Түзету мекемелерінде өндіріс орындарын ашқан кәсіпкерлерді салықтан босату керек пе?

Түзету мекемелерінде өндіріс орындарын ашқан кәсіпкерлерді салықтан босату керек пе?

Алдағы уақытта кәсіпкерлер түрмеде өндіріс орындарын ашып, кәсіптерін жандандыра алады. Бұл жайында еліміздің  Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді. Егер жоспар жүзеге асса, еңбекке қабілетті барлық жазасын өтеушілерге жұмыс табылып, түрмедегі түрлі қылмыстың ауқымы азаймақ. «Тіпті түзету мекемелерінде өндіріс орындарын ашқан кәсіпкерлерді салықтан да босатқан жөн» дейді министр.
Түзету мекемелерін осындай тәсілмен реформалағысы келетін министрліктің мәліметінше, бұл үрдіс оң нәтиже беруі керек. Салықтан босатылғанын білген кәсіпкер бірден түзету мекемелерінде кәсіпорын ашуға қызығушылық танытады. «Оларға мемлекеттік қолдау гранттарын беру де қарастырылуы тиіс. Бұл кәсіпкердің талпынысын күшейтеді» дейді Қалмұханбет Қасымов. Министр осылай деп мәлімдеп жатқан тұста біз де арнайы мамандарға «түзету мекемелерінде  өндіріс орындарын ашқан кәсіпкерлерді салықтан босату керек пе»  деген сауалды  тастап көрдік. Пікірлей төмендегідей түзілді.


Иә
Өмірәлі ҚОПАБАЕВ, заң ғылымының докторы, профессор:
– Бұл қолдауға тұратын дүние. Өткен жылғы мәліметтерге сүйенсек, 2012-2013 жылдары еліміздің түзету мекемелерінде үш зауыт пайдалануға беріліп, 14 мың 446 жұмыс орны қамтылыпты. Бұл өте жақсы көрсеткіш емес пе? Өзіңіз ойлаңызшы, жазатайым жаза басып, түрмеде отырған адамдардың басым бөлігі еңбекке қабілетті. Осыны ескерсек, олар бұл мүмкіндіктен шектелмеуі керек қой. Сондықтан түзету мекемелерінде өндіріс орындарын, цехтарды, фабрикаларды ашу қажет. Ол үшін кәсіпкерлерді салықтан босатқан да дұрыс. Егер кәсіпкерлер салықтан босатылатынын білсе, бұл іске асқан қызығушылықпен кіріседі. Білетін шығарсыз, кезінде Кеңестік дәуірде түзету мекемелерінің шығарған өнімдері бәсекеге қабілетті болды. Ол кездері түзету мекемелерінде жұмысшыларға арнап арнайы тігілетін киімдер тіпті Ресей, Украина елінің зауыт-фабрикаларына дейін барды.
Жалпы, түзету мекемесі деген атына затына сай шын мәнінде түзеу мекемесі болуы керек қой. Түрмеде отырған адам таңертеңнен кешке дейін бел жазбай жұмыс істесе, жазаның, ауыртпалықтың не екенін түсінер еді. Оның үстіне еңбек дағдысын жоғалтпаған адам ертең бостандыққа шыққанда, қоғамға тез кірігеді. Ал жұмыстан қол үзіп кеткен адам керісінше бейнетке басын сұқпайды, бостандыққа шыққанда да жұмыс істегісі келмейді  Осыны ескеріп, түрмеде отырғандар үшін өндіріс орындарын ашуды, сол өндіріс орындарын ашқан кәсіпкерді салықтан босатуды қолға алу керек деп ойлаймын. Қазір біз үшін  күн тәртібіндегі мәселе – колония мен тергеу изоляторларында әлемдік стандартқа сай өндіріс орындарын ашу. Сондықтан осы жаңа үлгі бойынша кәсіпкерлерге мүмкіндік беру керек. Олар өз істерін ашып, сол салада да өндірісті жандандыруға ниет білдірсе кәсіпкерді салықтан босату қажет. Түрмеге түскен адамдарды адал жолға салуда, олардың қалыпты өмірге қайта оралуларына, лайықты өмір сүрулеріне көмектесуде қылмыскерлерді қоғамнан бөлектеумен ғана  шектелуге болмайды. Сондықтан оларды да жұмыспен қамтып, бұған ел кәсіпкерлерін жұмылдырған жөн.


Жоқ
Тоғжан ШАЯХМЕТОВА, экономист-сарапшы:
– Мен бұл бастаманы қолдамаймын. Бұл ақылға сыйымсыз дүние. Өзіңіз ойлаңызшы, қазір еліміздегі 73 түрмеде 60 мыңнан астам қылмыскер жазасын өтеуде. Оларды біз мемлекет қазынасына түскен түсім – халықтың  салығымен асырап отырмыз. Енді келіп оларды асырауға отандық кәсіпкерлерді жұмылдырмақпыз. Түзету мекемелерін қойып бір ғана тергеу изоляторында отырған әрбір адамды ұстауға айына 950 мың теңге кетеді екен. Қазіргі жағдаймен абақтыдағылардың 50 пайызы ғана жұмыспен қамтылып отыр. Дегенмен сол түзету мекемесінде жұмыс істеп отырған сотталушылар мемлекетке жарытып салық та төлеп отырған жоқ. Мәселен, қандайда бір кәсіпкер түрмеде өндіріс орынын ашуға талпынды делік, оған біз дайын да емеспіз Өйткені бүгінгі абақтылардың жағдайы бизнес жүргізуге қолайсыз. Біз осыны зерттемей жатып қалайша түрмеге апарып кәсіпкердің бизнесін енгіземіз. Шетелдік бір реформаларды көріп алып, орынды-орынсыз оны тықпалаудың еш қажеті жоқ. Егер біз қылмыскерлер арқылы мемелкетке пайда келтіргіміз келсе мынадай жайттарға назар аударғанымыз жөн: мысалы, көпшілік елдерде жазаға тартылғандардың тек 10-15 пайызы ғана бас бостандықтарынан айырылады. Сол елдер қылмыс жасағандарға негізінен, мүліктік жазаны қолданады. Тіпті адамды қасақана емес, абайсызда өлтіріп алған қылмыскердің өзі мүліктік жазаға тартылады. Яғни қайтыс болған адамның туған-туыстарына сот бекіткен айыппұлды төлейді. Мұның барлығын қолданбай-ақ қоялық, тек қана  сыбайлас жемқорлық фактісімен қылмыс жасағандарды мүліктік жазаға тартып, олардың жиған-терген байлығын түгелдей тәркілеп, оны мемлекетке қайтарып алсақ, үлкен пайда болар еді. Ондайлар үшін аса қатаң жазаның түрі осы жаза екендігіне күмәнім жоқ. Әйтпесе, олар бірнеше жылға ғана қамауда отырып, қайтып келіп, еш мұқтажсыз өмір сүре береді.
Жалпы, өз басым отандық бизнесті түрмеге апару қажет дегенге қарсымын. Ол жерде бизнестің бәсекелестігі артпайды. Арзан жұмыс қолы бар екен деп, түзету мекемелерінде кәсіпорындар ашып, ол кәсіпорын иелерін салықтан босату нәтижесіз. Себебі біз өркениетті елдердегідей ол жерлерде бизнеске қолайлы жағдай тудыра алып отырған жоқпыз. Бұл арқылы онсызда кетеуі кетіп тұрған шағын және орта бизнес саласын өркендетпейміз, керісінше, тоқыратып аламыз. Сондықтан бұл бастаманы әзірге тәжірибеге енгізу тиімсіз.

Бейтарап пікір:
Марал Тортенова, саясаттану ғылымының кандидаты:
-  Қазір өзі қай сала болсын жаңашылдыққа бейім ғой. Кез келген салаға бір өзгеріс енгізгісі келсе министрлер ұсыныс тастап, қазынадан қаржы сұраса болды. Ал ол бастаманың ар жағын зерттеп, тереңдеп жатқан құзыретті орындар аз. Сол тәрізді біз осыдан 5-6 жыл бұрын түзету мекемелеріне имамдарды кіргіздік. Сол мекемелерге мешіттер салдыра бастадық. Ақыр соңында абақтыда отырғандардың иманын күшейтеміз деп, сотталғандар дәстүрлі дін мен басқа ағымдарды шатастырып, саналарында түрлі ойлар шиеленісіп кетті. Одан кейін абақтыда тігін цехтарын аша бастадық, балық консерві зауыттары ашылды. Бірақ содан түскен түсім ашық көрсетіліп жүрген жоқ. Енді кәсіпкерлерді салықтан босатып кәсіпорын ашқымыз келеді. Қорыта айтқанда қандай бастаманы болсын зерттеп алу жағы бізде жеткіліксіз. «Жүрдім-бардым» ойлай салып, реформаны енгізе салуға бейімбіз. Ал оның қателігін әбден заң қабылданып, шешімі шығып жатқанда бірақ білеміз. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дейді ғой. Сол тәрізді әр нәрсені зерттеп, зерделеп алу маңызды екенін бізге естен шығармау керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста