Жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылған көлік жүргізушісіне 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қолдану дұрыс па?

Елімізде айдың күні аманында жол-көлік оқиғасы салдарынан жол үстінде мыңдаған адам қаза табуда. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі қолданыстағы заңға шұғыл өзгерістер енгізуге кірісіп кетті. Заң жобасына үңілсек, алдағы уақытта рөлге арақ ішіп алып отырған көлік жүргізушісі 800 мың теңгеге дейін айыппұл төлесе, жылдамдық асырып, қарсы бағытқа шығатындар бірден 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылмақ. Ал адам қағып өлтірген көлік жүргізушілері 20 жылға дейін абақтыға жабылуы мүмкін. Өзгеріске орай заң саласының мамандарын сөзге тартып, заң жобасының артық-кем тұстарын салмақтап көрген едік.


Әділ ҚҰРЫҚБАЕВ, Жоғарғы соттың судьясы:
иә
– Жоғарғы соттың судьясы ретінде емес, заң­гер ретінде айтар болсам, бүгінгі қалып­та­сып отырған ахуалды ескере отырып, көлік жүргізушілеріне мұндай қатаң жазалар қарастырған дұрыс. Шыны керек, қазір жол-көлік оқиғалары елімізде өте көбейіп кетті. Оның салдары да қоғамға оңай тимей тұр. Тіпті жол-көлік оқиғасы бірнеше, ондаған адамның өліміне себеп болатын жағдай жиі тіркелуде. Тіпті азаматтық соғыс жүріп жат­қан елдерде мұн­шалықты адам шығыны жоқ. Ал біздің бейбіт күнде осынша адамнан айырылып жат­қанымыз өте ұят. Сондықтан қалыптасып отыр­ған жағдайға орай, біз заңға өзгерістер енгізіп, көлік жүргізушілерін тәртіпке шақыратын қатаң жа­залар ой­лас­ты­руы­мыз керек. Жолдағы жү­ген­сіздікке қарсы күрес жариялауымыз қажет.
Қазір рөлде келе жатып адам қағып кеткен көлік жүргізушісінің әрекеті орта дәрежедегі қылмыс санатына жатады.   
Сондықтан оларға ауыр жазалар таға­йын­далмайды. Орта дәрежедегі қылмыс санатына жатқандықтан, оларға жеңіл жаза­лар тағайындалады. Сөйтіп, олар жауапкершіліктен сытылып кетеді. Сон­дықтан біздің көлік жүргізушілеріне қатыс­ты қатаң шаралар қабылдайтын кезіміз жетті. Қазір елімізде көлік саны күннен-күнге көбейіп келеді. Бұрынғыдай емес, көлік адамның байлық дәрежесін көрсе­тетін құралдан гөрі күнделікті қажетті қа­тынас құралына айналды. Әйтсе де көлік жүргізушілерінің мәдениеті өте төменгі деңгейде қалып қойды. Кәмелеттік жасқа толған күні рульге отыратын болды. Содан кейін көлікті қалай болса солай айдайды да, біреудің өліміне себепші болады. Жап-жас балалар бір көлікке тиеліп алып, жол апатына ұшырап, тобымен өліп кетіп жа­тыр. Немесе қалай болса солай айдағаннан кейін біреуді қағып өлтіріп, жазадан сыты­лып кетуде. Ендігі жерде жазаның күшей­тілуі сондайларды тезге салып қана қой­май, жазадан құтылып кетуін де шектейді деп ойлаймын. Тек адам қағып өлтіргендер ғана емес, рульге мас күйінде отырғандар да қатаң жазаға лайық. Мәселен, оларға салынатын айыппұл көлемінің 800 мың теңгеге дейін өсуін қолдар едім. Дәл қазіргі таңда көлік жүргізушілеріне өте көп нәрсе байланысты. Мәселен, жол-көлік оқи­ға­сының 90 пайызының орын алуына көлік жүргізушілері себепкер болатын көрінеді. Демек, дәл қазіргі таңда көлік жүргізу­шілеріне қатысты жазаны күшейтуіміз орын­ды.  Қарап отырсақ, жол-көлік оқи­ға­­сы ке­зінде адам қағып өлтірсе де, көбі­несе өзара келісімге келіп, көлік жүргізушісі айыбын өтеп, құтылып кетіп жатады. Де­мек, біз көлік жүргізушілерін еркінсітіп алдық. Олар «көп болса айыбымды өтер­мін» деп қалай болса солай жүреді. Егер дәл қазір біз қатаң шаралар қарас­тыр­масақ, бейбіт күнде адамдарымыз қырыла береді. Америкада әйелі көлігін артқа жыл­жытып жатып күйеуін қағып кетіп, өлтіріп алған. Соның өзі түрмеде бірнеше жыл отырып шыққан. Ал бізде болса өзінің күйеуі ғой деп, жүгіріп жүріп туыс­тары алып қалар еді. Көлік жүргізушілері рульге отырмай тұрып, қалай болса солай айдаудың салдары қалай болатынын ойланатындай дәрежеде жазаны көтеру жүргізушілерімізді тәртіпке түсіреді деп ойлаймын. Сондықтан мен заңға ен­гізіл­гелі отырған өзгерісті қолдар едім.


