ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН, ЖАМАННАН ЖИРЕН

 Өз-өзіне қол жұм¬сау, яғни суицид, бүгінгі қоғамның өзекті мәселесіне айналғаны қашан. Тіпті, бұл сөздің үй¬реншікті болып кеткені соншалық, аталмыш құбылыс ешқандай үрей тудырмайтындай көрінеді. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитетінің төрағасы Бағдат Мусиннің мәлімдеуінше біздің ел суицид фактісі тіркелу бойынша әлемде төртінші орында тұр.

Статистикаға үңілсек ер адамдар әйелдерге қарағанда 4 есе жиі өз-өзіне қол жұмсайды екен. 2016 жылы Қазақстанда суицид 5,5 пайызға (3735-тен 3942-ге) артты және өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері 2,1 пайызға (6047-ден 5922-ге) дейін төмендеді. 2017 жылдың бірінші тоқсанында суицид көрінісі 8,7 пайызға (931-ден 850-ге), ал өзі-өзіне қол жұмсау әрекеттері 35,4 пайызға (1563-дан 1010-ға) дейін төмендеген.
Осы күрделі мәселеге байланысты ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында ақпанның 19-ы мен 28-і аралығында жеке және отбасылық шиеленістерді ескерту және өзіне-өзі қол жұмсау көріністерінің алдын алу жөнінде онкүндік шара ұйымдастырылды. Институт басшылығы мен психологының ұйымдастырумен жуырда курсанттармен ережесіз жекпе-жектен əлемнің үш дүркін чемпионы, ерлігін – елге мұра еткен Ардақ Назаровпен кездесу өткізілді. Спикер жас ұрпағымыздың Отанға деген патриоттық рухын көтеру, қазіргі қоғамда тамырын тереңге жайып бара жатқан жастар арасындағы өз–өзіне қол жұмсау оқиғаларын болдырмау төңірегінде сөз сөйледі. Курсанттарға қазақтың батыры Бауыржан Момышұлының ерлігі, сұрапыл соғыс жылдарында өзінің асқан шеберлігімен жаудың бетін қалай тойтарыс жасағаны, соғыс өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті жауынгерлік қасиеті жайында мол мәліметтер айтылды. Ардақ, батыр ағамыздың ерліктері жөнінде жазылған белгілі орыс жазушысы Александр Бектің «Арпалыс» («Волоколам шоссесі») повесіне де тоқтала кетті.

Сонымен қатар Ардақ Назаров ата-бабаларымыз, хандарымыз бен батырларымыздың ерліктерін де ұмыт қалдырмай, төл тарихымыздан да деректер келтірді. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болған Абылайханның бойына сіңген Қазақ даласының даналығын, баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіріп тойтарыс бере алған басшы қасиеттері туралы керемет әңгіме қозғады.
Кездесудің соңында Ардақ бауырымыз өмірлерін әскери қызметке арнаған інілеріне: «Сендер еліміздің болашағысыңдар. Елдің қорғаны әрі тізгінұстар азаматсыңдар. Қазақтың қанынан сіңген текті қасиетін бойларыңа сіңіріп, батырлық рухын сақтап, елімізді биік белестерге бастап, алынбас қамал мен биік шыңдарды бағындыруларың қажет.Тек қана білектің күшіне емес, сонымен қатар білімге де зейін қойғандарың абзал» деп ағалық ақылын айтып, тілегін білдірді.
Курсанттар кездесу соңында бүгінгі күннің батыры Ардақ ағаларымен естелікке суретке түсіп, одан алған керемет әсерлерімен бөлісіп, қуаныштарын жасыра алмады. Барлығы да оның адалдығына, терең ойлы азаматтық тұлғасына тәнті болды. Бір сөзбен айтқанда, Ардақ, ісі мен сөзі сәйкес келетін жан.

Дауренбекова Сандуғаш,
Радиоэлектроника және байланыс әскери-
инженерлік институтының психологы,
подполковник.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста