз жүгіртіңіз.
Аймалау – әйелді естен тандырады
«Келдің, шаруаңды атқардың, кеттің» - бүткіл әйел қауымы өлердей жек көретін жағдай. Әсіресе, некелі жұптардың арасында осылай болса, оның алысқа бармайтыны, қарым-қатынасына салқын түсуі мүмкін. Ал әйелдің көңілі толмаса, қабағы қатуланып, сөзі қатқылдана беретіні бүткіл еркектерге мәлім. Арғы жағын шамалай бересіз. Демек, ыстық сүйістен бастап, алқына аймалауды ешқашан естен шығармаңыз. Рас, кейде апай-топай басталып кететін жағдай да боп тұрады. Бірақ оның өте сирек болатынын жақсы білетін шығарсыз?!
«Мысығым, қояным, қонжығым…» деп атасаңыз ешкім күлмейді
Басқа жерде атамай-ақ қойыңыз. Ол тек жатын жайда ғана қолданылса болды. Тәтті түнге емеурін танытатын осындай бір «пароль» болса, еркек ұтады. Тек онымен ғана қалып кетпей, әйелдердің құлағымен сүйетінін де есепке алып, жіберсеңізші аттың басын?! Сөздің қорыңызды осынау әдемі сөздерге толтырып алып, жатын бөлмеге аттансаңыз сол күнгі төсектің «өрт» болатынына сене беріңіз.
Әйел айтуға ұялса, сіз дөп басыңыз
Рас, әйелдер жыныстық қатынас кезінде өзіне не ұнайтынын айтуға ұялады. Ұялу деген өте жақсы қасиет екенін білесіз, ол өзіңізге де ұнайды.
Енді әйел нені айтуға ұялатынына оралайық. Кейбір әйелдерге төсек қатынасындағы нәзік қимылдар емес, дөрекілеу әрекеттер ұнауы мүмкін. Сондықтан, көзіңізді тарс жұмыс өзіңіздің ләззатыңызға мас бола бермей, бір сәт сергек болыңыз да, оған не ұнап жатқанына мән беріп көріңіз. Бұл жағдайды сонда түсінесіз.
Әйелге уақыт керек
Не үшін дейсіз бе? «Тәтті түнге» дайындалуға.
Ол киіну-жуыну емес, өзін жыныстық қатынасқа дайындап, қозуға кететін уақыт. Бір әйелдер «с полуоборота» оталса, енді бірін біршама «қыздыру» керек.
Ал енді оны қалай тез «қыздырып аласыз», ол сіздің ғана қолыңыздан келеді. Массаж жасайсыз ба, билеп бересіз бе, әлде кино көресіз бе, ол жағын зерттеп алуыңыз қажет.
Әрине, оргазм!
Оргазмның дәмін бір татқан әйел әрбір жыныстық қатынаста болмаса да, үшеудің бірінде тағы қайталанғанын қалайды. Әрине, бұл тек еркектің ғана қолында емес екендігін әйел де түсінуі қажет. Дегенмен, керемет түннің қайталануын сиретіп қоймаған жөн.
Құдай үшін, теріс қарап жатып қалмаңыз
Ал, тәтті сезімнің шарықтау шегінде болып қайттыңыздар делік. Тап осы сәтте әйел сізге сыни көзбен қарайтынын білмесеңіз керек?!
«Осыған мен не үшін қажет екенмін? Тек құмарын басу үшін бе әлде…» деген әйелдің қулығы мен психологиясынан хабардар болсаңыз, сұлқ түсіп ұйықтап қалмайсыз. Жуынып келіп, қайта құшағыңызға аласыз да шашынан иіскеп, иығынан сипап жатып бірге тәтті ұйқыға кетесіз. Маңдайынан құшырлана сүйсеңіз, сіздің үйде болуыңызды, соған орай жайыңызды жасап күтіп отыратынына сеніміңіздің нүктесін мәңгілікке қоясыз.
Мақала ұнады ма? Ойыңыздан шыға ма? Мүмкін, келіспейтін жеріңіз бар шығар. Ендеше, пікірге жазып кетіңіз.
Жайнаған Байтұрым,