Ербол ҚҰТПАНБАЕВ, Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық №2 сот төрағасы:
жоқ
– Менің ойымша, адам қағып, мерт қыл­ған көлік жүргізушісін 20 жылға дейін бас бос­тандығынан айыру салыстырмалы түрде алып қарасақ, тым қатал жаза. Әрине, қазір елімізде жол-көлік оқиғасы салдарынан қай­тыс бола­тын­дардың саны артып тұр, жол­да­ры­мыз да қанды жолдарға айналды. Осыған орай қан­дай да бір шаралар қабылдау қажет­тігі де ай­тылуда. Көлік жүргізушісі өрескел түрде заң­ның талаптарын бұзып, жол-көлік оқиғасын тудырып, адам өліміне себеп болып жатса, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Бірақ ол 20 жыл көлемінде бас бос­тан­ды­ғынан айы­ру түрінде болмағаны дұрыс. Өйт­кені еш­қан­дай көлік жүргізушісі қасақана жол-көлік оқиғасын тудырмасы белгілі, де­мек, ол абай­сыз­да жасалған қылмысқа жа­та­ды. Егер бүгінгі күнгі заңнама бойынша қылмыскер қасақана адам өлтірсе, алты жылдан 12 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айырылады.
Яғни қасақана кісі өлтіру 96-баптың бірінші бөлімімен айыпталады. Осы жағдаймен салыстырғанда абайсызда адам қағып өлтірген көлік жүргізушісіне тағайындалып отырған жаза ауырлау секілді. Сондықтан жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылған көлік жүргізушісін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қолдану дұрыс емес деп ойлаймын.
Мен, мәселен, көлікке мас күйінде отырған жүргізушілерді барынша қатаң жазалауды қолдар едім. Ал көлік жүр­гізушісі әртүрлі жағдайда абайсызда адам өлтіріп алуы мүмкін. Мәселен, рульде келе жатып қалғып кетуі немесе тежегіші істемей қалуы мүмкін. Осыдан келіп адам өлімі тіркелуі ықтимал. Ал сол үшін 20 жыл түрмеге қамап қою заң шеңберіне де сыймайтын секілді. Осы тұрғыдан алғанда бұл жаза маған тым қатал көрінеді. Әри­не, елімізде жол-көлік оқиғаларының күрт көбейіп кетуіне орай, бұл салада біршама қатаң жазалар енгізіп, тәртіпті күшейткен дұрыс шығар. Бірақ ол талапқа сай, заң шеңберінде жасалуы керек деп санаймын. Жалпы, өз басым көлік жүргізушілердің адам қағып мерт қылуын абайсызда жасалған қылмыстар санатына қосар едім.
Осы орайда айта кетер жайт, жол-көлік оқиғасының көбеюіне орай біршама қатаң шаралар жасалғаны, заңға өзгерістер енгізген дұрыс шығар. Бірақ ол басқа қылмыстарға тағайындалып отырған жаза түрлерін ескере отырып, мұқият түрде жасалуы керек. Мәселен, бүгінде ауыр қылмыстар санатына жататын терроризмге қатысы бар қылмыскерлер мұншалықты көп жылға кесілмейді. Егер біз абайсызда адам өлтіріп алған көлік жүргізушілерін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындар болсақ, бұдан басқа ауыр қылмыс түрлеріне де жазаны қатай­туды ойластыруымыз керек. Бұл тұрғыда менің ойым осындай.
                                      Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Кенжебек ӘБІЛОВ, заңгер:
– Бұл жерде бар мәселе елімізде жол-көлік оқиғасының көбеюінен туындап отыр. Бірақ жол-көлік оқиғасының барлығы көлік жүргізушілерінің кесірінен туындап отыр ма? Осыны да ойлауымыз керек. Мәселен, еліміздегі жолдар жоғары талапқа сай емес. Үлкен трассалар арнайы кедергілермен бөлінбеген. Байқамай қалғып кеткен көлік жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетсе, жол-көлік оқиғасына себеп бола салады. Демек, көлік жүргізушілеріне талап қоймай тұрып, біз жолдарды солардың талабына сай қылуымыз керек. Сондай-ақ кім көрінгенге көлік жүргізу құқығын бермеуді де ойластыруымыз керек. Мәселен, шетелде қарттарды көліктің руліне көп отырғыза бермейді. Ал бізде 18-ге кеше толған жастан бастап, аяқастынан жүрегі ұстап қалуы мүмкін кәрі-құртаң да рульге отыра береді. Заңды қатайтумен қатар, біз жол-көлік оқиғасына себеп болатын осындай себеп-салдарлармен де күресуіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста