Әскерге барғың келе ме?

  • 32

7 Мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Алматы қаласындағы М.И.Қоңыр атындағы №154 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамада қойылған «Әскерге барғың келе ме?» деген сұраққа 16 ер бала жауап берді. Олардың 11-інен «иә», бесеуінен «жоқ» деген жауап алдық.

Төленді Нұрдәулетов, 11-сынып оқушысы:
– Мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына қабылданғым келеді. Ата-бабаларымыз білектің күші­мен, ақ найзаның ұшымен қорғап, туған елдің топырағына бөтеннің ізін қалдыр­май, сан ғасырдан бері анталаған жау­дың ешбіріне алдырмай, мұраға қалдыр­ған қасиетті даланы біз де ұрпақтан- ұрпаққа аманат етіп табыстауға міндет­тіміз деп есептеймін. Әскерге бару – кез келген ер-азаматтың, отансүйгіш ұлан­ның борышы. Сондықтан өз адал боры­шым­ды міндетті түрде өтеймін. Туған елімді, кіндік қаным тамған туған жерім­ді бар күшіммен, ниетіммен қорғағым келеді. Мен болашақта өз Отанымның, Тәуелсіз Қазақ елінің мүддесі үшін қыз­мет етер ержүрек, батыл, қайсар ел қор­ғау­шы болатыныма кәміл сенімдімін. Қазіргі таңда ел аузында жүрген әскери бөлім­шелердегі келеңсіздіктер жайлы сөздің көп екені жасырын емес. Сондық­тан да болар, көптеген замандастарым әскерге барудан жасқанады. Өз кезегім­де мен де мұндай жағдайлардан хабар­дармын. Алайда айтылып жүрген қауе­сеттің бар­лығын шындыққа жанаспайды деп есеп­теймін. Дамыған 30 елдің қата­ры­на қы­ран­дай ұмтылған Қазақ елі қазіргі заман­ның барлық талаптарына сай, әс­кери бө­лімшелері де жақсы жаб­дықта­лып, керек-жарақтың барлығы да қам­тылған. Сол себепті өз замандаста­рыма «Бола­шақ­та әр азамат Отан ал­дындағы боры­шын өтеуге міндетті!» деген үндеу сал­ғым келеді.

Әділет Тасболат, 11-сынып оқушысы:
– Менің әскерге барып, Отан алдын­дағы абыройымды асқақтатқым келеді. Бірақ соңғы бір жыл көлемінде өз шеші­мімді өзгерттім. Себебі білімімді жетілді­ріп, оқу оқып, мемлекеттің болашағы үш­ін қызмет етер азамат болуға ниет­тімін. Қа­зір отандық телеарналардан Отан ал­дын­дағы борышын өтеп, әскер қа­та­рын­да жүрген азаматтарға қатысты қаралы хабарлар жиі берілетін болып жүр. Со­дан да болар, ата-анам менің ше­шімімді қолдап отыр. Әрине, уақыт өте келе за­манның ағымымен, заманауи та­лап­тың өзгерісіне сай әскердегі тәртіп пен талап жүйелі өзгеріске ұшырап, ты­ныш­тық орнар болса, мүмкіншілігінше әс­керге баруға бар ынта-жігерімді арна­мақпын.

Автор
Последние статьи автора
  • 362
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 528
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста